Әркімнің жұмыс істеуге құқығы бар

2020 ж. 2 December

Мүгедектерді жұмыспен қамту деңгейін арттыру үшін 2020 жылдың сәуірінде БҰҰ Даму бағдарламасының қолдауымен Нұр-Сұлтан қаласында Кәсіби оңалту орталығы ашылды. Орталық мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастырумен белсенді айналысады.

Қазақстанда 430 мың еңбек жасындағы мүгедек тұрады, алайда олардың тек төрттен бір бөлігі ғана жұмыс істейді. Олардың жұмыспен қамтылу деңгейін арттыру мақсатында 2020 жылдың сәуірінде БҰҰ Даму бағдарламасының қолдауымен Нұр-Сұлтанда Кәсіби оңалту орталығы ашылды. Орталық мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастырумен, оларға психологиялық, құқықтық және кәсіптік бағдар беру бойынша кеңес берумен белсенді айналысады.

Никита Брусницын - орталыққа келушілердің бірі. Бала кезінде оған церебралды сал ауруы диагнозы қойылып, екінші топтағы мүгедектік тағайындалды.

Никита «Аударма ісі» мамандығын үздік бітіріп, бес жыл астаналық аударма агенттіктерінің бірінде жұмыс істеді. Жұмыс жүгінің көптігіне байланысты ол жұмыстан кетуге мәжбүр болды, екі жылдан астам уақыттан бері Никита қашықтан жұмыс істеп келеді.

«Штаттан тыс аудармашы болып жұмыс істегеннен алған табысым маған жеткіліксіз болды, жұмысқа орналасу үшін кейбір ұйымдар менде жоқ жеке оңалту бағдарламасын талап етті», - дейді Никита.

Орталыққа келушілердің бірі Никита Брусницын маркетолог ретінде тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алды.

Орталықтың көмегімен Никита тағылымдамадан өту үшін «Маркет Радио Астана» ұйымына маркетолог ретінде қабылданды. Кәсіби оңалту орталығына жүгінген кез-келген адам барлық қызмет түрлерін ала алады. Орталықтың заңгері еңбек шартын жасасу кезінде барлық нюанстарды ескереді, ал өтініш берушілер тағылымдама кезеңінің өзінде төлем ақы алып отырады. 6 ай жұмыс істегеннен кейін, жұмыс іздеушілерге жұмыс орнына бейімделу және қажетті кәсіби дағдыларды дамыту бойынша көмек беріледі. Орталықта Никитаға психологтың кеңестері де ұсынылды.

«Мен орталыққа жаңа жұмыс іздеп келген едім, ал мұнда психологтың консультациясын қоса, қызметтердің толық спектрі қол жетімді екен. Мен көптен бері білікті маманға барғым келген. Орталықтың өтініш бергендерге ішкі кедергілерін жеңіп, өздеріне деген сенімін арттыруда көмектесуі және мұндай қызметті толығымен ақысыз ұсынуы өте керемет», - деп атап өтті ол.

Никита, сонымен қатар, орталықтағы заңгер мен мансап бойынша кеңесшісі қызметін пайдаланады. «Орталықтың қызметкерлері өте мейірімді, олар әрдайым көмектесуге дайын, тіпті жұмысқа орналасқаннан кейін де алты ай бойы толық қолдау көрсетеді», - деп қосты ол.

Орталықта Никита психолог кеңесін пайдаланады.

Никита жұмыс берушілермен ешқашан қиындық көрмегенін атап өтті. Ол әрдайым өзін лайықты жұмыспен қамтамасыз ететін адал адамдар кездесіп отырғанын айтады. «Жеке өзім мүгедектігіме байланысты мені жұмысқа алмайтын жұмыс берушілерді кездестірген емеспін. Керісінше, мүмкіндігі шектеулі мамандарды жалдауға дайын адамдар жиі кездеседі. Менің ойымша, бұл Қазақстандағы инклюзивті қоғамның дамуындағы оң динамиканы көрсетеді», - деп атап өтті Никита.

«Алайда, тиімді жұмыс істеу өте маңызды, тек осындай қатынас шартында жұмыс берушілер сізді бағалайды. Кез-келген кәсіпте табысқа жету тек адамның өзінің санасына байланысты», - деп санайды Никита. Ол, сонымен қатар, мүгедектерге жұмысқа орналасу кезінде бірқатар жеңілдіктердің, мысалы, қысқартылған жұмыс уақыты (аптасына 36 сағат) бар екенін де атап өтті.

«Мені аудармашы мамандығы қызықтырады, өйткені бұл менің ой-өрісімді кеңейтуге, үнемі өзімді жетілдіріп отыруға және түрлі саладағы көптеген қызықты нәрселерді білуіме мүмкіндік береді, бірақ мен жаңа тәжірибеге де ашықпын. Орталықтың арқасында бүгін маған осындай мүмкіндік туды және мен осы бағытта жетістікке жетемін деп үміттенемін», - деді Никита.

Орталықтың көмегімен Никита қазір «Маркет Радио Астана» ұйымында маркетолог ретінде тағылымдамадан өтіп жатыр.

***

3 желтоқсан жыл сайын бүкіл әлемде Халықаралық мүгедектер күні ретінде атап өтіледі. Бұл көпшіліктің назарын олардың мәселелелеріне аударуға және құқықтарын қоғамдық өмірдің барлық салаларында ілгерілетуге бағытталған.  

2006 жылы Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияның қабылдануы БҰҰ-ның осы саладағы көпжылдық жұмысының заңды жалғасы болды. Қазақстан бұл халықаралық құжатты 2015 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасының қолдауыме ратификациялады.  

Бүгінгі күні 1 миллиардтан астам адам, яғни планетаның әрбір 7 тұрғынында мүгедектіктің қандай-да бір түрі бар. Қазақстанда мүгедектер саны шамамен 700 мың адамды құрайды.

Фактілер мен тәжірибе көрсеткендей, барлық кедергілерді жойған кезде, мүгедектер қоғамның барлық аспектілеріне толыққанды қатыса алады.