Химиялық заттар туралы "Химкаст" подкасты

Хим Каст – бұл біз химиялық заттармен күнделікті қалайша кездесетініміз туралы және бізге олардың әсерін қалайша неғұрлым төмендетуге болатыны туралы қарапайым және түсінікті баяндайтын кіші каст

Химкаст подкаст сериялары осы сілтемеде қол жетімді

«Оранж агент қасымызда!»
20-ғасырдын ортасында орын алған Вьетнам экологиялық апаты мен қоқыс жағу арасындағы қандай байланыс бар? Қандай қауіпті заттар біздің қасымызда бар? Осы эпизотта адам денсаулығына уытты химиялық заттардың әсері туралы және әлемдік қауымдастық осы тәуекелдерді төмендету үшін қабылдап жатқан шаралар туралы баяндалады.
Салтанат Баешова, БҰҰДБ жобасының сарапшысы, химия ғылымдарының кандидаты, Хьюберт Хамфри АҚШ бағдарламасының түлегі

«Химиялық сән»
Сәнді трендтер фасондарын, түстерін №№№ ауыстыра отырып, өзіңіздің гардеробыңызды тұрақты жаңартуды талап етеді. Ал одан әрі қоқыс үйінділерінде шіритін немесе бықситын осы киімнің құрамында болуы мүмкін? Осы эпизодта синтетикалық киімнің құрамы туралы және біздің балаларымызды олар алғашқы өмір сүру күіндері олармен байланыста болатын ойыншықтар мен басқа бұйымдардағы зиянды заттардан қалай қорғауға болатыны туралы баяндалады.
Ольга Сперанская, химиялық қауіпсіздік бойынша халықаралық сарапшы, Орнықты органикалық ластағыштарды жою жөніндегі халықаралық желінің (IPEN) және «Экокелісім» орталығының тең төрағасы, физика ғылымдарының кандидаты

«Абайлаңыз, сән»

Бар болғаны 100 жыл бұрын пластиктің бар болуы туралы ешкім де білмеген деп кім ойлар еді! Ол, мүмкін, адамдар материалдарда іздестірген қасиеттерінің – ұзақ мерзім жарамды болуы, икемділігі мен беріктігінің арқасында өз танымалдылығының жылдамдығы бойынша чемпион болды, алайда осылардың арқасында пластик таяу арада өз жетістігінің құрбаны болды. «Биопластик» қаншалықты қауіпсіз? Осы эпизодта оны пайдалану ыңғайлығының артында қандай зиян жасырынып тұрғаны туралы және адам денсаулығына оның зиянды әсерін қалай барынша төмендетуге болатыны туралы баяндалады.
Ольга Сперанская, химиялық қауіпсіздік бойынша халықаралық сарапшы, Орнықты органикалық ластағыштарды жою жөніндегі халықаралық желінің (IPEN) және «Экокелісім» орталығының тең төрағасы, физика ғылымдарының кандидаты

Қара қар
Бұл эпизодта «қара қар» феномені талқыланады. Неліктен дәл қазақстандық қалада қар бір күні қара болды? Себептері мен салдарлары қандай? Химиялық қауіпсіздік саласындағы сарапшы жүргізілген зерттеулердің нәтижелерімен бөліседі.
Дмитрий Калмыков, Қарағанды облыстық экологиялық музейінің даму бойынша диркторы

Түскі асқа пестицид
Пестицидтер сіздердің дастарханға түсті ме? Әлде пестицидтермен сіздердің балаларыңыз тыныс алды ма? Сарапшы бұдан неге және қалай қашқақтауға болатыны туралы және тұтынушылар өздерінің денсаулығына зиян келтірмеу үшін қандай қарапайым іс-қимыл жасаулары тиіс екендігі туралы  баяндайды
Оразалина Казкен Назымбековна, химиялық қауіпсіздік және пестицидтер бойынша ұлттық сарапшы

Гендерлік химия
Осы кіші кастта сарапшы ерлер мен әйелдердің ағзасына химиялық заттардың әртүрлі әсер етуіне қандай факторлар әсер ететіні туралы баяндайды. Зимиялық заттардың зиянды әсерін төмендетуге бола ма және осы мәселедегі серіктестік қатынастар қандай рөл ойнауы мүмкін?
Валентина Бодруг-Лунгу, гендерлік мәселелер бойынша халықаралық сарапшы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Молдавия мемлекеттік университеті, Молдова Республикасындағы Гендерлік теңдік туралы заңның және Отбасыдағы зорлық-зомбылық туралы заңның авторы/тең авторы