АИТВ инфекциясы мен туберкулез мәселелері бойынша халықаралық ұйымдармен жұмыс жөніндегі елдік үйлестіру комитетін қолдау

Бұл жобаның жұмысы АИТВ инфекциясы мен туберкулез мәселелері бойынша халықаралық ұйымдармен жұмыс жөніндегі елдік үйлестіру комитеті (бұдан әрі - ЕҮК) өз қызметін жүзеге асыруда тиімділікті арттыруға бағытталған. ЕҮК жобасы жыл сайынғы жұмыс жоспарына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің «АИТВ және туберкулез мәселелері бойынша халықаралық ұйымдармен жұмыс жөніндегі Елдік үйлестіру комитеті туралы» 2017 жылғы 11 сәуірдегі № 43-р бұйрығына сәйкес жүзеге асырылуда. Басты міндетіне сәйкес, Қазақстандағы ЕҮК ұлттық деңгейдегі басым қажеттіліктерге негізделген Ғаламдық қордан және басқа донорлардан гранттар алуға өтінімдерді әзірлеу бойынша іске асыру барысын бақылау және мониторинг жүргізу, сондай-ақ Ғаламдық қордың гранттары арасындағы өзара байланысты және келісімді қамтамасыз ету, денсаулық сақтау саласындағы даму бағдарламаларымен тығыз қарым қатынаста жұмыс жасау. 2009 жылы ЕҮК-не қажетті әкімшілік, хатшылық, коммуникациялық және логистикалық қолдау көрсету арқылы өз функцияларын орындауға көмектесу үшін ЕҮК Хатшылығын құру туралы шешім қабылданды. 2010 жылы Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы ЕҮК атынан кеңейтілген қаржыландыруды басқару үшін ЕҮК қаржысының алушысы болып тағайындалды.

Жобаның мақсаты:

  • ЕҮК-не қажетті әкімшілік, логистикалық және коммуникациялық қолдау көрсету арқылы өз қызметін іске асыруға көмек көрсету;
  • Барлық мүдделі тараптарды бағдарламаны басқаруға, соның ішінде азаматтық қоғам ұйымдары мен қозғалатын негізгі топтарды ЕҮК-не ашық сайлау арқылы шақыру;
  • Туберкулезге және АИТВ-ға қарсы бағдарламаларды және олардың тұрақтылығын, оның ішінде үйлестіру тетігінің тұрақтылығын жақсарту үшін әлсіз тұстарын анықтауға қолдау көрсету;
  • ЕҮК-ң жобаларды қадағалау қызметін іске асыруға қолдау көрсету;
  • 2021-2023 жылдарға арналған АИТВ компонентін қаржыландыруға жаңа өтінімді дайындау бойынша Елдік диалог жүргізу.

Күтілетін нәтижелер:

  • ЖИТС, туберкулез және безгекпен күрес жөніндегі Жаһандық қорға АИТВ, туберкулез және ЕҮК компоненттерін қаржыландыруға жаңа жобаларды әзірлеу және тапсыру;
  • негізгі әлсіз топтардың өкілдері (АИТВ мен өмір сүретін адамдар, СҚ, МСМ, туберкулезбен ауыратын адамдар, АҚТҚ-мен өмір сүретін әйелдер) және академиялық және жеке сектор өкілдерінің CCM отырыстарына тең қатысуын қамтамасыз ету;
  • ЕҮК отырыстарының шешімдерін ұсыныстармен бірге әзірлеу;
  • Кемінде 30 шешім қабылдаушы тұлғалардың OST және MSM бағдарламаларын бағалау нәтижелері туралы хабардарлығын арттыру және АИТВ/ЖИТС-ның алдын алу бағдарламаларына (UBRAF/UNAIDS) мемлекеттік қаржыландыруды ұлғайтуға назар аудару.

Жобаның қызметі: ЕҮК отырыстарын ұйымдастыру арқылы өз қызметін жүзеге асыруда ЕҮК-ге қолдау көрсету; Бақылау комитеттің мүшелерін сайлау; ЕҮК веб-сайтын қолдау және жаңарту; ЕҮК қадағалау қызметтерін жүзеге асыру.

Серіктестер:

  • Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі;
  • Азаматтық қоғам және халықаралық ұйымдар;
  • Жергілікті қор агенттері;
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дерматология және инфекциялық аурулардың ғылыми орталығы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің психикалық денсаулығының республикалық ғылыми-практикалық орталығы, ЖИТС-тің аймақтық орталықтары, наркологиялық және туберкулезге қарсы диспансерлер.

Байланыс тұлғалары:

Демеуова Рысалды, ЕҮК хатшылығының үйлестірушісі

Электрондық пошта: ryssaldy.demeuova@undp.org

Мекен-жайы: 050000, Алматы қ

Байзақов көшесі, 303, 707 кеңсе

Skype: rusa.demeuova

Айнур Абусейітова, ЕҮК Хатшылығының көмекшісі

Электрондық пошта: ainur.abusseitova@undp.org

Адрес: 010000, Нұр-Сұлтан, Ә. Мәмбетов көшесі, 14

Жоба бенефициарлары:

Қазақстандағы ЕҮК

Жобаны іске асыру мерзімдері: 2020-2022 жж.

Жобаның қардысы: $255 000

Impact

START DATE

January 2020

END DATE

December 2022

STATUS

Completed

PROJECT OFFICE

Kazakhstan

IMPLEMENTING PARTNER

Government of Kazakhstan

DONORS

The Global Fund to Fight AIDS, Tuberculosis and Malaria

TOTAL CONTRIBUTIONS

$344,003

DELIVERY IN PREVIOUS YEARS

2019$0

2020$81,274

2021$84,476

2022$137,843

2023$0

2024$-248

Full Project information