Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының Тұрақты өкілі Якуп Бериштің Қазақстан Парламентінің Сенатында Адами даму есебіне арналған іс-шарада сөйлеген құттықтау сөзі

2022 жылғы 10 наурыз, сағат 15.00.

2022 ж. 10 March

Фото: Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі

Аса құрметті Ольга Валентиновна,

Парламент депутаттары, министрлер,  

ханымдар мен мырзалар,

Бүгінгі іс-шараға қош келдіңіздер!

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, алдымен Қазақстан Республикасының Сенатына осы іс-шараны ұйымдастырғаны үшін және елдегі адами даму мен тұрақты даму жолын іздеуге қызығушылық танытқаны үшін алғыс білдіруге рұқсат етіңіздер!  

Сіздерді Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына қабылданғанына 30 жыл толумен құттықтауға қуаныштымын. Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы Қазақстанның мақтан тұтарлық серіктесі болып табылады және тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап елдің дамуын қолдап келеді.

Біз бүгін Қазақстанның адам дамуының үш онжылдығындағы жетістіктерін талқылау үшін жиналдық. Осы салыстырмалы түрде қысқа мерзімде еліміз 1990 жылдардағы аласапыран кезеңді еңсеріп, дамудың түрлі салаларында көптеген серпілістерге қол жеткізді. Мысалы, маңызды нарықтық реформалар жүргізіліп, кедейшілік деңгейі айтарлықтай төмендеді, заманауи мемлекеттік қызмет құрылып, халыққа мемлекеттік қызмет көрсету қарқынды түрде жақсарды.

Өткен жылы адами дамуы индексіне (АДИ) негізделген адам дамуы туралы бірінші баяндаманың 30 жылдығы да атап өтілді. АДИ дамудың ілгерілеуі туралы пікірталастарды ЖІӨ-ден алшақтатып, адамдардың өмірі үшін шынымен «маңызды» шараға бағыттау үшін әзірленген.

Осы тұрғыдан алғанда, сандық көрсеткіштер бізге Қазақстанның соңғы 30 жылдағы үлкен жетістіктері туралы айтып береді. Бүгінгі таңда Қазақстан адами даму деңгейі өте жоғары елдер тобына кіреді және осы жетістігімен мақтана алады.  

Соған қарамастан, болашақта елді осындай жетістіктерге әкелген себептерді сақтау маңызды. Бүгінде жиырма жылдан астам өсу мен тұрақты әлеуметтік-экономикалық ілгерілеуден кейін Қазақстан жаңа жаһандық, аймақтық және ұлттық сын-қатерлері бар нәзік және болжауға келмейтін ортаға тап болды.

Осы сын-қатерлеге өткен жетістіктерді тоқтатуға қауіп төндіретін планетарлық қысымдар, азаматтардың сенімділігін арттыру қажеттілігі, адам мүмкіндіктері мен білім мен технологияны қажет ететін дамып келе жатқан салалар арасындағы сәйкессіздік, адамдарға, мекемелерге және бизнеске жойқын әсері бар COVID-19 пандемиясы жатады.

Сонымен, сұрақ туындайды: адамзат прогресін қалай сақтауға болады? Біз қандай стратегияларды бейімдей аламыз? Қандай құралдар бізді келесі деңгейге шығарады?

Бізге адамзат прогресінің келесі шекарасында өркендеу үшін жан-жақты трансформациядан кем ештеңе қажет емес. Біз қазірдің өзінде батыл реформалық көзқарас пен саяси ерік-жігерді, сондай-ақ Қазақстанның жасыл, институционалдық, әлеуметтік және цифрлық трансформациясының негізгі құрылыс блоктарын көріп отырмыз.

Әрине, бұл процеске үкімет жетекшілік етуде, бірақ оны әлемдегі бірде-бір үкімет жалғыз жасай алмайды. Қажетті өзгерістерді енгізу және қолдау үшін серіктестіктер мен одақтар құрылуы керек және біз БҰҰДБ ретінде осы даму жолында елге және оның халқына кез келген уақытта қолдау көрсетуге дайынбыз.

Көп рахмет.