БҰҰДБ арқасында Қазақстандағы жас қыздар үшін цифрлық және АКТ дағдылары қолжетімді бола түсті

2022 ж. 21 April

Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ

Бүгінгі таңда әлемде әйелдер мен қыздардың тек 30 пайызы STEM саласымен байланысты оқу салаларын таңдайды және тек үш пайызы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) саласына басымдық береді. Қолданыстағы гендерлік стереотиптер мен қоғамдағы қалыптасқан наным-сенімдер қыздардың ғылыми және техникалық салаларға деген қызығушылығын тежейді. БҰҰДБ қызметі STEM және цифрлық кәсіптердегі әйелдер санын көбейтуге бағытталған, бұл қыздар мен әйелдердің елдің экономикалық өміріне белсенді қатысуына ықпал етеді. 

Солай, 2021 жылғы желтоқсанда Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы Акселераторының Зертханасы Сәтбаев және Жезқазған қалаларынан келген 100 қызға цифрлық және көшбасшылық дағдыларды дамыту жөнінде екі апталық тренинг ұйымдастырды.

Қыздар бағдарламалау, веб-сайттар құру және әлеуметтік желілердің маркетингі бойынша білім алды. Вебинарлардың бір бөлігі қатысушылардың коммуникациялық және көшбасшылық дағдыларын дамытуға арналды. Тренерлер ретінде STEM-білім берудегі қазақстандық жетекші сарапшылар болды.   

Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ. Қазақстандағы БҰҰДБ-ның акселератор зертханасы Сәтбаев және Жезқазған қалаларынан келген 100 қызға цифрлық технологиялар мен көшбасшылық бойынша екі апталық тренинг ұйымдастырды

Екі апталық тренингтің қорытындысы бойынша қатысушылар өздерінің цифрлық жобаларын іске қосты, олардың ауқымы үйсіз жануарларға көмек көрсетуден бастап тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күреске, мұқтаж балаларға көмек көрсетуге және университеттер мен кәсіптерді таңдау үшін ақпараттық сайттар құруға дейін болды. 

Көшбасшылар қатарына екі идея кірді. Олардың бірі қаланың экологиясын жақсартуға және абаттандыруға, ал екіншісі – интернет кеңістікте қазақ тілін дамытуға бағытталған. Соңғысы конкурстың жеңімпазы атанды. Оның авторы Дильназ Ысқақова осындай жобаны іске қосуды көптен армандаған. Тренинг серпін берді, идеяны шындыққа айналдыру үшін білім мен дағдыларды берді.

Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ. Жоба жеңімпазы Дильназ Ысқақова мұндай жобаны қолға алуды көптен армандаған. Тренинг оған серпін берді, идеяны жүзеге асыру үшін оны білім мен дағдылармен қаруландырды

Қыздың пікірінше, интернетте қазақ тілді аудитория үшін сапалы контент жеткіліксіз.

- «Біз барлығымыз тілді дамыту керек деп айтамыз, бірақ салынатын күш-жігер аз», - деп Дильназ өз ойларымен бөлісті. – «Әрине, бүгінде көптеген сайттарды табуға болады, кітаптар, фильмдер мен сериалдар аударылып, интернет-қауымдастықтар дамуда. Бірақ бұл жеткіліксіз ғой, өйткені қазақтілді аудитория көбейіп, контентке сұраныс та артып келеді».

Оқу аяқталғаннан кейін Дильназ екі күн ішінде өзінің жеке сайтын құрып, өзінің контентін жылжыту үшін Instagram-да парақ ашты. Ол қазақ тілінің медиакеңістікте дамуына тарих пен философиялық ілімдерді қоса алғанда, танымдық тақырыптардың көмегімен ықпал етуге ниетті.

«Курс барысында мен SMM, маркетинг саласында білім алдым және жоба менеджері мамандығының ерекшеліктерін түсіндім. Бұл маған болашақта жобамды алға жылжытуға көмектеседі. Егер курсты 10 балдық шкала бойынша бағалайтын болсам, онда мен оған барлық 10 балды қоямын», - дейді Дильназ. 

Ол үшін және басқа қыздар үшін де тренинг жаңа білім алуға ғана емес, сонымен қатар жаңа достарды,  пікірлес әйелдерді табуға да көмектесті. Қыздар сондай-ақ жеке өсуге мүмкіндік алды, көпшілік алдында сөйлеуді үйренді.

Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ. Тренинг Дильназға және басқа қыздарға жаңа білім алуға ғана емес, сонымен қатар жаңа достар мен пікірлестерді табуға көмектесті

«Тренингтің арқасында фриланс нарығында мүмкіндіктер көкжиегі ашылды. Біз өз идеяларымызды жүзеге асыру дағдыларын алдық - жоспар құрдық, мақсатты аудитория  контентті дамытуға көмектесетін құралдарды анықтадық. Оның үстіне, курсты өту барысында мен грант алу мүмкіндігі туралы білдім. Осылайша, мен өз жобамды дамыту үшін қосымша ресурстарға ие болдым», - дейді Дильназ. 

«Болашақта өзімнің интернет-платформаларымда оқытушылармен, профессорлармен және зерттеушілермен олар білімдерімен бөлісуі үшін, ал адамдар бұдан пайда алуы үшін кездесулер өткізгім келеді. Тренингте алған дағдыларым маған жобаны қолдап жүру үшін ақша табуға көмектеседі», - деп қосты ол.

Дильназдың пікірінше, мұндай курстар АКТ саласындағы гендерлік алшақтықты азайтуға көмектеседі. Бүгінгі таңда қыздар нақты ғылымдарда жоғары білімді көрсетеді, бірақ мектеп қабырғасынан бастап білінетін өз-өзіне күмәндану АКТ саласында іске асыру жолындағы тағы бір тосқауыл болып отыр. «Көптеген қыздар АКТ-мен байланысты мамандықтар олар үшін қолжетімді емес деп санайды. Мұндай курстар цифрландырудағы гендерлік алшақтықты қысқартуға ықпал етеді, қыздарға цифрлық дағдыларды игеруге және осы салаларда биіктерге жетуге мүмкіндік береді», - деп есептейді Дильназ.