Қазақстанда әйел адам өмірінің бір күні қалай өтеді және неден тұрады? Бәлкім, әйел заты өз-өзіне мұндай сұрақты қоймайтын да шығар. Бірақ бұл сұрақтың жауабы бар – «133/246».[1] Және де бұл қандай да бір медициналық тесттің нәтижесі емес. «133» – бұл әйел заты ақы төленетін жұмыста өткізетін бір күнге шаққандағы минуттардағы орташа уақыт ұзақтығы. «246» – бұл әйел заты күтім жасап, үйдегі жұмысты атқарып, ақы төленбейтін еңбекке арнайтын бір күнге шаққандағы минуттардағы орташа уақыт ұзақтығы. Салыстыру үшін қарапайым қазақстандық ер адам өмірінің бір күні – бұл «203/110». Сонымен, іс жүзінде «133/246» сандары не білдіріп тұр?

Ақы төленбейтін еңбек

Ақы төленетін және ақы төленбейтін еңбек анықтамалары Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ)[2] жұмыс күшінің халықаралық тұжырымдамаларынан және экономикалық қызмет көрсеткіштерін есептеу жөніндегі халықаралық стандарттардан (Ұлттық шоттар жүйесі, ҰШЖ 2008) туындайды. ХЕҰ анықтамасына сәйкес ақы төленбейтін еңбек еңбек қызметінің үш түрін қамтиды: үй шаруашылығының өзінің түпкілікті пайдалануы үшін қызметтерді өндіруі; отбасы мүшелеріне күтім жасау жөніндегі қызметтер; жергілікті қоғамдастықтың игілігі үшін өтеусіз еңбек қызметі немесе басқа үй шаруашылықтарына көмек көрсету. Бұл санаттар кіші топтарға бөлінеді. Мұндай кіші топтарға, мысалы, шоттар бойынша төлем жасау, сатып алуларды жасау, отбасы мүшелерін мектепке немесе ауруханаға алып жүру, тамақ дайындау және тіпті үй жануарларына күтім жасау жатады. Мұндай қызмет түрлері қалада немесе ауылдық жерлерде тұрғанға, әлеуметтік инфрақұрылымның бар-жоқтығына және үй шаруашылығының жеке сипаттамаларына байланысты физикалық күш пен уақыт бюджетінің әртүрлі шығындарын талап етеді.

Ақы төленбейтін еңбектің маңызы

Ұлттық шоттар жүйесінде күтім жасау және үй жұмысы бойынша ақы төленбейтін еңбек өндіріс шеңберінен тыс орналасқан (ХЕҰ 2013), бұл жайттың өзіндік рационалды негіздемесі бар. Бірақ нәтижесінде еңбектің бұл түрі бүкіл экономика деңгейінде экономикалық қызмет көрсеткіштерінен, мысалы, ЖІӨ-ден көрініс таппайды. Бұл ретте дәл осы ақы төленбейтін үй жұмысы саласында адами капиталды, жұмыс күшінің жаңа буынын және тұтастай алғанда қоғамның әл-ауқатын дамыту үшін өмірлік маңызды нәтижелер жасалатыны анық.[3]

1995 жылғы Әйелдердің жағдайы жөніндегі Пекин халықаралық конференциясы ақы төленбейтін еңбекті тану және оны еңбек статистикасы мен ұлттық шоттар жүйесінде өлшеу тақырыбын дамытуға күшті импульс берді. Пекиндік іс-қимыл платформасының ұсынымдарына сүйене отырып, 90-шы жылдардың аяғынан бастап 88 ел халықтың уақытты (уақыт бюджетін) пайдалану деңгейін зерттеп-тексерді. Алынған деректер қала-ауыл, жас топтары, білім деңгейі, жұмыспен қамту мәртебесі, табыс деңгейі, отбасы жағдайы және т.с.с. параметрлер бойынша[4] ақы төленетін және ақы төленбейтін еңбек бөлінісіндегі гендерлік алшақтықты, сондай-ақ әлемнің әртүрлі елдеріндегі осы еңбек түрінің құндық бағалануын көрсетті.

ХЕҰ-ның берген бағасы бойынша (2018) бүкіл әлемде күтім жасау бойынша ақы төленбейтін еңбекке күн сайын 16,4 млрд сағат жұмсалады. Бұл күн сайын төлемсіз 8 сағат жұмыс істейтін 2 млрд адам еңбегінің баламасы.[5]

Ақы төленбейтін үй еңбегінің экономикалық құндылығын тану және оны өлшеу үлкен маңызға ие болатынын көрсететін бірқатар себептер бар. Біріншіден, ақы төленбейтін еңбек бөлінісіндегі гендерлік алшақтық гендерлік теңсіздіктің маңызды көрсеткіші болып табылады. Әйелдер, әдетте, ақы төленбейтін үй жұмысына ерлерге қарағанда көбірек уақыт жұмсайды. Әр түрлі елдерде ерлер мен әйелдердің үй жұмысына арнайтын уақыты әр түрлі болғанымен, тұтастай алғанда мұндай жұмыс әйелдердің міндеті болып саналады:  

·         ХЕҰ-ның берген бағасы бойынша  [6] бүкіл әлемде уақыттың жалпы ұзақтығындағы әйелдердің күтім жасау және үй жұмысын атқару бойынша ақы төленбейтін еңбекке арнайтын уақыт шығындары 76,2% құрайды – ерлер тарапынан салынатын үлестен үш есе артық.

БҰҰДБ деректеріне сәйкес (2017) Еуропа мен Орталық Азия елдерінде әйелдер ерлерге қарағанда күтім жасау бойынша ақы төленбейтін еңбекке екі есе көп уақыт  арнайды (4,5 және 2,2 сағат). Ал егер ақы төленетін және ақы төленбейтін жұмысты тұтастай қарастыратын болсақ, онда әйелдер ерлермен салыстырғанда жұмыста көбірек уақыт өткізеді.

Күтім жасау бойынша ақы төленбейтін еңбек проблематикасын ескермей қабылданған халықты әлеуметтік қорғау немесе еңбек нарығы саласындағы мемлекеттік шығыстар туралы саясат шаралары мен шешімдер қоғам үшін күтілетін экономикалық нәтижелер мен әлеуметтік игіліктер әкелмеуі мүмкін. Бұл жайт еңбектің осы түрінің маңыздылығын мойындауың тағы бір дәлелі. ХЕҰ-ның «Күтім жасау саласындағы жұмыс орындары: еңбек саласы келешегінің мүддесі үшін» атты баяндамасында (2018) 53 ел бойынша ақы төленбейтін еңбек құнына баға берілген:

·         Австралияда (тізім көшбасшысы) күтім жасау бойынша ақы төленбейтін еңбектің ЖІӨ-ге қосатын үлесі 41,3% құрайды (оның ішінде 26,8% әйелдерге тиесілі). Қазақстанда ақы төленбейтін еңбек ЖІӨ-ге шаққанла 2,5%-ға бағаланады (оның ішінде 1,8% – әйелдердің үйлесі).

Күтім жасау бойынша ақы төленбейтін еңбек бөлінісіндегі гендерлік теңсіздік еңбек нарығында және қоғамдағы әйелдердің жағдайы мен мәртебесіне әсер ететін басқа да салаларда гендерлік алшақтықтардың өсуіне алып келеді. Мысалы, күтім жасау бойынша ақы төленбейтін еңбекті орындауға жұмсалған уақыт ұзақтығы мен әйелдердің жұмыс күшінің құрамына қатысуы арасында кері тәуелділіктің бар екені дәлелденген жайт. Күтім жасау жөніндегі міндеттер әйелдердің жұмыспен қамтылу сапасына да әсер етеді. Бірқатар елдерде ақы төленбейтін еңбекті бөлудегі гендерлік теңсіздікке байланысты білім берудегі гендерлік алшақтықтың қысқартылуы еңбек нарығы үшін елеулі өзгерістер әкелмеді.[7] Отбасындағы әйелдің рөлі, қызмет түрін таңдау және табыс деңгейі арасындағы байланыс еңбекке ақы төлеудегі гендерлік алшақтықты қысқарту әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың төмендеуіне әкелуі мүмкін деген болжам жасауға мүмкіндік береді.[8]

Неліктен ақы төленбейтін еңбек әйел міндеті болып саналады

Юваль Ной Харари өзінің «Sapiens: Адамзаттың қысқаша тарихы» атты еңбегінде атап өткеніндей, гендерлік тарихтың қоғамдағы биологиялық факторлар мен мәдени нормалардың қандай үйлесімі әйелді бағынышты жағдайға қойғаны туралы негізгі сұрақтың жауабы ғылымға белгісіз. Алайда бүгінгі таңда, күтім жасау бойынша ақы төленбейтін еңбек бөлінісіндегі гендерлік теңсіздік қоғамда тамыр жайып үлгерген дискриминациялық нормалардан бастау алатынын растайтын көптеген дәлелдер жинақталып отыр. Қоғамдардың басым бөлігінде ақы төленетін еңбек ерлердің құзыреті болып саналады, ал күтім жасау бойынша ақы төленбейтін еңбек феминизациялауға ұшыраған.

Бүгінгі таңда гендерлік теңсіздікті өлшеуге арналған бірқатар индекстер бар. Кеңінен таралғандары БҰҰ Даму Бағдарламасының гендерлік теңсіздік индексі [9], Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық гендерлік алшақтық индексі [10] және Экономикалық ынтымақтастық және даму жөніндегі ұйымның әлеуметтік институттар мен гендер индексі [11]. Олардың әрқайсысының өз артықшылықтары бар. Аталмыш индектсерде гендерлік аспектілерге әсер ететін және гендерлік теңсіздік негізінде сыни факторларды бөліп көрсететін алуан түрлі факторлар қамтып көрсетілген, оның ішінде денсаулық сақтау, әлеуметтік жағдайлар мен білім, экономикалық және еңбек қызметіне араласу және саяси құқықтар мен мүмкіндіктерді кеңейту факторлары бар.

Дағдарыс уақытындағы күтім жасау бойынша ақы төленбейтін еңбек

Әдеттегі уақытта әйелдер күтім жасау бойынша ақы төленбейтін барлық еңбектің 75%-ын орындайды. COVID-19 дағдарысы әйелдерді өмірлерді аман сақтап қалу, денсаулық сақтау жүйесінің жұмыс қабілеттілігін қолдау және аса маңызды қызметтерді қамтамасыз ету бойынша күрестің шебінің алдыңғы қатарына шығарды. Мектептер мен балабақшалардың жабылуы салдарынан әйелдер үй жұмысының басым бөлігін орындауды жалғастыра отырып, балаларының қашықтықтан оқуын, кәсіби міндеттерді орындауды және қолдау мен күтімді қажет ететін жандарға жәрдемдесуді үйлестіре отырып, күтім жасау бойынша ақы төленбейтін еңбектің қосымша жүктемесін өздеріне алды. Бұл ретте, COVID-19 экономикалық салдарлары әйелдерге әсіресе қатты да қатаң әсер етті, және де осындай теріс салдарлардың көбі әлі ұзақ уақыт жалғасатыны анық.      

2020 жылдың сәуір-мамыр айларында БҰҰ-әйелдер және ЮНПФА бірлесіп өткізген Қазақстандағы COVID-19 әсеріне гендерлік экспресс-бағалау барысында қатаң оқшаулау шаралары Қазақстандағы қалалық және ауылдық отбасыларға қалай әсер еткені туралы мәліметтер жинақталды. Зерттеу нәтижелерімен мына сілеме бойынша өтіп танысуға болады (https://eca.unwomen.org/en/digital-library/publications/2020/06/rapid-gender-assessment-kazakhstan.)

Одан арғы әрекеттер

Ақы төленбейтін еңбекті бөлудегі гендерлік теңдік отбасылар өз бетінше шешуі тиіс жеке мәселе болып табылмайды. Ақы төленбейтін еңбекті әділ бөлу 3«R» тәсілдемесі (ағылшын тілінен Recognizing - тану, Reducing - қысқарту, Redistributing – қайта бөлу) (UNDP 2009) шеңберінде барлық мүдделі қатысушылардың – ерлер мен әйелдердің, үкіметтің, жеке сектордың және үкіметтік емес ұйымдардың бірлесіп күш салуларын талап етеді.

Мемлекет күтім жасау жөніндегі қызметтерді қоса алғанда, әлеуметтік қызметтер жүйесін адекватты қаржыландыруды қамтамасыз етіп, кемсітушіліктің кез келген нысандарына тыйым салатын заңдарды іске асыру арқылы әлеуметтік нормаларды трансформациялауға ықпал етуі қажет. Жеке сектордың осы өзара іс-қимылға қосатын үлесі гендерлік белгі бойынша кемсітушілікке жол бермейтін еңбек практикаларын енгізуге және жұмыскерлер үшін кәсіби қызмет пен жеке өмір арасындағы теңгерімді қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдайлар жасауға негізделеді. Азаматтық қоғам ұйымдары және қоғамдық қозғалыстар гендерлік стереотиптерді өзгертуде жетекші рөл атқаруы тиіс.

“Tackling Social Norms: A Game Changer for Gender Inequalities” («Әлеуметтік институттардың трансформациясы: гендерлік теңсіздік саясатындағы түбегейлі өзгеріс») баяндамасында аталынып өткендей және Гендерлік әлеуметтік нормалар индексінде (UNDP 2020) көрсетілгендей, қоғамда гендерлік белгі бойынша кемсітуді бекітетін әлеуметтік нормалар сақталса, ақы төленбейтін еңбекті әділ қайта бөлуге бағытталған саясат, бағдарламалар мен заңнама  қажетті нәтиже бермейді. Қазақстан да қосылған БҰҰ-ның #EqualPartners атты жаңа қоғамдық науқаны отбасылардағы үй міндеттерін бөлудегі гендерлік стереотиптерді еңсеруге бағытталған.

 

Дереккөздер:

1 UNDP 2017. Investing in Social Care for Gender Equality and Inclusive Growth in Europe and Central Asia, Policy Brief 2017/01.

2 МОТ 2013. «I Резолюция. 19 Еңбек статистиктерінің халықаралық конференциясында қабылданған еңбек қызметі, жұмыспен қамту және жұмыс күшін толық пайдаланбау статистикасы туралы резолюция». Қазан. Женева.

3 UNDP 2009. Unpaid Care Work, Policy Brief Gender Equality and Poverty Reduction, Issue 1, October.

4 ILO 2019. The Unpaid Care Work and the Labour Market. An analysis of time use data based on the latest World Compilation of Time-Use Surveys / Jacques Charmes. International Labour Office – Geneva.

5 https://www.ilo.org/asia/media-centre/news/WCMS_633284/lang--en/index.htm.

6 ХЕҰ 2018. «Күтім жасау саласындағы жұмыс орындары: еңбек саласының келешегі мүддесінде». Резюме. Халықаралық еңбек ұйымы – Женева.

7 OECD (2014), Unpaid Care Work: The missing link in the analysis of gender gaps in labour outcomes, Issues Paper.

8 https://blogs.worldbank.org/eastasiapacific/why-care-about-unpaid-care-work-east-asia

9 UNDP HDR (2019), Gender Inequality Index (GII), http://hdr.undp.org/en/content/gender-inequality-index-gii

10 World Economic Forum (2019), Global Gender Gap Report 2020, https://www.weforum.org/reports/gender-gap-2020-report-100-years-pay-equality

11 OECD (2019), SIGI 2019 Global Report: Transforming Challenges into Opportunities, https://www.oecd.org/publications/sigi-2019-global-report-bc56d212-en.htm

12 UNDP (2020), Tackling Social Norms: A Game Changer for Gender Inequalities, 2020 Human Development Perspectives, UNDP – New York

Icon of SDG 05

UNDP Әлемде

R

Re

А

Азербайджан Албания Алжир Ангола Аргентина Армения Ауғанстан

Б

Бангладеш Барбадос Бахрейн Белиз Белорусь Бенин Боливия Босния және Герцеговина Ботсвана Бразилия Буркина-Фасо Бурунди Бутан Біріккен Араб Әмірліктері

В

Венесуэла Вьетнам

Г

Габон Гаити Гамбия Гана Гаяна Гватемала Гвинея Гвинея-Бисау Гондурас Грузия

Д

Джибути Доминкан Республикасы

З

Замбия Зимбабве

И

Индонезия Иордания Иран

Й

Йемен

К

Кабо-Верде Камбоджа Камерун Кения Кипр Колумбия Комор аралдары Конго Демократиялық Республикасы Конго Республикасы Косово Коста-Рика Кот-д'Ивуар Куба Кувейт

Л

ЛаосХДР Лесото Либерия Ливан Ливия

М

Маврикий және Сейшел аралдары Мавритания Мадагаскар Малави Малайзия Мали Мальдивы Марокко Мексика Мозамбик Молдова Моңғолия Мысыр Мьянма

Н

Намибия Непал Нигер Нигерия Никарагуа

О

Орталық Африка Республикасы Оңтүстік Африка Оңтүстік Судан

П

Пакистан Палестина Халқына көмек бағдарламасы Панама Папуа-Жаңа Гвинея Парагвай Перу

Р

Ресей Федерациясы Руанда

С

Сальвадор Самоа (бiрнешеелдіктердi кеңсе) Сан-Томе и Принципия Сауд Арабиясы Сенегал Сербия Сирия Солтүстік Македония Сомали Судан Суринам Сьерра-Леоне

Т

Таджикистан Тайланд Танзания Токио Тринидад және Тобаго Тунис Тынық мұхит Түркия Түркменстан

У

Уганда Украина Уругвай

Ф

Филиппины

Х

Халықтық Демократиялық Республикасы Корея Хорватия

Ч

Чад Черногория Чили

Ш

Шри-Ланка Шығыс Тимор

Э

Эвсатати Эквадор Экваторлық Гвинея Эритрея Эфиопия

Я

Ямайка

Қ

Қазақстан Қырғызстан Қытай

Ү

Үндістан

Ө

Өзбекстан