Біз кімбіз және қандай жұмыс атқарамыз
БҰҰДБ-ның бірінші араласуынан 20 жыл өткеннен кейін өңірде үміт пайда бола бастадыБіз 170 ел мен аумақта кедейлікке, теңсіздікке және климаттың өзгеруіне байланысты әділетсіздікті жою жолында күрес жүргіземіз. Сарапшыларымыз бен серіктестеріміздің кең желісімен күш біріктіре отырып, біз мемлекеттерге адамдар мен ғаламшардың мүддесіне орай кешенді әрі ұзақ мерзімді шешімдер әзірлеуге көмектесеміз.
Қазақстанда жүргізіп жатқан жұмысымыздың мақсаты - экономиканы әртараптандыру, институттарды жаңғырту, теңсіздікті азайту және табиғи ресурстарды тұрақты басқару есебінен елдің өсу траекториясын қолдау.
Жобаларымыз туралы толықтай ақпаратты мына сілтеме бойынша тексеруге болады.
ТДМ-на қол жеткізуді қалай жылдамдатуға болады?
ТДМ міндеттерінің шамамен 80 пайызы Қазақстанды дамытудың ұлттық стратегиялық құжаттарында көрсетілген. 2019 жылы ТДМ-ды ұлттандыруды ілгерілету және олардың іске асырылуын жылдамдату мақсатында көптеген мүдделі тараптардың қатысуымен жаңа ТДМ платформасын іске қостық. ТДМ платформасы Қазақстан Республикасында 2030 жылға дейінгі Күн тәртібін іске асыруға қолдау көрсететін диалогқа жәрдемдесе отырып, мемлекеттік және жекеше, ұлттық және жергілікті деңгейлерде мүдделі тараптарды біріктіреді.
Қазақстан Республикасының Ерікті Ұлттық шолуын сілтеме бойынша қарай аласыздар.
Көзделген мақсат: гендерлік теңдік
Гендерлік теңдікті шындыққа айналдыру - БҰҰДБ-ның негізгі міндеттерінің бірі. Біз гендерлік теңдік принциптерін өз жұмысымыздың барлық салаларына енгізудеміз. Бағдарламалау, серіктестік, қоғаммен байланыс және насихаттау, басқару жүйелері, ішкі орта және қызметкерлердің мүмкіндіктері саласындағы бірқатар нақты стандарттар орындалғаннан кейін 2020 жылдың маусым айында бізге «Гендерлік теңдік» Күміс Белгісі беріліп, сертификат табысталды.
Қазақстанда біз гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту жөніндегі міндеттемелерді орындау ісінде елге қолдау көрсетуді жалғастырудамыз. Біз әйелдерге шешім қабылдауға қатысу, еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілікті арттыру және гендерлік зорлық-зомбылықпен бірлесіп күресу үшін зор мүмкіндіктер ашатын шараларды ілгерілетумен айналысамыз.
Әрекет етіңіз
Бізге қосылыңыз
Бізге қосылыңыз
Қазақстандағы БҰҰДБ - да жұмыс істегіңіз келе ме?
Елдегі бос жұмыс орындарын тексер
Байланыста болыңыз
Біріктіріңіз!
Әлеуметтік желілердегі диалогқа қосылыңыз және маңызды мәселелер туралы көбірек біліңіз.