Сегізінші ұлттық хабарламасын әзірлеу және екі екіжылдық баяндамаларын дайындау Климаттың өзгеру мәселелеріне арналған бағдарламаның баяндамасын дайындауға қолдау көрсету

Жоба, Конвенцияның 12 бабында көзделген Тарап міндеттемелеріне және одан кейінгі Тараптар Конференцияларының шешімдеріне сәйкес,  Қазақстанға Сегізінші Ұлттық Хабарламаны және БҰҰ КӨНК Тараптары Конференциясының екі Екіжылдық баяндамаларын дайындауға және ұсынуға мүмкіндік береді.

Жоба шеңберінде ұлттық шарттар, парниктік газдарды (ПГ) түгендеу және климаттың өзгеруі салдарларын жұмсарту үшін қолданылған шаралар, климаттың өзгеруіне осалдықты бағалау және бейімделу бойынша қолданылып жатқан іс-қимылдар, қоғамды ақпараттандыру, ағартушылық жұмыс және мамандарды даярлау, жүйелік бақылаулар мен зерттеулер, қаржы ресурстарын тарту мен беру және технологияларды табыстау жөніндегі ақпарат жаңартылатын болады. Жоба арқылы ПГ түгендеу, ПГ шығарындыларын болжау, осалдықтарды бағалау және, тұтастай алғанда, Ұлттық хабарламаны / Екіжылдық баяндамаларды дайындау салаларындағы техникалық және институционалдық әлеует арттырылатын болады, климаттың өзгеруі мәселелерін дамудың салалық және ұлттық басымдықтарына біріктіруде ҚР Үкіметіне жәрдем көрсетілетін болады.

Жобаның негізгі міндеттері болып мыналар табылады:

1. БҰҰ КӨНК 4 және 12 баптарына сәйкес, есептілікке қойылатын талаптарды орындауда Ұлттық хабарламаны және Екіжылдық баяндамаларды дайындау арқылы Қазақстанға жәрдем көрсету.

2. Киото хаттамасына, Париж келісіміне және БҰҰ КӨНК сәйкес есептілікті ұсынуда Қазақстанға жәрдем көрсету.

3. Ұлттық хабарламаны және Екіжылдық баяндамаларды дайындау, оның ішінде ПГ Ұлттық кадастрына мәліметтерді жинақтау, салдарларды жұмсарту бойынша орнықты шараларды қолға алу, климаттың өзгеруі мәселелерін экономиканың басым секторларына арналған ұлттық даму саясатына біріктіруде үкіметке жәрдем көрсету үшін ұлттық техникалық, институционалдық және сарапшылық әлеуетті нығайту.

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР:

  • ПГ шығарындылары мен сіңірулерін түгендеудің әдістемесі және институционалдық шеңбері күшейтілген. Өз кезегінде, бұл түгендеу тобының әлеуетін арттырады және Ұлттық түгендеу жүйесінің шеңберінде бірізді және тұрақты ақпарат жинақтауды қамтамасыз етеді.
  •  Ұлттық хабарлама және Екіжылдық баяндамалар мақсаттары үшін ПГ кадастры жаңартылған.
  • Ұлттық сарапшылардың әлеуеті арттырылған және ПГ шығарындылары мен сіңірулерімен байланысты ұлттық шарттардың өзгерістеріне бағалау жүргізілген.
  • ПГ шығарындыларының болжауларын құру әдістемесі жетілдірілген және, гендерлік ерекшеліктерді ескере отырып, саясаттар мен шаралар бөлімі жаңартылған.
  • Сегізінші ұлттық хабарлама мақсаттары үшін осалдықтарды бағалау әдістемесі күшейтілген, гендерлік проблематиканы ескере отырып климаттың өзгеру әсері мен осалдықтары және бейімдеу шаралары жөнінде тарау әзірленген.
  • БҰҰ КӨНК-на екі Екіжылдық баяндамалар және Сегізінші ұлттық хабарлама дайындалған және ұсынылған.

БЕНЕФИЦИАРЛАР:

Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі

ЖОБАНЫ ІСКЕ АСЫРУ МЕРЗІМІ:

2019-2022

ЖОБА БЮДЖЕТІ:

ЖЭҚ – $852 000

Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ., Әзірбайжан Мәмбетов көш., 14

www.kz.undp.org

saulet.sakenov@undp.org