Орман экожүйелерінің парник газдарының шығарындыларын өтеу механизмі, Bitfury бастамасы

Жоба мақсаты мен міндеттері

Жоба Қазақстанда СО2 шығарындыларын орман экожүйелерімен сіңіру жөніндегі кешенді іс-шараларды іске асыруға бағытталған. Жобаның негізгі міндеттері Қазақстан Республикасының аумағында Bitfury компаниясының электр энергиясын жеткізушілермен өндірілетін «көміртегі ізін» жалпы тұтыну 82 МВт кезінде 110%- ға қысқарту (1) бойынша іс-шаралар арқылы (2) Париж келісімі бойынша міндеттемелерді орындау шеңберінде парниктік газдар шығарындыларын бейтараптандыру үшін өтемдік тетіктерді құру жөніндегі Қазақстанның ұлттық бастамасын қолдау жөніндегі іс- шаралар арқылы (3) 2030 жылға қарай климаттық өзгерістерге қарсы күрес шеңберінде бүкіл әлем бойынша 350 миллион га орманды қалпына келтіруді болжайтын тұрақты даму саласындағы БҰҰ-ның мақсаттарына қол жеткізуге ықпал ету арқылы қол жеткізілетін болады.

Жобаның компоненттері мен нәтижелері:

1-компонент: ШҚО және Павлодар облысындағы есепке алынбаған ормандарды басқарылатын орман санатына ауыстыру

1-нәтиже. ШҚО мен Павлодар облысының кем дегенде 100,000 га есепке алынбаған ормандары басқарылатын орман санатына ауыстырылды, олар ҚР заңнамасына сәйкес ресімделген.

2-нәтиже. Өртке қарсы техниканы сатып алу арқылы орман шаруашылықтарының техникалық әлеуеті артты.

3-нәтиже. Орман көміртегі жобаларын іске асыруды қамтамасыз ететін нормативтік-құқықтық актілер әзірленіп, мемлекеттік органдарға жіберілді.

2-компонент: Павлодар облысында 20 га-ға жасыл желекті екпелер құру

1-нәтиже. Павлодар облысында 20 га жасыл екпелер құрылып, мемлекет теңгеріміне берілді.

3-компонент: Орман көміртекті жобаларын дайындау

1-нәтиже. Екі бағыт бойынша орман көміртекті жобалары дайындалды, валидацияланды.

2-нәтиже. Көміртегі жобаларының ұлттық тізілімінде жобаны бекіту және тіркеу үшін құжаттар пакеті дайындалды.

3-нәтиже. Қазақстандағы орман көміртекті жобаларының гендерлік теңгеріміне әсер ету үлгілері әзірленді және талдау жасалды.

4-компонент: Жобаны басқару

1-нәтиже. Жоба осы жобалық құжатта көзделген күтілетін нәтижелерге, уақытша және қаржылық шеңберлерге сәйкес іске асырылды.

Атқарушы серіктес:

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі

Жауапты серіктес:

Қазақстан Республикасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының  Даму Бағдарламасы

Жоба мерзімі

2019-2021

Жоба аумағы

Қазақстан Республикасы

Бюджет

$1 500 000

Донор:

Bitfury Holding B.V.

Жоба серіктестері

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

«Жасыл даму» АҚ

Шығыс Қазақстан облысының әкімшілігі

Павлодар облысының әкімшілігі

Байланыс

Талғат Кертешев

БҰҰДБ Биоалуантүрлілік саласындағы жобалар портфелінің менеджері

Тел: +7 (7172) 69-59-58

E-mail: talgat.kerteshev@undp.org