Бүгінде әлемде 10 миллионға жуық үкіметтік емес және коммерциялық емес ұйымдар өз қызметін жүзеге асыруда, олар халықтың ең осал топтарының мүдделерін қорғаудан, тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтаудан, қоршаған ортаны қорғаудан, түрлі бағыттар бойынша ағарту жұмыстарынан күрделі проблемаларды шешуге жанқиярлықпен тартылуда. Көбінесе олар мемлекеттік немесе жеке секторда теңдесі жоқ бірегей жобаларды жүзеге асырады. Олар ұлттық және халықаралық заңнамадағы өзгерістерге қол жеткізеді, көпшілікке жаңа идеялар әкеледі, халықтың хабардарлығын арттырады және қоғамда қалыптасқан стереотиптердің өзгеруіне ықпал етеді.

2014 жылдан бастап Еуропа елдерінің бастамасы бойынша Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) күні атап өтіледі. Австралиядан, Азиядан, Африкадан Солтүстік және Оңтүстік Америкаға дейін бұл күні әлемнің әртүрлі тілдерінде ҮЕҰ бір-бірімен өздерінің тәжірибелері мен жинақталған білімдерімен бөліседі.

Біріккен Ұлттар Ұйымы мен әлем елдерінің үкіметтері елдер, өңірлер деңгейінде және жаһандық аренада орнықты дамудың басым проблемалары бойынша консенсустық шешімдер әзірлеуде үкіметтік емес ұйымдардың үлесі мен мүмкіндіктерін бұрыннан мойындап келеді.

ҮЕҰ өздері білдіретін халық топтарының үндері мен мүдделерінің жеткізушісі бола отырып, бірқатар маңызды функцияларды орындайды. Олар мемлекеттің адами әлеуетті толыққанды іске асыруға кедергі келтіретін проблемаларға назар аударуына қол жеткізеді. Бұл ретте ҮЕҰ үкімет үшін «кері байланыс» арнасы ретінде де жұмыс істейді, өйткені мемлекеттік билік қабылданып жатқан шешімдердің тиімділігі туралы және халықтың Үкімет қызметіне ден қоюы туралы бағалауға мүмкіндік беретін ақпарат алады.

ЕО-БҰҰ флагмандық жобасы гендерлік зорлық-зомбылық мәселелеріне бағытталған үкіметтік емес ұйымдарды ерекшелейді

«Белсенді іс-қимылдың 16 күні» науқаны күндері Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған «Жарық сәулесі» бастамасының өңірлік бағдарламасы зорлық-зомбылықтан қорғауға, бастан кешкен тәжірибенің жарақаттануын азайтуға, дағдарыс жағдайында тірек пен қолдау табуға және өз өмірін басқару қабілетіне ие бола отырып, зорлық-зомбылықтан аман қалғандар үшін одан шығу жолына көмектесуге ұмтылатын үкіметтік емес ұйымдардың жұмысына назар аударғысы келеді.

Бұл ұйымдар қаржылық жетіспеушілікке, заңнамалық базаның жетілмегендігіне, қоғамның жеткіліксіз хабардарлығына және т. б. байланысты әртүрлі сипаттағы көптеген проблемалар мен қиындықтарға тап болады. Бірақ күнделікті қиындықтар да, COVID-19 пандемиясынан туындаған дағдарыс та бұл ұйымдарға ең мұқтаж адамдарға көмек көрсетуге кедергі бола алмайды.

Сөз болып отырған үкіметтік емес ұйымдар Орталық Азия елдерінің ҮЕҰ арасындағы микро-гранттар конкурсының жеңімпаздары атанды. Ол «Жарық сәулесі» өңірлік бағдарламасы шеңбернде өтті. Конкурс қорытындысы бойынша зорлық-зомбылықты бастан кешкендер үшін қызметтер көрсету және олардың заңды құқықтары мен мүдделерін, оның ішінде COVID-19 пандемиясынан туындаған дағдарыс жағдайында қорғауға арналған құрылымдармен өзара іс-қимыл жасау бойынша прогрессивті тәжірибесі бар және жаңа тәсілдерді қолданатын ұйымдар анықталды.

Бүгін олардың алдына өз сараптамасын «білім өнімі» түрінде қорытындылау және «тең – теңіне» қағидаты бойынша мүдделі әріптестерге білім алмасу мен беруді ұйымдастыру міндеті қойылды. Бұл конкурстың ерекшелігі, ол бұл жолы ҮЕҰ тәлімгерлер мен сарапшылар рөлін атқара отырып, жұмыс әдістерін жетілдіру, жаңа тәсілдерді табу және өз тәжірибелері мен  білімдерімен серіктестерімен бөлісу үшін бір-біріне көмектесу керектігі болып табылады.

«Қорғалмағандардың» чемпиондары

Конкурс жеңімпаздары – бұл әртүрлі қалалар мен ауылдық елді мекендерден Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанның 10 ұйымы. Олар өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсетеді, заң шығарушы және атқарушы билік органдарымен өзара іс-қимыл жасайды және гендерлік теңдік жөніндегі заңнама мен стратегиялық құжаттарды әзірлеуге және сараптауға қатысады, гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері бойынша ағартушылық және оқыту материалдарын әзірлейді, әйелдердің құқықтық сауаттылығын арттырады және оларды зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсетудің қазіргі арналары туралы хабардар етеді.

Адамдар осы ҮЕҰ нақты немен айналысатынын жақсы білу үшін біз жеңімпаздарымызға бірнеше сұрақтар қойдық: оларды жұмыста не шабыттандырады, зорлық-зомбылықты бастан өткергендерге көмек көрсету мүмкіндіктерін жақсарту үшін қазір не істеу керек және тәуелсіз дағдарыс орталықтары мен мемлекеттік құрылымдар арасындағы ынтымақтастық қандай болуы керек?

Жауаптар бей-жай қалдырмайды. Оның үстіне, олар бірлескен күш-жігермен жақсы өзгерістерге қол жеткізуге болады деген үміт береді. 

Әсел Оморова, «Ак-Журок» дағдарыс орталығы қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, Қырғызстан: «Біздің команда үшін дағдарыс орталығына жүгінген әйелдердің сенімі бізді олардың құқықтарын қорғауға бар күш-жігерімізді салуға шабыттандырады. Біз әйелдер мен олардың балаларының үндері естілгеніне қуаныштымыз және олар болашаққа деген сенімді сезінеді».

Татьяна Лютовская, «Answer» қоғамдық қорының жетекшісі, Өскемен, Қазақстан, өз ойымен бөліседі: «Біздің жұмысымызда кездейсоқ адамдар бола алмайды, бұл жүрек қалауы бойынша жасалатын жұмыс. Ол тек өзгелердің қамқорлығына толықтай берілген адамдар үшін ғана. Өзгелерге көмектесу, қоғамға пайда келтіру және өз қызметінің нәтижелері – бұл біздің одан әрі жұмыс істеуге деген қуанышымыз бен шабытымыздың қайнар көздері».

Гүлмайрам Аттокурова, Жалал-Абад, Қырғызстан, «Қаниет» оңалту орталығының қоғамдық қорын басқарады: «Қыздар мен кішкентай бойжеткендердің күресуге және өз құқықтары мен мүдделерін қорғауға кіріскендері, зорлық-зомбылыққа деген көзқарасын құрбандар ретінде қалай өзгерткендері мені шабыттандырады».

Бұл пікірді «Шанс-КЦ» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Елена Ткачева былай бөледі: «Біздің ұйым көмек көрсететін әйелдер өміріндегі өзгерістер және бірлескен қызметте ынтымақты достық қарым-қатынастар тәжірибесін алу бізге де, барлық әйелдерге де күш пен шабыт береді».

Косимова Рано және Рахматова Мадина «Парастор» ҮЕҰ, Душанбе, Тәжікстан зорлық-зомбылықты бастарынан кешкен әйелдерге көмек көрсету жағдайын жақсарту үшін «дағдарыс орталықтарын және әйелдерді қолдау орталықтарын ашу, зорлық-зомбылық құрбандарын осындай орталықтардың бар екендігі туралы хабардар ету»  қажет деп санайды.

Бұл тақырып Елена Ткачеваның дәл осы сұрағына жауап ретінде әрі қарай өрбиды: «Дағдарыс орталықтарын психология, заңтану, әлеуметтік жұмыс саласындағы, гендерлік сезімталдыққа ие, зорлық-зомбылық проблемасының әлеуметтік мәнмәтінін түсінетін мамандармен күшейту қажет».

Әсел Оморова зардап шегушіні өзінің проблемасымен жалғыз қалдырмауға, бей-жай қалмауға шақырады: «Мемлекеттік құрылымдарға немесе қоғамдық ұйымдарға болсын, бір-біріне уақтылы ақпарат беру зорлық-зомбылық құрбандарының денсаулығын, кейде өмірін сақтап қалуы мүмкін». 

 

Манзура Сұлтанова «Саодат» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, Худжанд, Тәжікстан, «Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге білім беру жұмысы арқылы қолдау көрсету үшін қоғамды дайындау қажет» деп санайды.

 

Және әрине, «Жарық сәулесі» бастамасының өңірлік бағдарламасы тәуелсіз дағдарыс орталықтары мен мемлекеттік құрылымдар арасындағы өзара іс-қимыл қандай болуы тиіс деген сұрақты қойды. Блиц-сауалнамаға қатысқандардың барлығы дағдарыс орталықтарының жұмысы мемлекеттік құрылымдармен ведомствоаралық өзара іс-қимылсыз мүмкін емес деп санайды.

Әсел Оморова мемлекетпен ынтымақтастықтың дамуын «мемлекеттік тапсырыстар негізінде, ұзақ мерзімді меморандумдар арқылы осы жұмыстың тұрақтылығын қамтамасыз ете отырып», - деп көреді, «ал шелтерлерді «бір терезе» қағидаты бойынша дамыту қажет». Татьяна Лютовская «зорлық-зомбылық құрбандарына көмек пен қызмет алу бағыттарының схемасын» жасау қажет деп санайды.

Косимова Рано және Рахматова Мадина «Парастор» ҮЕҰ «зорлық-зомбылық құрбандарымен айналысатын мемлекеттік құрылымдар қызметкерлерінің әлеуетімен жұмыс істеуді» ұсынады.

«Қорғау-Астана» жеке қорының басшысы Анна Рыль бұл ынтымақтастықты дамыту үшін «мемлекеттік органдардың олар кіммен жұмыс істейтінін, қалай жұмыс істейтінін, орталықтар үшін олардан кедергілер емес, қолдау болуы үшін не алғысы келетінін түсіну қажет» деп атап өтті.

«Саодаттан» келген Манзура Сұлтанова ынтымақтастықтың дамуын «барлық рәсімдер мен іс-әрекеттер үшін жауапкершілік сипатталған меморандумдар негізінде» көреді.

Сонымен, біз бей-жай емес бастамашыл адамдарды және әртүрлі идеялар мен көзқарастарды көріп отырмыз. Бұл дегеніміз, бірлескен іс-әрекеттер арқылы жағдайды жылына 365 күн жақсы жаққа қарай өзгерте алуға болады дегенді білдіреді!

Icon of SDG 05

UNDP Әлемде

R

Re

А

Азербайджан Албания Алжир Ангола Аргентина Армения Ауғанстан

Б

Бангладеш Барбадос Бахрейн Белиз Белорусь Бенин Боливия Босния және Герцеговина Ботсвана Бразилия Буркина-Фасо Бурунди Бутан Біріккен Араб Әмірліктері

В

Венесуэла Вьетнам

Г

Габон Гаити Гамбия Гана Гаяна Гватемала Гвинея Гвинея-Бисау Гондурас Грузия

Д

Джибути Доминкан Республикасы

З

Замбия Зимбабве

И

Индонезия Иордания Иран

Й

Йемен

К

Кабо-Верде Камбоджа Камерун Кения Кипр Колумбия Комор аралдары Конго Демократиялық Республикасы Конго Республикасы Косово Коста-Рика Кот-д'Ивуар Куба Кувейт

Л

ЛаосХДР Лесото Либерия Ливан Ливия

М

Маврикий және Сейшел аралдары Мавритания Мадагаскар Малави Малайзия Мали Мальдивы Марокко Мексика Мозамбик Молдова Моңғолия Мысыр Мьянма

Н

Намибия Непал Нигер Нигерия Никарагуа

О

Орталық Африка Республикасы Оңтүстік Африка Оңтүстік Судан

П

Пакистан Палестина Халқына көмек бағдарламасы Панама Папуа-Жаңа Гвинея Парагвай Перу

Р

Ресей Федерациясы Руанда

С

Сальвадор Самоа (бiрнешеелдіктердi кеңсе) Сан-Томе и Принципия Сауд Арабиясы Сенегал Сербия Сирия Солтүстік Македония Сомали Судан Суринам Сьерра-Леоне

Т

Таджикистан Тайланд Танзания Токио Тринидад және Тобаго Тунис Тынық мұхит Түркия Түркменстан

У

Уганда Украина Уругвай

Ф

Филиппины

Х

Халықтық Демократиялық Республикасы Корея Хорватия

Ч

Чад Черногория Чили

Ш

Шри-Ланка Шығыс Тимор

Э

Эвсатати Эквадор Экваторлық Гвинея Эритрея Эфиопия

Я

Ямайка

Қ

Қазақстан Қырғызстан Қытай

Ү

Үндістан

Ө

Өзбекстан