Қазақстанда инвесторларды энергия тиімділігі секторына тарту

Қысқаша сипатталуы

Бұл секторға салынатын инвестицияларға қол ұшын бере отырып, Жоба  ШОК-тің экономикалық өсуі мен тұрақтылығын ынталандырады, осылайша COVID-19 дағдарысынан кейін жұмыс орындарын құрып, сақтап, экономиканы қалпына келтіруді тездетеді. Жоба сондай-ақ Қазақстанның ЖІӨ энергия сыйымдылығын төмендету жөніндегі ұлттық стратегиялық мақсаттарын орындауға көмектеседі.

Бұл  мақсаттарға қол жеткізу үшін Жоба қарыздарға кепілдік беру схемасын жасайды және байқап көреді, оқыту және мониторинг бойынша қосалқы қызметті жүргізеді және бастапқы нәтижелердің негізінде қарыздарға кепілдік беру қорының ауқымын арттырады. Тиісті компаниялар энергия үнемдеу саласындағы қызметтер мен жабдықтарды жеткізушілерді қамтитын болады; өзінің материалдық активтері мен энергия жүйелерінің тиімділігін арттыруға ұмтылатын түпкілікті энергия тұтынушылар; және жоғарыда аталған тиісті кәсіпорындарды немесе жобаларды қаржыландыратын делдалдар (микроқаржы ұйымдары, лизингтік компаниялар, факторингтік компаниялар).

Бұл Жобаның тікелей болжамды нәтижесі энергия тиімділігі саласындағы қызмет үшін ШОК үшін коммерциялық банктердің несиелерін жұмылдыру болып табылады.

Жобаның компоненттері

Жоба бес компоненттен тұрады, олардың төртеуі несиелерді кепілдендіру схемасының төңірегінде шоғырланған. Әрбір компонентте жоспарланған іс-шаралар мен нәтижелердің тиісті жиынтығы бар.

1 - Компонент. Ағымдағы және әлеуетті нарықтарды, сондай-ақ энергия тиімділігі саласында жұмыс істейтін ШОК-тың инвестициялық қажеттіліктерін бағалау.

2 - Компонент. Несиелерді кепілдендірудің пилоттық жүйесін әзірлеу.

3 - Компонент. Энергия тиімділігі жобаларына инвестицияларды қолдау жүйесін пилоттау, кейіннен жүйені орнықты ұлттық құрылымға түрлендіре отырып, оның тиімділігі бойынша алынған сабақтарды талдау.

4- Компонент. Перспективалы жобалар портфелін қолдау және дамыту жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін мүдделі тараптардың (банктердің, жеке сектордың, мамандандырылған мекемелердің және т. б.) әлеуетін күшейту.

5 - Компонент.Жобаны басқару.

Атқарушы серіктес: ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

Басталу күні: 27 тамыз 2021 ж.

Аяқталу күні: 31 желтоқсан 2026 ж.             

Жобаның мақсаты

Жоба қолайлы қамтамасыз етудің болмауы салдарынан кредиттерге қолжетімділігі шектеулі шағын және орта кәсіпорындарға (ШОК) банк қарыздарын қолдайтын ішінара кепілдік схемасын әзірлеу, пилоттау және дамыту арқылы жеке инвесторлардан, банктерден және халықаралық қаржы институттарынан инвестициялар тарту арқылы Қазақстандағы ғимараттардың, инфрақұрылымның және басқа да объектілердің энергия тиімділігін алға жылжытуға бағытталған.

Impact

START DATE

September 2021

END DATE

December 2026

STATUS

Ongoing

PROJECT OFFICE

Kazakhstan

IMPLEMENTING PARTNER

Government of Kazakhstan

DONORS

GOVERNMENT OF KAZAKHSTAN

TOTAL CONTRIBUTIONS

$2,791,056

DELIVERY IN PREVIOUS YEARS

2021$75,762

2022$343,056

2023$267,477

Full Project information