Суармалау сумен қамту жүйелері мен дренаждық желілер туралы хабардар болу деңгейін арттыру

Жобаның мақсаты

Қазақстанның ауылдық және қалалық қауымдастықтарының Алматы және Түркістан облыстарында суармалы суға және жетілдірілген ауыл шаруашылық жағдайларына тұрақты қол жетімдімділігі бар.  Бұл, өз кезегінде, ауылдағы кедейлікті азайту және азық-түлік қауіпсіздігін жақсарту бойынша кең ауқымды мақсаттар мен міндеттерді шешуге ықпал ететін болады.

Жағдай және шешім

Бұл жобаның мақсаты жалпы бүкіл Қазақстанға үлгі бола алатын тәжірибені алу үшін, институционалды өзгеру процесін басқару, суармалау жүйелерінің жұмысын басқару мен реттеуді жетілдіру арқылы «Қазсушар» мемлекеттік кәсіпорнының, сондай-ақ оның Алматы және Түркістан облыстарындағы филиалдарының әлеуетін арттыру болып табылады. Жоба аясында (i) әкімшілік департаменттердің (қаржы, пайдалану және техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қадағалау, механикаландыру, техникалық жобалау және жоспарлау, суды пайдалану және сумен қамту) институционалды дамуы, сондай-ақ (ii) техникалық персоналдың жұмыс орындарындағы әлеуетін арттыру, (iii) тұтынылатын суармалы су үшін жаңа тарификация жүйесін және биллинг жүйесін әзірлеу, сондай-ақ (iv) жергілікті фермерлерді және қызмет ететін су пайдаланушылар бірлестіктерін су ресурстарын тиімді басқару мәселелері бойынша хабардар ету мәселелері қарастырылады.

Жобада «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының функционалдық міндеттері мен өкілеттіктерін келістіру жоспарлануда. Жоба «Қазсушар» кәсіпорнының қызметкерлерін су секторындағы одан да тиімді басқару құрылымдары туралы халықаралық біліммен таныстыруға бағытталған. Мұндай өзгерістер суармалы суды дұрыс жеткізуге және суармалау жүйелерін дұрыс пайдалануға мүмкіндік беріп, бұл осы салаға демеушілер мен инвесторлардың оралуына ықпал ететін болады. Жоба Түркістан облысының ауыл тұрғындарына суармалы сумен қамту жүйелерін көбірек пайдалануға және нәтижесінде Мақтарал мен Шардара өңірлерінде тұратын көптеген адамдардың өмір сүру деңгейін жақсартуға мүмкіндік береді.

Жобаның түпкілікті нәтижелері

Бұл мақсат төменде қосымша сипатталған үш компонент / түпкілікті нәтижелер арқылы іске асырылатын болады:

Түпкілікті нәтиже 1: Жергілікті билік органдарының сумен қамту тәжірибесі бойынша әлеуетін күшейту және фермерлік шаруашылықтарда су ресурстарын басқару бойынша фермерлердің ақпараттық қызметін жақсарту (су кеңесі және кеңейту).

Түпкілікті нәтиже 1.1: Қосымша қызметтер суармалау құрылыстарына техникалық қызмет көрсетудің жақсаруына әкеп соқтырады; Түпкілікті нәтиже 1.2: Адами ресурстарды дамыту арқылы мемлекеттік органдар мен жер пайдаланушылар арасындағы өзара әрекеттестікті жақсарту арқылы коммуникация мен үйлестіруді, институционалды хабардарлық пен есеп беруді жақсартудың механизмдері бекітілді; Түпкілікті нәтиже 1.3: Ресурстарды жұмылдыруды жақсарту үшін экономикалық механизмдер енгізілді; Түпкілікті нәтиже 1.4: Шаруашылықтағы суармалау жүйелерін пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету тиімділігі артты.

Түпкілікті нәтиже 2: Түркістан облысының қолдау орталығының тиімді жұмысы, халықаралық ақпаратты / сабақтарды тарату арқылы адами әлеуетті нығайту.

Түпкілікті нәтиже 2.1: Түркістан облысындағы «Қазсушар» кәсіпорнының филиалында сумен қамту қызметтерінің ашықтығы мен есептілігін арттыру үшін мемлекеттік қызметтерді қолдау орталығын құру; Түпкілікті нәтиже 2.2: Халықаралық білім мен практиканың арқасында әлеуетті дамыту бағдарламасы аймақтық деңгейде жасалып, «Қазсушар» кәсіпорны тарапынан қызметтерді ұсыну тиімділігі артты.

Түпкілікті нәтиже 3: Суды есептеу және электронды биллинг жүйесін жақсарту үшін интеграцияланған деректер мен ақпарат жүйе құрылды.   

Түпкілікті нәтиже 3.1: Ауылдық сумен қамту жүйесінде мониторинг және электронды биллинг жүйесінің күшейтуін қолдау сияқты түпкілікті мақсаты бар Алматы облысындағы, Мақтаарал және Шардара аудандарындағы қауымдастықтарының ауыл шаруашылық сумен қамту жүйесінің және әлеуметтік-экономикалық жағдайының базалық зерттеуі; Түпкілікті нәтиже 3.2: Мақтарал және Шардара аудандары үшін судың электронды биллинг жүйесін әзірлеу; Түпкілікті нәтиже 3.3: Мақтарал және Шардара аудандарында Судың электронды биллинг жүйесін қолдау орталығының дұрыс жұмыс істеуі үшін деректер базасын құру; Түпкілікті нәтиже 3.4: Ауыл тұрғындарының сумен қамту жүйесі және судың электронды биллинг жүйесін пайдалану туралы хабардар болуын арттыру; Түпкілікті нәтиже 3.5: Суды беру және жеткізу үшін веб-интерактивті платформа құру.

Бюджет

1 850 000 АҚШ доллары

Қазақстан Республикасының үкіметі

890 000 АҚШ доллары

БҰҰДБ

960 000 АҚШ доллары

Ұзақтығы

Қыркүйек 2018 ж. – желтоқсан 2021 ж.

Жобаны іске асыруға жауапты ұйым

Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының

Даму бағдарламасы

Виктория Байгазина

Байланыс тұлғасы

Тел.: + 7 7172 69 65 50

Факс: +7 7172 69 65 50

Эл. пошта мекенжайы: victoria.baigazina@undp.org