Қазақстандағы ҒЭҚ Шағын Гранттар Бағдарламасы

Қазақстанда жергілікті бірлестіктер деңгейінде жұмыс істейтін қоғамдық ұйымдардың техникалық ноу-хауды, жоспарлау дағдыларын, эксперименттік зерттеулер жүргізу дағдыларын, ұйымдастырушылық дағдыларын бейімделген басқару үшін қажетті құралдары мен ұйымдастырушылық әлеуеті көбіне жеткіліксіз болады.  Өз қызметінде олар жер ресурстары мен биоалуантүрлілік ресурстарын тұрақсыз пайдалану практикасына сүйене алады, бұл өз кезегінде шөлді және далалық экожүйелер үшін қатер төндіреді. Сондықтанда әлеуметтік, экономикалық және экологиялық тұрақтылықты арттыратын, ғаламдық экологиялық пайдаға және тұрақты дамудың артықшылықтарына жетуге негізделген  бейімделген басқаруды әзірлеуде және жүзеге асыруда қоғамдық ұйымдар мен жергілікті бірлестіктерге қолдау көрсету маңызды болып есептеледі.

Тақырыптық фокус: далалық, жартылай шөлді және шөлді экожүйелер

Географиялық фокус: 7 пилоттық облыстар (Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Алматы, ШҚО, Қызылорда және Түркістан)

Жобаның мақсаты:  Қоғамдық коммерциялық емес ұйымдарға (КЕҰ) және ауылдық өңірлердегі жергілікті бірлестіктерге ҒЭҚ-дың негізгі тақырыптық облыстарында шағын жобаларды жүзеге асыру үшін гранттық қолдау көрсету: биоалуантүрлілікті сақтау, климаттың өзгеруі (көші-қондық және бейімделген іс-шаралар), жердің тозуы (жер және су ресурстарын тұрақты басқару), сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешуде ҮЕҰ мен жергілікті бірлестіктердің мүмкіндіктерін кеңейту, жергілікті деңгейде «жасыл» технология енгізу және ілгерілету.

Күтілетін нәтижелер:

  • Жергілікті қоғамдық ұйымдар мүдделі тұлғалардың көп тарапты топтарымен бірлесіп далалық және шөлдік ландшафттардың биоалуантүрлілікті сақтау, жер және су ресурстарын тұрақты басқару, климаттың өзгеру салдарына бейімделу және жеңілдету саласындағы әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын арттыру үшін бейімделген басқару жоспарын әзірлейді және жүзеге асырады.
  • Бейімделген басқару жоспарын және жобаларын  сәтті жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін әрбір пилоттық өңірдің деңгейінде мүдделі жақтардың көп тарапты топтары құрылған. 
  • Әрбір пилоттық өңірдің деңгейінде формалды дискуссиялық платформаға біріккен көп тарапты топтар, жергілікті мемлекеттік басқару органдары және сарапшылар жобалардың тәжірибесін талдауға және алған сабақтарына сүйене отырып шешім қабылдау деңгейінде орын алуы мүмкін өзгерістерді талқылайды.
  • Фокустық өңірлерде жұмыс істейтін қоғамдық ұйымдар биоалуантүрлілікті сақтау және тұрақты пайдалану және экожүйелердің тұрақты жұмыс істеуі; жергілікті бірлестіктердің тіршілігін тұрақты қамтамасыз етудің баламалы әдістерін әзірлеу; пилоттық өңірлер деңгейінде басқару тетіктері мен формалды және формалды емес институттарды нығайту жөніндегі жобаларды бірлестік деңгейінде әзірлеп және жүзеге асыра отырып, өзінің бейімделген басқару саласындағы ұйымдастырушылық әлеуетін дамытады.
  • Ресурстарды және ландшафттық аумақтарды басқару саласындағы жүзеге асырылған қауымдық бастамалар деңгейінде пайдаланылған сәтті технологиялар, тәжірибелер мен тәсілдер алған білімдер мен тәжірибелерді ескере отырып көп тарапты әріптестік жолымен басқа өңірлерде репликацияланады.

Бенефициарлары: ҮЕҰ мен жергілікті бірлестіктер

Жобаны жүзеге асыру мерзімі: 2017-2021

Жобаның бюджеті:

Жалпы бюджет:              USD 7,352,126

ҒЭҚ қаражаты:                 USD 2,649,726

Серіктестердің салымдары:      USD 4,702,400

Әріптестер:

Ұлттық және жергілікті ҮЕҰ

Жергілікті билік органдары

Жергілікті бірлестіктер, фермерлер, колледждер, мектептер, әлеуметтік объектілер және т.б.

Байланыстық ақпарат

Екатерина Ющенко

Жоба менеджері

Алматы қ.

Орбита 1 шағын ауданы, 40 үй, 1 кеңсе

Орталық Азияның Өңірлік Экологиялық Орталығы (ОАӨЭО)  ғимараты

Телефоны: +7 (727)3122089

Эл.поштасы: Katerina.yushenko@undp.org

Impact

START DATE

April 2017

END DATE

July 2022

STATUS

Completed

PROJECT OFFICE

Kazakhstan

IMPLEMENTING PARTNER

United Nations Office for Proj

DONORS

Global Environment Fund Trustee

TOTAL CONTRIBUTIONS

$2,657,616

DELIVERY IN PREVIOUS YEARS

2017$130,179

2018$926,322

2019$589,166

2020$712,488

2021$254,512

Full Project information