Қазақстанның климатқа байланысты міндеттемесі

Париж келісімінің талаптарына сәйкес, қазіргі уақытта Қазақстан климаттың өзгеруіне бейімделу және салдарларын жеңілдету шаралары бойынша қолданыстағы өлшеу және есептілік жүйесіне талдау жүргізуде.
Жоба қазіргі заманғы парниктік газдарды өлшеу,  есептілік және верификация жүйесін енгізу, cонымен қатар климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі саясат пен шараларды айқындау бойынша компонентті қоса алғанда, Қазақстанның жаңартылған ҰДАҮ әзірлеуді қолдауға бағытталған болады. Парниктік газдар шығарындыларын азайту және климаттық өзгеруіне бейімделу шараларды іске асыру үшін Қазақстан үкіметі техникалық нұсқаулыққа айналатын, міндеттемелерді атқару жөніндегі жол картасын әзірлеу жоспарланып отыр.
Климаттың өзгеруімен байланысты мәселелерге барынша назар аударуға бағытталған БҰҰ ДБ саясатын жалғастыру, сондай-ақ, климаттың өзгеруінің салдарларын жұмсарту және бейімделу салаларында сарапшылық әлеуетті жоғарлату мақсатында климаттың өзгеруіне байланысты тақырыптар бойынша сессиялардың, жұмыс кеңестерінің және семинарлардың қатары ұйымдастырылатын болады.
 
Жобаның негізгі мақсаттары келесілер болып табылады:
1.    Жаңартылған ҚР ҰДАҮ қосуға арналған климат өзгерісіне бейімделу бойынша компонентті әзірлеу;
2.    Климаттың өзгеруіне бейімделу бойынша шараларды іске асыру жөніндегі Жол картасын әзірлеу;
3.    Ұлттық түгендеу (мәліметтерді жинақтау және өңдеу) жүйесі қатысушыларының әлеуетін арттыру;
4.    Жекеменшік секторды қоса алғанда, сарапшыларға арналған парниктік газдар шығарылымдарын түгендеу жөніндегі оқыту семинарларын өткізу;
5.    Парниктік газдар шығарындыларын реттеу жүйесі қатысушыларына арналған  парниктік газдар шығарылындыларын түгендеу әдістемелерін әзірлеу;
6.    Климаттың өзгеруіне бейімделу және осалдық мәселелерін барлық қолжетімді бұқаралық ақпарат құралдарын тарта отырып жариялау.

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР:

•    ҚР Жаңартылған ҰДАҮ қосуға арналған климаттың өзгеруіне бейімделу бойынша компонент әзірленген;
•    Климаттың өзгеруіне бейімделу бойынша шараларды іске асыру жөніндегі Жол картасы әзірленген.
•    Ұлттық квоталар сату жүйесінің қатысушыларына арналған  парниктік газдар шығарындыларын түгендеу әдістемелері әзірленген.
•    Сарапшыларға парниктік газдар шығарындыларын түгендеу жөнінде оқыту өткізілген.
•    Автоматты түгендеу жүйесі бойынша ұсыныстар әзірленген.
•    Экономиканың басты секторларындағы осалдықтарды бағалау жүргізілген.
•    Тұрғындардың осал топтары айқындалған.
•    Бейімделуге қажетті қаржылық сұраныстар айқындалған.
•    «Климаттық форум» ұйымдастырылған және өткізілген.

Жоба Қазақстанға парниктік газдарды өлшеу, есептеу және растау жүйесін жетілдіруге, климат өзгерісіне бейімделу бойынша шараларды ҰДАҮ-ге қосуға, сондай-ақ, климаттың өзгеруі проблемасы туралы ақпараттандыру деңгейін арттыруға мүмкіндік береді

БЕНЕФИЦИАРЛАР:
• Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігі

ЖОБАНЫ ІСКЕ АСЫРУ МЕРЗІМІ:
• 2020 - 2022

ЖОБА БЮДЖЕТІ:
• БҰҰ ДБ-$540,000

Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ., Әзірбайжан Мәмбетов көш., 14

www.kz.undp.org
gulmira.sergazina@undp.org