Междуреченск өндірістік питомнигі, Оңтүстік-Шығыс Қазақстан. Фото: Айнұр Сәлімбаева

 

Ағаштар жердегі тіршілік үшін өте маңызды.  Олар күн сайын адамдар мен планетаға пайда әкеледі: ағаштар көмірқышқыл газын сіңіру арқылы климаттың өзгеру процестеріне қарсы тұруға көмектеседі; қалаларымыз бен топырақты салқындату арқылы  көлеңке береді; топырақ эрозиясы мен шөлейттенудің алдын ала отырып, желден қорғайды. Ағаштар құстардың, жәндіктер мен жануарлардың көптеген түрлерінің мекендейтін жері болып табылады.

Бүгінде Алматы маңындағы «Междуреченск» өндірістік питомнигінің аумағында ағаштар мен бұталардың құнды түрлерінің 600 000-ға жуық көшеттері өсірілуде: қара сексеуіл, Сиверс алма ағашы, жабайы өрік, тораңғы.

БҰҰДБ мен Қазақстан Үкіметінің бірлескен бастамасы болып табылатын жоба табиғи экожүйелер мен жабайы табиғаттың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін Қазақстандағы ормандарды қалпына келтіруге бағытталған. Ол Біріккен Ұлттар Ұйымының экожүйелерді қалпына келтіру онжылдығының шеңберіне сәйкес келеді (2021-2030 ж.ж.), оның мақсаты бүкіл әлемдегі адамдар мен жабайы табиғат үшін миллиондаған гектар ормандарды қорғау және қалпына келтіру болып табылады. Қазақстан басқа елдермен қатар бұл бастаманы қолдады, үкімет 2021-2025 жылдар аралығында екі миллиард ағаш отырғызу ниетін мәлімдеді.

Питомникте қатараралықтарының арам шөбін жұлу

 

БҰҰДБ-мен бірлескен жоба өндірістік питомникке мемлекеттік қаржыландыру алуға мүмкіндік берді. 2021 жылы учаскені дамытуға республикалық бюджеттен 70 млн.теңгеден астам мемлекеттік қаражат бөлінді. 2021 жылдың соңына қарай питомник аумағында қызметкерлерге арналған мобильді ғимарат, техниканы сақтауға арналған металл ангар орнату жоспарлануда, сондай-ақ қосымша техника мен жабдықтар: трактор, шағын трактор, екі жартылай тіркеме сатып алынатын болады.

БҰҰДБ-ЖЭҚ жобасымен питомникке берілген суға арналған ыдыс, топырақ кескіштер және жылжымалы тұрғын вагон

 

Республикалық орман селекциялық-тұқым өсіру орталығының «Оңтүстік-Шығыс өңірі» филиалының директоры Санат Баймұханбетовтың айтуынша, БҰҰДБ өз тарапынан селекциялық учаскенің іске қосылуына да, оның жұмыс істеуіне де қолдау көрсетті.

«Бізге Беларус-82,1 тракторы, мобильдік тұрғын вагон, топырақ кескіштер, соқалар, суға арналған ыдыстар, бензин генераторы, мотопомпа, көпфункционалды мотоблоктар, сондай- ақ тамшылатып суару жүйесі берілді», - деп толықтырды Санат Баймұханбетов.

20 жылдық тәжірибесі бар ол Қызыл кітапқа және Халықаралық табиғатты қорғау одағының қызыл кітабына жойылып кету қаупі төнген түрлер ретінде енгізілген ағаштарды зертханалық жағдайда қалай өсіру керектігін біледі. Бұрын 2016 жылы ол жасанды әдіспен тораңғы көшеттерін өсіру жобасына қатысқан.

Баймұханбетов: «Қорғалатын аумақтарды сақтауға және күтіп-ұстауға жұмсалатын шығындар бұзылған табиғи экожүйелерді қалпына келтіруге жұмсалатын шығындардан едәуір төмен. Алайда, бүгінгі таңда Қазақстанның орман секторы қаржыландырудың жетіспеушілігінен зардап шегуде, бұл мамандардың еңбекақысына тікелей әсер етеді».

Анықтама үшін, 2020 жылы Междуреченск питомнигінде 40 000-нан астам қара сексеуіл көшеттері отырғызылды, бүгінде олардың саны 200 000-ді құрайды. Қазақстан аумағының 60%-ға жуығы шөлейттенуге қарсы күресте сексеуіл өсірудің маңызы зор. Республикада сексеуілді кесуге 2023 жылға дейін мораторий қолданылады.

Біржылдық қара сексеуіл көшеттері

 

Сексеуілдің және басқа да құнды тұқымдардың өсірілген көшеттері жоба шеңберінде БҰҰДБ-мен берілген қазіргі заманғы тамшылатып суару жүйесінің көмегімен суарылады. Болашақта отырғызу материалдарын бүкіл ел бойынша орман шаруашылығы мекемелеріне беру, сондай-ақ оны қалалар мен ауылдарды көгалдандыру үшін пайдалану жоспарлануда. 2021 жылдың басынан бері 40 000 сексеуіл көшеттері Ұйғыр және Қосқұдық орман шаруашылықтарына берілді.

Қазіргі уақытта өндірістік питомникте жергілікті тұрғындардан жеті қызметкер жұмыс істейді, 2021 жылдың соңына қарай штатты тоғыз адамға дейін кеңейту жоспарлануда. Қиын ауа-райы жағдайларында олар аумақты бақылайды, агротехникалық жұмыстар жүргізеді, топырақ дайындайды, тұқымдар мен көшеттер отырғызумен, сондай-ақ оларды суарумен айналысады. Мақсат - ормандарды қалпына келтіруге көмектесу. Алайда, питомник қызметкерлерінің өздері ормандардың жандануы мен орман массивтерінің пайда болуы уақытты, білім мен қаражатты қажет ететін ұзақ мерзімді процесс екенін айтады.

Әділет Ареш, "Междуреченск" питомнигінің қызметкері

 

Питомниктің қызметкері Әділет Ареш былай дейді: "Питомникте жұмыс істеу оңай емес, бірақ мен бұл жұмыс үшін ризамын – қазір бұл менің отбасым үшін де, өзім үшін де негізгі табыс көзі. Оның үстіне мен маңызды міндет атқарамын – құнды ағаштар өсіремін және ормандарымызды қалпына келтіруге көмектесемін".

UNDP Әлемде

R

Re

А

Азербайджан Албания Алжир Ангола Аргентина Армения Ауғанстан

Б

Бангладеш Барбадос Бахрейн Белиз Белорусь Бенин Боливия Босния және Герцеговина Ботсвана Бразилия Буркина-Фасо Бурунди Бутан Біріккен Араб Әмірліктері

В

Венесуэла Вьетнам

Г

Габон Гаити Гамбия Гана Гаяна Гватемала Гвинея Гвинея-Бисау Гондурас Грузия

Д

Джибути Доминкан Республикасы

З

Замбия Зимбабве

И

Индонезия Иордания Иран

Й

Йемен

К

Кабо-Верде Камбоджа Камерун Кения Кипр Колумбия Комор аралдары Конго Демократиялық Республикасы Конго Республикасы Косово Коста-Рика Кот-д'Ивуар Куба Кувейт

Л

ЛаосХДР Лесото Либерия Ливан Ливия

М

Маврикий және Сейшел аралдары Мавритания Мадагаскар Малави Малайзия Мали Мальдивы Марокко Мексика Мозамбик Молдова Моңғолия Мысыр Мьянма

Н

Намибия Непал Нигер Нигерия Никарагуа

О

Орталық Африка Республикасы Оңтүстік Африка Оңтүстік Судан

П

Пакистан Палестина Халқына көмек бағдарламасы Панама Папуа-Жаңа Гвинея Парагвай Перу

Р

Ресей Федерациясы Руанда

С

Сальвадор Самоа (бiрнешеелдіктердi кеңсе) Сан-Томе и Принципия Сауд Арабиясы Сенегал Сербия Сирия Солтүстік Македония Сомали Судан Суринам Сьерра-Леоне

Т

Таджикистан Тайланд Танзания Токио Тринидад және Тобаго Тунис Тынық мұхит Түркия Түркменстан

У

Уганда Украина Уругвай

Ф

Филиппины

Х

Халықтық Демократиялық Республикасы Корея Хорватия

Ч

Чад Черногория Чили

Ш

Шри-Ланка Шығыс Тимор

Э

Эвсатати Эквадор Экваторлық Гвинея Эритрея Эфиопия

Я

Ямайка

Қ

Қазақстан Қырғызстан Қытай

Ү

Үндістан

Ө

Өзбекстан