COVID-19: БҰҰДБ деректері пандемия салдарын еңсеру және дағдарыстан кейін қалыпқа келу қабілеттілігінде елдер арасындағы елеулі айырмашылықтар бар екенін көрсетеді

2020 ж. 27 May

--- Image caption ---

БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) COVID-19 дағдарысын еңсеру және одан кейін қалыпқа келу қабілеті бойынша елдер арасындағы үлкен айырмашылықты көрсететін деректерді жариялады. COVID-19 дағдарысы салдарының күрделілігі 189 елдің әрқайсысы үшін кедейлік деңгейі, денсаулық сақтау мүмкіндіктері, Интернетке қолжетімділік және әлеуметтік қорғау деңгейі секілді көрсеткіштер арқылы көрсетілген.

Елдердің COVID-19 дағдарысына қарсы әрекет етуге дайын болуының деңгейі

Елдердің дайындығы туралы деректер 189 елге арналған келесі көрсеткіштерді қамтиды - даму деңгейі, теңсіздік, денсаулық сақтау жүйесінің мүмкіндіктері және Интернетке қосылу мүмкіндігі, бұл көрсеткіштер қандай да бір ел COVID-19 секілді дағдарыстың көптеген салдарларына қаншалықты жақсы қарсы әрекет ете алатынын бағалауға мүмкіндік береді.

Барлық елдер дағдарыстар алдында осал келеді, бірақ олардың қарсы әрекет ету қабілеті бүкіл әлемде елеулі дәрежеде ерекшеленеді.

Мысалы, даму деңгейі жоғары елдер - адам дамуының өте жоғары индексіне ие елдер - әр 10 000 адамға шаққанда 55 аурухана төсегіне, 30-дан астам дәрігер мен 81 медбикеге ие, ал даму деңгейі төмен елдерде - бұл көрсеткіштер адамның сол санына есептегенде 7 аурухана төсегі, 2,5 дәрігер және 6 медбике.

Қазақстанға қатысты айтатын болсақ, елдің дайындық деңгейі орташа мен жоғары деңгей аралығында бағаланады: әр 10 000 адамға шаққанда 32,5 дәрігер, 85 медбике мен акушер және 67 аурухана төсегі (2018 жылғы деректер бойынша).

Және жаппай карантиннің енгізілуімен сандық алшақтық анағұрлым үлкен бола түсті. Жер бетіндегі 6,5 млрд. адам - әлім халқының 85,5 пайызы - бұрынғысынша сенімді кең жолақты интернетке қолжетімділікке ие емес, бұл жайт олардың қашықтықтан жұмыс жасау және білім алу мүмкіндіктерін шектейді. Қазақстанда 100 адамға шаққанда 142 ұялы телефон нөмірі бар (яғни бір адамға шаққанда 1 нөмірден артық), ал тіркелген кең жолақты интернет орта есеппен 100 адамның 13,4-нде ғана бар.

COVID-19 дағдарысы жағдайындағы елдердің осалдығы

Дағдарысқа дайын болу маңызды. Бірақ дағдарыс басталғанда елдер оның салдарларынан қаншалықты осал күй кешеді?  Елдердің осалдық жөніндегі деректері елдердің осы дағдарыстың салдарларына сезімталдығын қамтып көрсететін көрсеткіштерді құрайды.

Әлдеқашан кедейлік жағдайында өмір сүріп жатқан елдер қауіп алдында тұр. Соңғы жылдардағы кедейлікті төмендетудегі табыстарға қарамастан, шамамен әрбір төртінші адам әлі де көп өлшемді кедейлікте өмір сүруде немесе сондай кедейлікке осал күйде қала беруде, және әлем халқының 40 пайыздан астамы үшін әлеуметтік қорғау мүлдем жоқ.

ДЕРЕКТЕР ТУРАЛЫ:

Түрлі-түсті кодтаманы қамтитын ұсынылып отырған деректер кестесі елдердің COVID-19 дағдарысына қатысты осалдық деңгейіне, сондай-ақ олардың осы дағдарыс салдарларына қарсы әрекет етуге дайын болу деңгейіне мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді. Кестелер ондағы әрбір көрсеткіш бойынша елдерді ішінара топтастыруға мүмкіндік береді. Көрсеткіштер үшін шекті немесе мақсатты мәндерді ұсынғаннан гөрі, қандай да бір елдің басқа елдермен салыстырғандағы тиімділігін жуықтап бағалау мүмкіндігіне ие болу үшін әрбір көрсеткіш бойынша елдер шамамен бірдей өлшемдегі бес топқа бөлініп отыр. Жоғарғы квинтильді топтағы елдің көрсеткіштері елдердің 80 пайызына қарағанда жақсырақ; ортаңғы квинтильді топтағы елдің көрсеткіштері елдердің 40 пайызына қарағанда жақсырақ, бірақ елдердің басқа 40 пайызына қарағанда нашар болып келеді. Түрлі-түсті кодтау елдердің ішінара топталуын визуализациялайды және пайдаланушыларға таңдалған көрсеткіштердің жиыны бойынша елдің дайындық деңгейін немесе осалдық деңгейін бірден анықтауға көмектеседі. Кестелерде келтірілген деректер ресми халықаралық дереккөздерден алынған. 

Қазақстанда халықтың көп өлшемді кедейлікке қатысты осалдық деңгейі төмен болып саналады, алайда деректер халықтың жартысына жуығы 2007-2016 жылдары әлеуметтік қорғау және еңбек бағдарламаларымен қамтылмағанын көрсетуде.