Биоалуантүрлілікті қаржыландыру бастамасы – БИОФИН

Жоба мақсаты

1 кезең: Ұлттық деңгейде биоалуантүрлілікті қаржыландырудың мәртебесі мен үрдістерін айқындауда және ресурстар тапшылығы мәселелерін шешуде Үкіметке қолдау көрсету

2 кезең: Биоалуантүрлілікті тұрақты басқару және сақтау үшін қаржылық шешімдерді ұлттық саясатқа енгізу

1-ші кезеңнің нәтижелері:

  • Қазақстандағы биоалуантүрлілікті қаржыландыру үрдістерін саяси, институционалдық және қаржылық талдауы дайындалды;
  • Биоалуантүрлілікті қаржыландыру тапшылығы анықталды;
  • (1) қаржыландыруды жақсарту үшін ЕҚТА басқармасын жоспарлауды нығайту, (2) Қазақстанда ресми құрал ретінде биоалуантүрліліктің ысырабы үшін өтемақы енгізу, (3) органикалық егіншілікті ілгерілету, (4) Қазақстанда аңшылық шаруашылықтарын қаржыландыруды жақсарту, (5) жануарлар түрлерін сақтау және аңшылық шаруашылықтарын дамыту үшін аң-құс өсіруді субсидиялау, (6) экотуризмді дамыту үшін салықтық ынталандыру, (7) халықаралық көміртегі нарықтары арқылы ормандарды қорғауға және тұрақты орман пайдалануға шетелдік инвестицияларды тарту және (8) қайта қаралған ШСЖ-де биоалуантүрлілікті сақтау жөніндегі жобаларды қаржыландыру үшін көміртегі шығарындыларына өтемақы енгізу - 8 жаңа қаржы тетігінен тұратын, биоалуантүрлілік үшін қаржы ресурстарын жұмылдыру жоспары әзірленді
  • «Орман экожүйелік қызметтері» Орман кодексіне енгізілген, орман экожүйелік қызметтері үшін ерікті жарналар мемлекеттік орман қорында орман шаруашылығын жүргізуге арналған шығыстарды қаржыландыру көзі ретінде бекітілген, мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілеріне келтірілетін және (немесе) болмай қоймайтын зиян үшін жарналар «ЕҚТА туралы» заңда қаржыландыру көзі ретінде бекітілген және ЕҚТА басқару жоспары бюджеттік қаржыландыру негізі ретінде бекітілген.
  • Уәкілетті мемлекеттік органдарға орман экожүйелерімен парниктік газдар шығарындыларын өтеу тетігін енгізу үшін орман көміртегі жобаларын әзірлеу және іске асыру; ЕҚТА басқару жоспарларын әзірлеу, экожүйелік қызметтерді экономикалық бағалау бойынша әдіснамалық құжаттар дайындалды және ұсынылды.

2-ші кезеңнің күтілетін нәтижелері:

2022 жылға қарай ұлттық заңнамада 6 қаржы механизмі бекітілетін болады

Іске асыратын ұйым

Қазақстандағы Біріккен Ұлттар

Ұйымының Даму Бағдарламасы

Жобаның мерзімі

1 кезең 2013-2018

2 кезең 2019-2021

Жоба аумағы

Қазақстан Республикасы

Бюджет

1 кезең $580 000

2 кезең $ 651 606

Донорлар

1 кезең Германия үкіметі          $288,336

2 кезең Германия үкіметі           $250,000

1 кезең Швейцария үкіметі       $196,254

2 кезең Швейцария үкіметі       $401,606

1 кезең Еуроодақ                      $95,410

Жоба серіктестері

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрлігі

Байланыс

Талғат Кертешев

БҰҰДБ Биоалуантүрлілік саласындағы жобалар портфелінің менеджері

Тел: +7 (7172) 69-59-58

E-mail: talgat.kerteshev@undp.org

Impact

START DATE

January 2018

END DATE

December 2025

STATUS

Ongoing

PROJECT OFFICE
IMPLEMENTING PARTNER

United Nations Development Programme

DONORS

AFRICAN DEVELOPMENT BANK

Dept of Forgn Afrs Trade & Dev

Digital Good

EUROPEAN COMMISSION

Federal Office for the Environment-FOEN

GOVERNMENT OF BELGIUM

GOVERNMENT OF GERMANY

GOVERNMENT OF NORWAY

GOVERNMENT OF UNITED KINGDOM

Government of Flanders

UNDP Funding Windows

UNITED NATIONS DEVELOPMENT PROGRAMME

UnSpecified

TOTAL CONTRIBUTIONS

$58,672,398

DELIVERY IN PREVIOUS YEARS

2017$0

2018$852,510

2019$4,849,550

2020$5,580,277

2021$6,043,218

2022$8,259,339

2023$9,547,582

Full Project information