Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Даму бағдарламасы Биоалуантүрлілікті қаржыландыру бастамасы (БИОФИН) аясында «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды (ЕҚТА) қаржылық басқарудағы жаңа тәсілдер» онлайн курсын таныстырды. Онлайн курс Қазақстанның табиғатты қорғау ұйымдарының қызметкерлерін жаңа тәсілдер мен практикалық құралдарды пайдалана отырып, қаржы ресурстарын жоспарлау мен басқарудың тиімді әдістеріне оқытуға бағытталған.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, қаржыландыру тапшылығынан ЕҚТА Қазақстанның бірегей биоалуантүрлілігін сақтау жөніндегі іс-шараларды іске асыру кезінде айтарлықтай қиындықтарға тап болып отыр. Сонымен қатар, соңғы жылдары ЕҚТА қызметкерлері үшін оқыту тренингтері мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылмайды. Табиғатты қорғау ұйымдарына климаттың өзгеруіне және уақыттың сын-тегеуріндеріне бейімделуге көмектесу мақсатында 2019 жылы БИОФИН бастамасы шеңберінде ЕҚТА-да бюджеттік жоспарлау бойынша білім беру курсы әзірленді. Сол жылы Қазақстанның 28 ЕҚТА-дан 108 қызметкер оқытудан өтті, бұл қызметкерлердің жалпы санының 3%-ын ғана құрады.

Алайда, коронавирус пандемиясы өз түзетулерін енгізді және 2021 жылы оқу материалы көптеген мамандардың оқудан өтуіне мүмкіндік беру үшін онлайн форматқа ауыстырылды.

«Соңғы 15 жылда Қазақстанның ЕҚТА басқару және жоспарлау жүйесінде, оның ішінде қаржылық жоспарлау және басқару саласындағы қызметкерлердің қосымша және жаңа білімдері мен дағдыларын талап ететін елеулі өзгерістер болды», - деп атап өтті БҰҰДБ биоалуантүрлілік саласындағы жобаларының менеджері Талғат Кертешев.

Қазіргі уақытта ЕҚТА-да бірнеше көздерден қаржы ресурстарын тарту мүмкіндігі бар: туристік-рекреациялық қызметтер көрсету және шектеулі шаруашылық қызмет өнімдерін сату, брендтелген кәдесый өнімдерін сату есебінен мемлекеттік бюджеттен.  Сондай-ақ бөгде қорлар мен компаниялардан гранттар мен қайырмалдықтар тартуға болады. Қаржы ресурстарын тартудың осы әдістерінің әрқайсысы әртүрлі тәсілдерді, оларды пайдаланудың негізгі құралдары мен әдістерін, сондай-ақ ЕҚТА-да тиісті құзыреттердің болуын түсінуді талап етеді.

 

Ұсынылған онлайн курс осы сұрауларға жауап береді. Курста білім алушылар Басқарудың тиімді жоспарын әзірлеу үшін бюджеттік жоспарлау процестері мен әдістеріне үңіледі, бизнес-жоспарлау негіздерін зерделейді. Атап айтқанда, басқарудағы проблемалық-бағдарланған тәсілдермен танысады, тұтынушылармен және мүдделі тараптармен өзара тиімді қатынастарды талдауға және құруға, шектеулі шаруашылық қызмет шеңберінде ұйымға нарықтық құралдарды енгізуге, ақылы қызметтер мен өнімдерді ілгерілетуге және ұсынуға және тиімді әріптестіктер құруға үйренеді.

Қосымша қаржыландыруды тарту мәселелеріне көп көңіл бөлінеді, мысалы, гранттар немесе қайырмалдықтар арқылы. Бүгінде Қазақстанда табиғат қорғау міндеттері мен проблемаларын шешуде оның перспективалылығына қарамастан, осы құралды тек жекелеген ЕҚТА ғана пайдаланады.

Жалпы, сегіз сағаттық курс келесі тақырыптар бойынша онлайн сабақтардан тұрады: ЕҚТА-да бюджеттік жоспарлау дегеніміз не және оның басқару жоспарымен байланысы; проблемалар мен шешімдер ағашын құру әдістерін, SWOT талдауды, логикалық шеңберлерді құруды және басқа да проблемалық-бағдарланған әдістерді қолдана отырып, ЕҚТА басқару жоспарын әзірлеу; кең географиялық және әлеуметтік-экономикалық мәнмәтінде ЕҚТА қызметіне жаңа көзқарасты қалыптастырудың негізі ретінде бизнес-модель.

 

«Көптеген табиғат қорғау аумақтары қаржыландыру тапшылығын өздерінің негізгі функцияларын жеткілікті түрде тиімді атқармаудың негізгі себебі ретінде және соның салдарынан - табиғи кешендердегі келеңсіз өзгерістер ретінде айқындайды. Осы тұрғыдан алғанда, бұл курс ЕҚТА қызметкерлерінің біліктілігін арттыру арқылы ЕҚТА қаржыландыру тапшылығын қысқартуға бағытталған», - деп атап өтті Талғат Кертешев.

«ЕҚТА-ны қаржылық басқарудағы жаңа тәсілдер» курсы «Learning For Nature» (қазақша «Табиғат үшін оқыту») платформасының қолдауымен дайындалды және келесі сілтеме бойынша тегін қолжетімді:  https://www.learningfornature.org/ru/courses/biofin-protected-areas-kazakhstan/

Icon of SDG 13 Icon of SDG 15

UNDP Әлемде

R

Re

А

Азербайджан Албания Алжир Ангола Аргентина Армения Ауғанстан

Б

Бангладеш Барбадос Бахрейн Белиз Белорусь Бенин Боливия Босния және Герцеговина Ботсвана Бразилия Буркина-Фасо Бурунди Бутан Біріккен Араб Әмірліктері

В

Венесуэла Вьетнам

Г

Габон Гаити Гамбия Гана Гаяна Гватемала Гвинея Гвинея-Бисау Гондурас Грузия

Д

Джибути Доминкан Республикасы

З

Замбия Зимбабве

И

Индонезия Иордания Иран

Й

Йемен

К

Кабо-Верде Камбоджа Камерун Кения Кипр Колумбия Комор аралдары Конго Демократиялық Республикасы Конго Республикасы Косово Коста-Рика Кот-д'Ивуар Куба Кувейт

Л

ЛаосХДР Лесото Либерия Ливан Ливия

М

Маврикий және Сейшел аралдары Мавритания Мадагаскар Малави Малайзия Мали Мальдивы Марокко Мексика Мозамбик Молдова Моңғолия Мысыр Мьянма

Н

Намибия Непал Нигер Нигерия Никарагуа

О

Орталық Африка Республикасы Оңтүстік Африка Оңтүстік Судан

П

Пакистан Палестина Халқына көмек бағдарламасы Панама Папуа-Жаңа Гвинея Парагвай Перу

Р

Ресей Федерациясы Руанда

С

Сальвадор Самоа (бiрнешеелдіктердi кеңсе) Сан-Томе и Принципия Сауд Арабиясы Сенегал Сербия Сирия Солтүстік Македония Сомали Судан Суринам Сьерра-Леоне

Т

Таджикистан Тайланд Танзания Токио Тринидад және Тобаго Тунис Тынық мұхит Түркия Түркменстан

У

Уганда Украина Уругвай

Ф

Филиппины

Х

Халықтық Демократиялық Республикасы Корея Хорватия

Ч

Чад Черногория Чили

Ш

Шри-Ланка Шығыс Тимор

Э

Эвсатати Эквадор Экваторлық Гвинея Эритрея Эфиопия

Я

Ямайка

Қ

Қазақстан Қырғызстан Қытай

Ү

Үндістан

Ө

Өзбекстан