Энергия тиімділік: стандарттар мен таңбалау

1990 жылдардың соңынан бастап Қазақстанда электр энергиясын тұтынудың ұдайы өсуі себебінен CO2-ң жоғарғы шығындыларына әкелуде, әсіресе көмірден электр энергиясын өндіру секторынан. 2014 жылы жалпы жылдық шығындылар жиынтығы шамамен 70 млн т. болды. Сондықтан, көп энергия тұтынатын тұрмыстық электротехника мен жабдықтардың тиімділігін арттыру арқылы СО2 шығарындыларын азайтуда айтарлықтай техникалық әлеует бар, бірінші кезекте – тоңазытқыштар, электр қозғалтқыштар және бөлу трансформаторларында.

Жоба мақсаты: энергия тұтынуды және парниктік газдар шығарындыларын азайту мақсатында қазақстандық нарықты энергия тиімді аспаптар мен жабдықтарға қарай түрлендіру.

Жоба кешенді шараларды іске асыру арқылы қойылған тапсырмаларды шешеді, негізгі назар энергия тиімділіктің төменгі стандарттарын еңгізуге бағытталған, ол арқылы бүкіл әлемде бар энергия үнемдеуді кең ауқымды алу тәжірибесі үздіксіз жинақталады. Жоба сонымен қатар өнімнің таңбалануы мен мемлекеттік сатып алулардың ережелеріне сай ерікті түрде энергия тиімділіктің жоғарғы стандарттарын еңгізуін де қолдайды.

Энергия тиімділіктің төменгі және жоғарғы стандарттарын мониторинг және тексеру акредиттелген аттестацияланған зертханалар арқылы іске асырылады, жоба оларға методикалық басшылықтармен және керекті жабдықтармен көмек көрсетеді.

Жоба энергия тұтынатын құрылғыларда ұлттық таңбалануды әзірлеумен айналысады, сонымен қатар кепілдіктер мен несиелер секілді қаржылық тетіктер арқылы тұрмыстық тұтынушылардың  энергия тиімді аспаптар мен жабдықтарға қол жетімділігін арттырады.

Сонымен қатар, жоба аясында маркетингтік зерттеулер, ақпараттық пропагандалы бағдарламалар мен тұрмыстық және өнеркәсіптік тұтынушыларға техникалық қолдау көрсетіледі.

Жоба БҰҰ-ң тұрақты даму бағытындағы «Климаттың өзгеруі» атты 13-ші мақсатына және оның климаттың өзгеруі бағытындағы ұлттық саясатқа интеграциялау іс-шаралары мақсаттарына, стратегиясы мен жобалануына, климаттың өзгеруі салдарын жұмсартуда білім деңгейін, хабардарлық пен адам және институционалдық әлеуетті арттыруға сай.

Атқарушы агенттік: ҚР Инвестициялар және даму Министрлігі

Байланыс ақпараты: Жоба Жетекшісі – Сырым Нургалиев

Эл.пошта: syrym.nurgaliyev@undp.org

Мекен-жай: Астана қ., Азербайжан Мамбетов к., 14, № 307 кеңсе

Тел.: + 7 7172 69 65 50 (2305), ұялы тел. 8-777-833-2090

www.kz.undp.org

 Бенефициарлар:

·  Citizens of RK

·  Government of RK

Жоба мерзімі:

2017-2022

Жалпы бюджет:

$ 15,742,643

ЖЭҚ:

$ 3,500,000

Қосымша қаржыландыру:

ҚР Үкіметі:

$ 10,510,511

Өзге де көздер:

$ 1,432,132

БҰҰДБ:

$ 300,000

Impact

START DATE

January 2017

END DATE

August 2024

STATUS

Ongoing

PROJECT OFFICE

Kazakhstan

IMPLEMENTING PARTNER

Government of Kazakhstan

DONORS

Global Environment Fund Trustee

KWARA STATE GOVERNMENT

TOTAL CONTRIBUTIONS

$3,675,002

DELIVERY IN PREVIOUS YEARS

2017$168,559

2018$693,100

2019$789,493

2020$419,271

2021$65,815

2022$0

Full Project information