ТДМ Ұлттық платформасын құру үшін әріптестік

Жоба мақсаты: Барлық мүдделі тараптар үшін Қазақстан Республиксынын (ҚР) Ұлттық экономика министрлігінің (ҰЭМ) ТДМ үйлестіру және бақылау жөніндегі жауапты орган және Секретариат ретіндегі әлеуетін күшейту, арқылы ТДМ-на мониторинг жүргізу, енгізу және мемлекеттендіру үшін ұлттық платформа құру. Жоба сонымен қатар ҚР Статистика Комитетіне  статистикалық есептілікті ұсынуға  және ҚР ҰЭМ жанындағы Экономикалық зерттеулер институтына Секретариат міндеттерін орындауда көмектеседі. 
Жоба негізгі төрт компоненттерден тұрады:
1.ТДМ-н іске асыру, бақылау және есеп беру механизмі мен үйлестіруді жетілдіру;
2.Қазақстандағы ТДМ-н ұлттандыру және локалдау процесінде техникалық көмек көрсету;
3.Ұлттық статистика әлеуетін қолдау;
4.ТДМ қаржыландыру туралы диалог құру.

2019-2020 жылдың нәтижелері:
• Қазақстанның Алғашқы ерікті ұлттық шолуы 2019 жылдың шілдесінде БҰҰ-ның Жоғары деңгейдегі саяси форумында ұсынылды;
• ТДМ-ң жұмыс тобының 20-дан астам отырысы өткізілді;
• Алғашқы ерікті ұлттық шолуын дайындауға 200-ден астам сарапшылар тартылды;
• 2019 жылы 17 мамырда XII Астана экономикалық форумының аясында Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі бірінші форум өтті;
• 2019 жылы 15-16 қарашада Алматыда ОАӨЭЫ елдерінен 300-ден астам сарапшылар мен қонақтардың қатысуымен «Тұрақты даму мақсаттары үшін қаржы ресурстарын жұмылдыру» ТДМ бірінші аймақтық саммиті өтті;
• Қазақстандағы ТДМ-н локалдау бойынша алғашқы қадамдар жасалды. «Миссия 2030» интерактивті ойынымен Қазақстанның облыстары мен ірі қалаларында 17 семинар ұйымдастырылды. Халықтың әртүрлі секторларынан ТДМ-н іске асыру туралы пікірлерін жиналды;
• 2019 жылы дамуды қаржыландыру бағаланды және республикалық бюджеттерге жедел кешенді бағалау жүргізілді;
• Мемлекеттік органдар, ҮЕҰ және жеке сектор өкілдері үшін ТДМ бойынша 10-нан астам семинар өткізілді;
• Қазақстанда 34 ТДМ гендерлік көрсеткіштері бойынша дамуды көрсету мақсатында ҚР Статистика Комитетімен серіктестікте арнайы жинақ жарияланды.

Ұлттық атқарушы орган:
ҚР Ұлттық экономика министрлігі
Шетелдік серіктес:  Азиялық Даму Банкі (АДБ)  
Басталуы: 01.01.2019
Аяқталуы: 31.12.2020
Бюджет: 635,000 АҚШ Доллары
Донорлар: БҰҰДБ, АДБ

Жоба менеджері

Айгерим Егембердиева

aigerim.yegemberdiyeva@undp.org

+7 701 641 03 36