2021 ж. Мамыр - Алматы облысының Бәйтерек ауылдық округінде фермерлерге суармалы су көзі болып табылатын су қоймалары. Суреттер: Мұхамеджан Саматұлы

 

Су. Өмір үшін қаншалықты маңызды. Алматы облысының құрғақ аймақтарында судың маңызы арта түседі. Ауылшаруашылық өнімділігі, жергілікті тұрғындардың жұмыспен қамтылуы және өмір сүру деңгейі, су және азық-түлік қауіпсіздігі, әлеуметтік-экономикалық даму, тіпті аймақтағы экологиялық жағдай сумен тікелей немесе жанама байланысты.

 

Алайда, ауыл шаруашылығында суды ұтымсыз пайдаланудың, су объектілерін тиімсіз басқарудың салдарынан, Алматы облысы Бәйтерек ауылдық округінің фермерлері ұзақ жылдар бойы суармалы су тапшылығы қиындықтарын бастан өткеріп келді.

Мамыр, 2021, Алматы облысы, Қазақстан - Егістікті суаруға арналған каналдар. Каналдар мен тоғандарды қайта құру ауыл шаруашылығы алқаптарын көбейтуге мүмкіндік берді.

 

2018 жылы Дүниежүзілік экологиялық қордың (ДЭҚ) қаржылық қолдауымен БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) Алматы облысы Алға және Бәйтерек ауылдарындағы ирригациялық суға арналған жалпы ұзындығы 5 км екі жинағыштың әуіті мен екі суландыру каналдарын қалпына келтіру жобасын іске қосты. Жобаның мақсаты - жергілікті каналдар мен тоғандарды тұрақты басқару арқылы жарамсыз және деградацияланған егістік жерлерді қалпына келтіру.

 

«Жобаның арқасында біз соңғы 20 жылда алғаш рет екі тоғанды ​​қалпына келтіре алдық. Су қоймаларын қалпына келтіру жұмыстары судың қосымша көлемін жинауға мүмкіндік берді, оны фермерлер жазда егін суару үшін пайдаланады», - дейді Владимир Левин, «Фермер Казахстана» шаруа қожалықтарын қолдау қоғамдық қорының директоры.

Оның айтуынша, жазда суару маусымы кезінде фермерлер суару нормаларын және басқа фермерлердің қажеттіліктерін ескермей суды пайдаланып отырған, сол себепті ең жоғары жүктемелер кезеңдерінде (шілде-тамыз) су мүлдем жетіспейтін болды. Бұл шығындарға, өнімділіктің төмендеуіне және фермерлер арасындағы жанжалды жағдайларға алып келді.

«Қазақстан фермері» шаруа қожалықтарын қолдау қоғамдық қорының директоры Владимир Левин жергілікті фермермен суару маусымына дайындық және суаруға су жинау туралы әңгімелесуде.

Тоғандарды қайта құру және суды үнемдейтін технологияларды енгізу су ресурстарын тиімді пайдалануға ықпал етті. Қазіргі таңда, 300-ден астам фермерлер жаздың аса қызып, су тапшылығы сезілген кездің өзінде де үнемі суармалы суға қол жеткізе алады. Жаңа су таратқыш құлыптар егіндерді суару нормаларына сәйкес суды біркелкі пайдалануға мүмкіндік берді, бұл, өз кезегінде, суару процестеріне анағұрлым азырақ күш жұмсауға жағдай жасады, сонымен қатар, судың қосымша көлемінің жиналуына байланысты фермерлер  суармалы суды сатып алуға жаратылатын қаржының 20%-ға дейін көлемін үнемдей алды.

2 жыл ішінде БҰҰДБ қолдауымен фермерлер суды үнемдеу тәжірибесі мен суармалы егіншілік технологиялары бойынша оқудан өткенін айта кеткен жөн. Суды үнемдейтін технологияларды пайдалану ысырапшыл суару әдістерінен бас тартуға және ауылшаруашылық тауар өндірушілерін суармалы сумен қамтамасыз етудің тұрақты жүйесін құруға мүмкіндік берді.

Су үнемдеу технологиялары су ресурстарын ұтымды пайдалануға мүмкіндік берді.

Бұл пилоттық учаскелерде, сонымен қатар, түрлі ауыл-шаруашылық дақылдарды суарудың озық әдістері мен түрлі технологиялары көрсетілді. Сондай-ақ, суды тұрақты басқару технологиялары көрсетілді, оған суармалы суды есепке алу, жеткізу және сақтау әдістері кірді. Суды тұрақты басқару жердің деградациясы, судың жетіспеушілігі проблемаларын болдырмайды, өнімділікті арттырады және фермерлердің рентабельділігін арттырады.

БҰҰДБ жобасын іске асырудың маңызды нәтижелерінің бірі - қараусыз қалған жерлерді қалпына келтіру болды. «Біз бір кездері суармалы жер мәртебесін жоғалтқан 1400 гектар ескі суармалы жерді айналымға енгіздік. Бұл өте үлкен аймақ. Елдің оңтүстігінде жер жүздікпен саналады, ал 1400 га дегеніміз - бұл үш дерлік ауыл аумағы. Қазір бұл жерлерді фермерлер егін өсіруге пайдалануда», - дейді Владимир.

Алматы облысындағы Бәйтерек ауылдық округіндегі БҰҰДБ-ГЭФ қолдауының арқасында 1400 гектар қараусыз қалған жерлерді қалпына келтіріп, оларды суармалы жерлердің қатарына енгізу мүмкін болды. Қазір бұл жерлер фермерлердің пайдалануында.

 

Ресурстарды үнемдейтін технологияларды суды тиімді басқарумен қатар пайдалану фермерлерге өсіретін дақылдарын әртараптандыруға мүмкіндік берді. «Бұрын бұл аймақтарда негізінен күріш пен мақта өсірілетін. Фермерлер суға қосымша қол жеткізу мүмкіндігіне ие бола салысымен, ауылшаруашылық өнімдерін өндіруді оңтайландыруға мүмкіндік алды, үлкен сұранысқа ие жаңа дақылдарды өсіруге жағдай жасалды. Кейбіреулер бау-бақша өсіруді де қолға алды. Жобаны жүзеге асыру кезінде күздің аяғына дейін жұмыс істейтін маусымдық ауылшаруашылық жәрмеңкелердің пайда болғаны қуантады», - деп атап өтті «Марғұлан» ауылдық тұтынушылар кооперативінің төрағасы, фермер Звоида Оразбакова.

Фермер, Марғұлан ауылдық тұтыну кооперативінің төрағасы Звоида Оразбакова Бәйтерек ауылының шаруаларының су ресурстарын ұтымды пайдалануы мен суару нормаларын сақтауын тікелей бақылайды.
Суды үнемді пайдаланумен бірге ресурстарды үнемдейтін технологиялар фермерлерге егіндерді әртараптандыруға мүмкіндік берді.
Тоғандарды қайта құру және тазарту Бәйтерек ауылындағы маусымдық су тасқыны мен су тасқынын азайтуға мүмкіндік берді.

Жергілікті қоғамдастықтар үшін экономикалық тиімділігі бар аймақтағы ауылшаруашылық тәжірибесін жақсартумен қатар, БҰҰДБ атқарған іс-шаралары апаттар қаупін азайтуға да ықпал етті. «Каналдар мен тоғандарда су мен қардың жиналуы мезгіл-мезгіл жақын аймақтарда су тасқындары мен су деңгейінің көтерілуі, су басуына әкеліп отыратын. Апаттық бөгеттерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, тоғандардың түбін лайдан тазарту және апаттық төгінділер құру төтенше жағдайлар қаупін азайтуға көмектесті. Су енді бүйірлерінен шығып, төгілмейді және айналаның бәрін шайып кетпейтін болды», - деп атап өтті Звоида.

Жобаның тағы бір оң нәтижесі экотуризмді дамыту болды. Тоғандардағы су қоймаларын қайта қалпына келтіру жұмыстарымен бірге балықтардың саны көбейіп, бұл жерлерге көптеген туристерді тартты. «Экотуризм біршама ұйымдастырыла бастады, туристік инфрақұрылым пайда болды – күркешіктер, саятшылық шатырлар, демалыс үшін шашлык даярлау орындары», - дейді Владимир.

Жөндеуден кейін су қоймаларындағы балықтар саны көбейді, бұл Бәйтерек ауылында туристік инфрақұрылымды, балық аулау мен экологиялық туризмді дамытуға қызмет етті.

БҰҰДБ-ДЭҚ жобасы суды үнемдейтін суару технологияларын енгізумен және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізумен бірге аймақтағы шөлейттенудің негізгі факторларын анықтады. Фермерлердің жұмысын ұтымды ұйымдастыру және экологиялық жағдайды жақсарту, жердің деградация процестерін тоқтату, топырақтың құнарлылығын арттыру, биоәртүрлілікті және қоршаған ортаны сақтау бойынша шараларды негіздеу арқылы шөлейттену қарқынын төмендету бойынша ұсыныстар әзірленіп, шаралар қабылданды.

Жергілікті қоғамдастықтардың дамуы, халықтың әлсіз топтарының әлеуметтік-экономикалық әл-ауқаты, жердің деградацияға ұшырауы және шөлейттенуіне қарсы күрес, табиғи апаттар қаупін азайту - Қазақстандағы БҰҰДБ жұмысының басым бағыттарының бір бөлігі болып табылады, және БҰҰДБ-ДЭҚ жобасы Алматы облысындағы қараусыз қалған жерлерді қалпына келтіру бойынша осы міндеттерді өте жақсы орындап өтті.

Icon of SDG 08 Icon of SDG 10 Icon of SDG 13

UNDP Әлемде

R

Re

А

Азербайджан Албания Алжир Ангола Аргентина Армения Ауғанстан

Б

Бангладеш Барбадос Бахрейн Белиз Белорусь Бенин Боливия Босния және Герцеговина Ботсвана Бразилия Буркина-Фасо Бурунди Бутан Біріккен Араб Әмірліктері

В

Венесуэла Вьетнам

Г

Габон Гаити Гамбия Гана Гаяна Гватемала Гвинея Гвинея-Бисау Гондурас Грузия

Д

Джибути Доминкан Республикасы

З

Замбия Зимбабве

И

Индонезия Иордания Иран

Й

Йемен

К

Кабо-Верде Камбоджа Камерун Кения Кипр Колумбия Комор аралдары Конго Демократиялық Республикасы Конго Республикасы Косово Коста-Рика Кот-д'Ивуар Куба Кувейт

Л

ЛаосХДР Лесото Либерия Ливан Ливия

М

Маврикий және Сейшел аралдары Мавритания Мадагаскар Малави Малайзия Мали Мальдивы Марокко Мексика Мозамбик Молдова Моңғолия Мысыр Мьянма

Н

Намибия Непал Нигер Нигерия Никарагуа

О

Орталық Африка Республикасы Оңтүстік Африка Оңтүстік Судан

П

Пакистан Палестина Халқына көмек бағдарламасы Панама Папуа-Жаңа Гвинея Парагвай Перу

Р

Ресей Федерациясы Руанда

С

Сальвадор Самоа (бiрнешеелдіктердi кеңсе) Сан-Томе и Принципия Сауд Арабиясы Сенегал Сербия Сирия Солтүстік Македония Сомали Судан Суринам Сьерра-Леоне

Т

Таджикистан Тайланд Танзания Токио Тринидад және Тобаго Тунис Тынық мұхит Түркия Түркменстан

У

Уганда Украина Уругвай

Ф

Филиппины

Х

Халықтық Демократиялық Республикасы Корея Хорватия

Ч

Чад Черногория Чили

Ш

Шри-Ланка Шығыс Тимор

Э

Эвсатати Эквадор Экваторлық Гвинея Эритрея Эфиопия

Я

Ямайка

Қ

Қазақстан Қырғызстан Қытай

Ү

Үндістан

Ө

Өзбекстан