Mission 1.5: климаттың өзгеруіне байланысты ойын технологиясы

2020 ж. 13 February

© 2019 Playmob Ltd.

БҰҰДБ біз адамдар ретінде бетпе-бет кездесіп отырған ең маңызды сұраққа жауап береді, және біз бұл тарихтағы климат өзгерісі бойынша ең ірі зерттеу болады деп үміттенеміз.

Ғылым климаттық апаттың алдын алу үшін бізде 10 жылдан сәл астам уақыт бар екенін көрсетеді және әлем азаматтары іс-қимылдар жасалғанын қалайды.

13 ақпанда бастау алған Mission 1.5 азаматтарға өз үкіметімен болашақта көргісі келетін өзгерістер туралы байланыс жасауға тікелей мүмкіндік береді.

Науқан адамдарды климаттық саясатқа үйрететін мобильді ойынға негізделеді және оларға қабылданғанын қалайтын шешімдерге дауыс беруге арналған платформаны ұсынады. Содан кейін дауыстар жиналып, мемлекеттік қайраткерлер мен климаттық саясатты әзірлейтін органдарға берілгенге дейін, Оксфорд университетінің зерттеушілері оларды талдайды.

Тәуекелді әрекеттер қажет

Ақпарат мемлекеттік басқару органдарына климаттық дағдарысты еңсеру үшін қажетті тәуекелді іс-әрекеттерді қабылдауда сенімділік алуға көмектеседі.

«Осы науқанның арқасында, барлық жеке және мемлекеттік секторлардағы серіктестерімізбен бірге, біздің миллиондаған адамдарды климаттық дағдарыс жөніндегі шешімдерді инновациялық екі жақты талқылауда өз билік органдарымен байланыстыруға және ағымдағы жылдың соңында Глазгода өтетін климат өзгерісі туралы БҰҰ Шекті конвенциясы тараптарының Конференциясының 26-сессиясы қарсаңында ұмтылысты арттыруға мүмкіндігіміз бар», – деді БҰҰДБ Әкімшісі Ахим Штайнер.

Климаттық импульстер жарылуда. Бүкіл әлемде адамдар көшелерге шығып, ереуілдеп жүр. Олардың төбе басында – жоғалтары бар жастар, олар нақты шаралардың қабылдануын талап етіп жатыр. Мұндай іс-әрекеттерге тартылмаған немесе дауыс құқығым жоқ деп ойлайтын әлі де миллиондаған адамдар бар.

Жаңа аудиторияларды қамту

Mission 1.5 мобильді ойын қосымшаларының технологиясын толықтай жаңа түрінде пайдаланады. Қарапайым вебсайт орнына, ойын әлемдегі ең танымал бейне ойындар ішінде жарнама арқылы беріледі.

Ойын индустриясы – киноиндустрия мен музыкалық индустрияны бірге алғандағыға қарағанда, үлкенірек, ал Mission 1.5 климатты талқылауға дәстүрлі түрде қатыспаған адамдарды қамти алады.

Ойын жинайтын деректер саясаткерлерге жердің түкпір-түкпіріндегі азаматтардың өз болашағын қалай көретінін жақсы түсінуге көмектеседі.

«Бүгінде климаттың өзгеруіне қатысты Нигерия сияқты елдер жасаған таңдау болашақ ұрпаққа тереңінен әсер етеді», – дейді БҰҰДБ адвокаты және нигериялық Афробит жанрының жұлдызы Йеми Аладе. «Алдымызда көптеген мәселелер тұр: гендерлік теңсіздік, экожүйелердің бұзылуы, жабайы жануарлар санының қысқаруы – және олардың барлығы климаттың өзгеруімен байланысты. Барлығымыз үшін дауыстарымыз естілуі тиіс сыни сәт келді және Mission 1.5 осындай мүмкіндікті береді».

Бірегей келешек

БҰҰ отбасы 2030 жылғы Тұрақты даму саласындағы мақсаттарды іске асыруға соңғы түрткі – Іс-қимылдар онжылдығына кіріп, әр елге 2015 жылғы Париж келісімінде баяндалған өз міндеттемелерін орындауға көмектескен кезде, Mission 1.5 бірегей және жарқын келешек сыйлайды. Mission 1.5, сондай-ақ, 100 елге осы жылы климаттың өзгеруіне қарсы күрес жөніндегі ұлттық климаттық бағдарламадағы іс-қимылдарын арттыруға қолдау көрсетудегі климат келешегі бойынша БҰҰДБ міндеттемесінің негізгі элементі болып табылады.

Осы жыл – климатқа қатысты іс-әрекеттер үшін өте маңызды жыл. БҰҰДБ бұл науқан көп адамдарға климаттық дағдарыстың мәнін түсінуге көмектесіп қана қоймай, саяси қайраткерлерді нақты әрекеттерге итермелейді деп үміттенеді. Жаһандық жылыну курсын өзгертуге әлі де уақыт бар, бірақ мұны біз дәл қазір істеуіміз керек.

 Mission1point5.org сайтына өтіңіз. Бүгін климат үшін өз дауысыңызды қалдырыңыз.