Астана мемлекеттік қызмет хабы

Астана мемлекеттік қызмет хабы Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының бастамасымен құрылды. 2013 жылдың науырызында 25 мемлекет пен 5 халықаралық ұйым хабтың құрулу туралы Декларациясын қабылдады. 

Бүгінгі күні Астана хабы - 43 мүше елден тұратын мемлекеттік қызмет саласындағы тәжірибе мен білім алмасудың институционалдық платформасы болып табылады.

Миссия:

Мемлекеттік қызметтің институционалды және адами әлеуетін қалыптастыруға қатысушы елдердің үкіметтерінің күш-жігерін қолдай отырып, мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу.

Мақсаттары:

  • Хабтың серіктес ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайту, сарапшылар қауымдастығымен, бүкіл әлем бойынша зерттеу орталықтарымен және университеттерімен әріптестік орнату;

  • Аймақтағы мемлекеттік қызметті реформалау саласында практикалық тәжірибе мен білімді алмасу мақсатында басқарушылардың, практиктердің және басқа мүдделі топтардың әріптестік желісін дамыту;

  • Мемлекеттік қызметшілердің әлеуетін арттыру мақсатында техникалық көмек және/немесе кеңес беру қызметтерін ұсыну;

  • Мемлекеттік қызметтерді дамыту және жетілдіру бойынша әлеуетті арттыру мақсатында қатысушы мемлекеттерге техникалық көмек және кеңес беру бойынша қолдау көрсету;

  • Мемлекеттік қызметті дамыту және жаңғырту саласындағы озық тәжірибе мен тәсілдерді тарату бойынша оқыту семинарларды, тренингтерді өткізу;

  • Мемлекеттік қызметті дамыту мен кәсібилендіруде қолданбалы зерттеулер мен талдаулар жүргізу;

  • Мемлекеттік қызметтерді дамыту және реформалау саласындағы ақпараттық материалдарды, соның ішінде инновациялық шешімдерді, кейстерді және журналдарды тарату.

Негізгі қызмет бағыттары:

Әріптестік және ынтымақтастық

Әлеуетті нығайту және тең дәрежеде білім алмасу

Зерттеулер мен білімді басқару

Соңғы 10 жылдағы нәтижелер:

  • Қатысушы елдердің саны 25-тен 43-ке дейін өсті.

  • Хаб мемлекеттік қызметті реформалау саласында білімі мен тәжірибесі бар 90 институционалдық ұйымдармен серіктестік орнатты. Мемлекеттік саясат және мемлекеттік басқару саласындағы жетекші жоғары оқу орындарымен өзара түсіністік туралы 55-ден астам меморандумға қол қойылды.

  • Хаб қатысушы елдердің мемлекеттік қызметкерлеріне сараптамалық кеңес беру мақсатында ғылыми-зерттеу институттары мен университеттердің, халықаралық ұйымдардың, мемлекеттік қызмет саласындағы кәсіби қауымдастықтардың өкілдерінен тұратын тізім жасады. Қазірде тізімде 140-дан астам сарапшы бар және оның саны ұлғаюда.

  • Хаб 125 елдің 12 000 өкілдеріне  әлеуетті арттыру бойынша 180-ден астам шара ұйымдастырды.

  • Хаб 70-тен астам зерттеу өнімдерін жариялады: аналитикалық кейстер, журналдар, ғылыми басылымдар.

  • Хаб  Мемлекеттік қызмет реформалары және тәжірибелері халықаралық журналының 18 шығарылымын жариялады -  рецензияланған және тәжірибелерге бағытталған басылым.

  • Хаб мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы ең тиімді инновациялық шешімдерді анықтау үшін 2 инновациялық шешімдер конкурсын өткізді.

  • Хаб бір терезе қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету, электрондық үкіметті дамыту     және мемлекеттік басқарудағы транформация мен инновациялар саласында мамандардың практикалық тәжірибесін жинақтау және алмасу үшін 3 тәжірибешілер одағын іске қосты.

  • Хаб қатысушы елдердің өзгеретін басымдықтарын айқындау үшін қажеттіліктерді бағалауға арналған 5 зерттеу жұмыстарын жүргізді.

  • Хаб COVID-19 пандемиясымен күресте 62 елден 5000-нан астам мемлекеттік қызметкерлердің, ғалымдар мен сарапшылардың әлеуетін күшейтуге бағытталған 40-тан астам онлайн-іс-шараларды өткізді.

  • Хаб COVID-19 пандемиясы жағдайында тәжірибе алмасатын Виртуалды Альянсын құрды. Платформада 40-тан астам тәжірибелік материалдар мен пайдалы ресурстар бар.

  • Хаб қатысушы елдердің мемлекеттік қызметшілерін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында магистрлік бағдарламаларға оқытуды қолдайды. 23 стипендия бөлінді.

Хабтың жарияланымды көру үшін QR-кодты қолданыңыз:

QR code

Бізбен байланыста қалыңыз: 

Электрондық пошта: acsh@undp.org 

www.astanacivilservicehub.org 

www.fb.com/hubastana

Орындаушы серіктес:

Қазақстан республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

Донор:

Қазақстан Республикасының Үкіметі