Өмірлік маңызы бар дәрі-дәрмектердi сатып алу

Қазақстандағы басқа да әлеуметтік маңызды аурулармен қатар, С гепатитімен науқастану саны жыл сайын өсуде (соңғы он жылда 4,6 есе өскен). Осы жобаның шеңберінде БҰҰДБ «СК-Фармация» ЖШС әлеуметтік маңызы бар аурулардың, оның ішінде C гепатитін емдеуге қажетті дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сатып алу саласындағы әлеуетін дамытуды қолдайды.

2018 жылғы сатып алу:

  • Софосбувир дәріcі (С гепатиті) 18,460 пациентті емдеу;
  • Даклатасвир дәріcі (С гепатиті) 18,460 пациентті емдеу.

2019 жылғы жоспарланған сатып алу:

  • Софосбувир дәріcі (С гепатиті) 2,731 пациентті емдеу;
  • Даклатасвир дәріcі (С гепатиті) 2,731 пациентті емдеу;

Ықтимал сатып алулар:

  • Адалимумаб (ревматоидты артрит) – 929 алдын-ала толтырылған шприцтер;
  • Долутегравир 50 мг (АРВ) – 41,951 қорап;
  • Софосбувир/даклатасвирға қосымша тапсырыс.

БҰҰДБ сараптамасы:

 Халықаралық деңгейде:

  • Сатып алу жобаларын іске асырудағы көпжақты сараптама;
  • БҰҰДБ-ның жаһандық корпоративтік ұзақ мерзімді келісімшарттары шеңберінде жеңілдіктерді пайдалануға мүмкіндік беретін халықаралық деңгейде ауқымды сатып алудан аса тиімді үнемдеу (БҰҰДБ-ның бірнеше елдік кеңселерінің қажеттіліктерін біріктіру арқылы).

Ұлттық деңгейде:

  • Жобаларды басқару, соның ішінде қаржылық және әкімшілік мәселелер;
  • Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сатып алуда Ұлттық серіктестің әлеуетін дамытуға қолдау көрсету;
  • Халықаралық және ұлттық деңгейде конкурстық сауда-саттық өткізу;
  • Тауарларға, логистикаға және сақтандыруға тапсырыс беру;
  • Сенімді жеткізушілерден ең төмен баға бойынша жоғары сапалы медициналық өнімдерді сатып алу.

Жобадан күтілетін нәтижелер:

  • Қазақстан Республикасының тұрғындарын жоғары сапалы медициналық өніммен қамтамасыз ету;
  • Инновациялық диагностикалық технологиялармен және шығын материалдарымен жарақтандыру арқылы қазақстандық медицина мекемелерінің әлеуетін арттыру;
  • Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ККТМК) шеңберінде емдеудің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру;
  • Ұлттық серіктестердің сатып алу бойынша әлеуетін арттыру;
  • Медициналық мекемелердің әлеуетін арттыру.

Жобаның бенефициарлары:

Гепатит С және басқа әлеуметтік маңызды ауруларға шалдыққан науқастар

Жобаның географиясы:

Қазақстан Республикасы

Жобаның ұзақтығы:

2018-2020

Жалпы бюджет:

$4,399,714.69

Донор / серіктес:

  • ЖШС «СК – Фармация» – $4,399,714.69
  • Денсаулық сақтау министрлігі
  • Қор теңгерімі (2019-2020ж.) – $2,673,792