Азаптауға және қатыгездікке қарсы ұлттық алдын-алу тетігі

Қазақстанда   азаптаулар мен қатыгездікке қарсы ұлттық алдын-алу тетігі (ҰАТ) тұрақты негізде жұмыс істейді. Бұл қызметті үйлестіру жұмыстарын Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесі жүргізеді.   ҰАТ құрамына азаматтық қоғамның уәкілдері кіреді, олар өз кезегінде аймақтық топтардың құрамында түзету мекемелеріне,  Қазақстан Республикасы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне мен  Ұлттық Қауіпсіздік Комтетінің  КУИС тергеу изоляторларына, полиция бөлімдеріне, арнайы қабылдау орындарына, қабылдау -тарату орындарына, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтары, балалар үйлері, арнайы білім беру мекемелері, денсаулық сақтау, сондай-ақ қоғамнан оқшаулау орындарына адамдар сақталатын арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарға мониторинг жасау мақсатында барып отырады. ҰАТ мүшелерінің міндеті -  уәкілетті органдарға аталған сапарлар барысында тіркелген адам құқықтарының бұзылу фактілері туралы  ақпаратты жинау және  есеп пен ұсыныстарды дайындау. Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасы Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықпен бірге БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын (№16 ТДМ) іске асыру шеңберінде жабық мекемелердегі тұлғалардың жалпыға бірдей құқықтары және азаматтық құқықтарын қамтамасыз ету үшін ҰАТ-ны институционалдық құрылымын нығайту және оның қатысушыларының  әлеуетін күшейту бойынша бірлесіп жұмыс жүргізуде.