Тұрақты даму мақсаттары қандай?
Тұрақты даму саласындағы мақсаттар (ТДМ), сондай-ақ жаһандық мақсаттар ретінде белгілі мақсаттар, кедейшілікті жою, ғаламшарды қорғау және барлық адамдар үшін бейбітшілік пен өркендеуді қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимылдарға жан-жақты үндеу болып келеді.
Осы 17 мақсат Мыңжылдық декларациясында тұжырымдалған даму саласындағы мақсаттар бойынша қол жеткізілген табыстарға негізделген және климаттың өзгеруі, экономикалық теңсіздік, инновациялар, тұрақты тұтыну, бейбітшілік және әділдік сияқты жаңа салаларды қамтиды. Мақсаттар өзара байланысты - көп жағдайда олардың біреуінің табысқа жетуінің кілті басқа мақсаттармен тоғысатын проблемалардың шешілуінде жатады.
Қазіргі уақытта дұрыс таңдау жасау үшін, келешек ұрпақтар үшін өмірді тұрақты түрде жақсарту үшін ТДМ әріптестік және прагматизм тұрғысынан ықпал етеді. Олар барлық елдермен дербес басымдықтарына және бүкіл әлемнің экологиялық проблемаларына сәйкес қабылдануы тиіс нақты басшылыққа алынатын принциптер мен мақсаттарды қамтамасыз етеді. ТДМ тұтастай қамтитын күн тәртібі болып табылады. Олар кедейліктің түпкілікті себептерін жояды және адамдар үшін, сондай-ақ ғаламшар үшін оң өзгерістер енгізу үшін бізді жұмылдыра түседі. «2030 жылға дейінгі Күн тәртібіне қолдау білдіру БҰҰДБ үшін бірінші кезектегі мәселе болып табылады», - деді БҰҰДБ әкімшісі Хелен Кларк. «ТДМ кедейшілік, климаттың өзгеруі және шиеленістер секілді әлемнің алдында тұрған кейбір өзекті мәселелерді шешу үшін бізге ортақ жоспар мен күн тәртібін ұсынады. Елдердің ілгерілей дамуы және оларға қолдау көрсету үшін БҰҰДБ-ның тәжірибесі мен білімі жеткілікті».
БҰҰДБ рөлі қандай?
ТДМ 2016 жылдың қаңтар айында күшіне енді және олар келесі 15 жыл ішінде БҰҰДБ саясаты мен қаржыландырылуына бағыт-бағдар беріп отырады. Даму жөніндегі БҰҰ-ның жетекші агенттігі бола отырып, 170 ел мен аумақтағы жұмысымыздың арқасында БҰҰДБ Мақсаттарды іске асыруға көмек көрсету тұрғысынан бірегей мүмкіндіктерге ие.
Біздің стратегиялық жоспарымыз негізгі салаларға шоғырланған, оның ішінде кедейлікке қарсы күрес, демократиялық басқару мен бейбітшілік құру, климаттың өзгеруі мен дүлей апаттар тәуекелі, сондай-ақ экономикалық теңсіздік мәселелерін қамтиды. БҰҰДБ елдердің үкіметтеріне олардың ұлттық жоспарлары мен даму саясаттарына ТДМ-ды интеграциялауға жәрдемдеседі. Бұл жұмыс қазірдің өзінде жүргізілуде, себебі біз көптеген елдерге Мыңжылдықтың даму мақсаттары шеңберінде қол жеткізілген прогресті одан әрі арттыруда қолдау көрсетеміз.
Бірнеше мақсатпен жұмыс істеу барысында жинақталған көпжылдық тәжірибеміз құнды ілім мен тексерілген саяси тәжірибе беріп, бізге 2030 жылға таяу ТДМ-да қойылған мақсаттарға қол жеткізуімізге мүмкіндік береді. Бірақ мұндай үлкен істі жалғыз өзіміз атқара алмаймыз.
Келешек ұрпақтар үшін үздік планетаны мирас етіп қалдыратынымызға сенімді болу үшін, ТДМ-ға қол жеткізу үкіметтердің, жекеше сектордың, азаматтық қоғам мен азаматтардың әріптестігін талап етеді.
Қазақстандағы ТДМ жобаларын жүзеге асыруды қолдау
Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) Тұрақты даму мақсаттары қабылданған 2015-жылдан бастап, Қазақстанға қолдау көрсетіп келеді.
БҰҰДБ сарапшыларының ғаламдық желісін пайдаланы отырып, өз мандатына сай Қазақстанда MAPS талдауын жасау жұмысын қаржыландырды, оның аясында елде Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) іске асырудың алғашқы басымдылықтары анықталды. Оның сыртында негізгі мемлекеттік субъектлер арасында ТДМ туралы мағмұлатты арттыру мақсатында БҰҰДБ ұлттық мекелемелермен серіктестік орнатты. Даму жөніндегі серіктестермен және БҰҰ агенттіктерімен бірлесе отырып, ұлттық үйлестіру архитектурасын құру жөніндегі нұсқаулық ұсынылды. 2019-жылы БҰҰДБ Азиялық Даму Банкімен (АДБ) бірлесіп, ТДМ ұлттық деңгейде енгізу және оның жүзеге асуын жеделдетуге қолдау көрсету үшін мүдделі жақтарды қатыстыра отырып, ТДМ платформасын құру жөнінде бастама көтерді. ТДМ платформасы Қазақстанда 2030 жылға дейінгі кезеңдегі Күн тәртібін («2030 Күн тәртібі») жүзеге асыру барысында мемлекеттік, жеке, ұлттық және жергілікті деңгейдегі барлық мүддерлі тараптарды біріктіреді.
БҰҰДБ «2030 Күн тәртібін» іске асыру жолында Қазақстан Республикасына төмендегі бағыттар бойынша қолдау көрсетуде:
- ТДМ іске асыру, оған мониторинг жасау және бағалау үшін ұлттық үйлестіру механизмін нығайту;
- Қазақстанда ТДМ ұлттық және жергілікті деңгейде енгізу процесіне техникалық қолдау көрсету;
- Ұлттық статистикалық потенциалды арттыруды қолдау;
- ҚР Ұлттық экономика министрлігі мен ҚР Қаржы министрлігін қатыстырып, Орталық Азия елдері арасындағы озық тәжірибемен алмаса отырып, қаржыландыру жөнінде диалог қалыптастыру;
- Бизнес қоғамдастықты «2030 Күн тәртібін» іске асыруға тарту.