БҰҰДБ Тұрақты өкілі Якуп Бериш мырзаның "Жасыл экономикаға" көшу жөніндегі кеңестің отырысында сөйлеген сөзі.

2020 ж. 24 June

Құрметті, Премьер-Министр Мамин мырза, министрлер мен үкіметтік емес сектордағы әріптестер.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының атынан Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Жасыл экономикаға" көшу жөніндегі кеңес мүшелерінің алдында сөз сөйлеуге мүмкіндік бергеніңіз үшін алғысымды білдіремін.

Ең алдымен, Премьер-министр мырза, министрлер, COVID-19 пандемиясымен күресу жолындағы сіздердің және барлық елдің күш-жігерімен ниеттестік, ынтымақтастығымызды білдіруге рұқсат етіңіз. Мен, сондай-ақ, біздің денсаулығымыз үшін тынымсыз еңбек етіп жүрген барлық медицина қызметкерлеріне алғыс айтқым келеді. Біз үкіметті оның барлық күш-жігерінде қолдауға дайынбыз.

Бұл пандемияның (бұрын болған басқаларымен қатар) табиғат пен экономика арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы нәтижесінде пайда болғаны дәлелденді. Біз, БҰҰДБ қызметкерлері, Жасыл экономика дегеніміз табиғат, климат және экономика арасындағы теңгерімді қалпына келтіру деп есептейміз.[MOU1]

Халықтың саны мен планетаның ресурстары арасындағы теңгерімді қалпына келтіруді, бүкіл әлемді әлеуметтік қорғаудың жаңа жүйесі шеңберінде табиғи ресурстармен байланысты тәуекелдерді әзірлеуді және азайтуды, мемлекеттік және жеке секторлар арасында тұрақты серіктестік қарым-қатынасын құруды, мысалы, экотуризм және экологиялық көлік жүйелері сияқты салаларда, көміртегі көздерінен көміртекті табиғи жұтқыштарды пайдалануға ауыса отырып, ауыл шаруашылығын қайта құруды, сондай-ақ жыл сайын жеті миллион адам қаза болатын ауаның ластануына байланысты проблемаларды шешу үшін денсаулық сақтау саласында ықпалдастырылған ойлауды және іс-қимылды жүзеге асыруды қамтамасыз ету қажет болған сәт те келіп жетті. [Ковид 19 2.0 бойынша БҰҰДБ ұсынысы][MOU2]

Біз Қазақстанға "Жасыл экономикаға" көшу тұжырымдамасын қабылдағаны және оны ең жоғары деңгейде іске асыруды қамтамасыз ететін кеңес құрғаны үшін алғыс білдіреміз.

Қазір Үкімет өз жоспарлары мен стратегияларын, атап айтқанда, 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын қайта қарастырып жатқан кезеңде, біз осы орта мерзімді даму саясатында "Жасыл экономика" үшін орын табу маңызды деп санаймыз. "Жасыл экономика" саласына инвестициялар басым мәнге ие болуы тиіс, сондай-ақ орнықты даму саласындағы мақсаттарға байланысты мониторинг жүйесін қабылдау қажет. Бұл жаңа тәсіл арқылы экономиканы қалпына келтіру үшін қажетті шарт. БҰҰДБ әкімшісі Ахим Штайнердің сөзіне тоқталсақ: "Біздің міндетіміз - үздік және одан әрі жасылырақ болашақты құру".

Бүгінгі отырыс Үкіметтің Жасыл экономика саясатына үлкен мән беретінін дәлелдейді. Шығарындылар деңгейі төмен Даму стратегиясы және Экологиялық кодексті қайта қарау туралы жаңа заң іске асырылуда. Сондай-ақ, біз мақтанышпен қолдап отырған бірқатар шараларды қабылдау арқылы парниктік газдар (ПГ) шығарындыларын қысқартуға деген өзгермейтін ұстанымымызды атап өтуге қуаныштымыз.

IRENA соңғы зерттеуіне сүйенсек, денсаулық сақтау мен білім беру салаларының артықшылықтарына байланысты, 2050 жылға қарай әлемдік экономиканы декарбонизациялау құны сегіз есе қымбат болады деп айтылған.

Жалпы әлемдік ЖІӨ 2050 жылға дейінгі кезеңде әдеттегі модельден жоғары 98 триллион АҚШ долларына өседі, ал жаңартылатын энергия көздері саласындағы жұмыс орындарының саны төрт есе, яғни 42 миллионға дейін ұлғаяды. Үкіметтер инвестицияларды қайда бағыттау туралы шешім қабылдау үстінде болғандықтан, олардың алдында келесідей таңдау бар: қазбалы отынды пайдаланатын өнеркәсіп салаларын ынталандыру және өткеннің сарқыншақтарын пайдалану немесе инклюзивті жасыл экономикаға инвестициялар салу.

Біздің ойымызша, жасыл экономикаға инвестиция бағыттау - әлеуметтік-экономикалық дамуды жеделдетуге мүмкіндік береді. Жасыл экономика өз мәні бойынша жаңа мүмкіндіктер іздейтін кәсіпорындарды қолдауды, өмір сүру құралдарын қамтамасыз ету үшін жергілікті қоғамдастықтарды қолдауды қамтамасыз етеді, бұл, өз кезегінде, теңсіздікті азайтуға алып келмек, өйткені, бұл іс жүзінде халықтың неғұрлым осал топтарын қолдау бойынша жүргізілетін іс-шаралар болып табылады.

Қазақстандағы БҰҰДБ өзінің жаңа 5 жылдық стратегиясында жасыл экономиканы басым бағыттардың бірі ретінде айқындайды. Біз жасыл экономиканы дамудың басқа салалары үшін үдеткіш күш болып табылады деп есептейміз, себебі, оның көмегімен жаңа жұмыс орындары құрылады және экологиялық проблемаларды шешуге қосымша экономиканы әртараптандыруды қолдау қамтамасыз етіледі деп күтілуде. Осындай тәсілде жұмыс істей отырып, біз үкіметпен және басқа да мүдделі тараптармен тығыз ынтымақтаса аламыз деп есептейміз.

25 жылдан астам жемісті ынтымақтастықты қамтитын Қазақстандағы біздің бағдарлама туралы айта кетсек, жалпы бюджеті 100 миллион доллар болатын жасыл экономикаға көшуді қолдауға бағытталған 100-ге жуық бастаманы жүзеге асырдық.

Келесі слайдта біздің жұмысымыздың мысалдарын көруге болады.

Тәжірибеміздің арқасында біз жасыл экономиканың өңірлік дамуға қалай ықпал ететіндігінің куәсі болдық. Еліміздің он үш өңірі көміртегі шығарындыларының деңгейі төмен қалаларды Дамыту жоспарын пайдаланды. Шығыс Қазақстанда біз 247000 га алқаптағы жайылымдық жерлерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргіздік. Басқа да мүмкіндіктер бар, және біз сіздермен осы бағыттарда жұмыс істеуге дайынбыз.

Біз, сонымен қатар, жаңа қаржы құралдарының арқасында жеке сектордағы жаңа мүмкіндіктерді көріп отырмыз. Бұл жұмысты жеделдетуге, оның негізін кеңейтуге және энергетикалық секторда, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерінде энергия тиімділігін арттыруда стратегиялық инвестицияларды жүзеге асыруға болады. Ең жақсы мысал - біздің DAMU-мен энергетикалық сектордағы энергия тиімділігін арттыруға арналған, субсидияларды қарастыратын төмен көміртекті жобалар бойынша жаңа қаржы тетігі түріндегі жұмысымыз болып табылады. Кәсіпорындардан 100-ден астам жоба тартылды, оның 37-сі 4,7 млрд. теңге сомасына қаржыландыру алды. Егер бұл энергетикалық сектордағы энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамаға Өнеркәсіп және инфрақұрылымды дамыту министрлігімен бірлесіп ұсынған түзетулерді енгізе отырып, тұрақты механизмге айналған болса, одан да көбірек жасауға болатын еді. БҰҰДБ "жасыл облигацияларды", факторинг және басқа да тетіктерді пайдалану сияқты қаржыландырудың инновациялық құралдарын әртараптандыруды қолдау үшін "жасыл" қаржыландыруды жеделдетуді іске қосады.

Жасыл экономика энергетика секторындағы бастамалармен ғана шектеліп қоймайды. Бұдан басқа, біз жергілікті экономикалық өсуді, жеке секторды, сондай-ақ жергілікті қоғамдастықтарды оған қатысты маңызды міндеттемелерді сақтай отырып, қолдаудың қозғаушы күші болып табылатын биоәртүрлілікті сақтау мәселелеріне үлкен қызығушылық танытамыз. Біз осы күш-жігердің жергілікті қоғамдастықтар үшін материалдық және бағалы экономикалық активтерге айналуы мүмкіндігін көрсететін, мысалы, Шығыс және Оңтүстік Қазақстанда экотуризмді дамыту жобалары сияқты көптеген мысалдарды көрдік. Жақын арада қаржыландырудың орнықты тетігінің мысалы ретінде, қорғалатын аумақтардың айналасында тұратын жергілікті қоғамдастықтар үшін Эко-Даму шағын кредит беру схемасының 2-кезеңі іске қосылатын болады.

Қорытындылай келе, мен жасыл экономикаға жаңа инвестициялар тартуға көмектескен жаңа серіктестік қарым-қатынастардың маңыздылығын атап өткім келеді. Соңғы кездесуде біз көміртегі шығарындыларының өтемақы механизмі арқылы ағаш отырғызуды қолдау үшін блокчейн-компаниясымен жаңа серіктестігімізді хабарладық. Қазір біз Оңтүстік Қазақстан мектептерінде жаңартылатын электр энергиясы көздері саласындағы шешімдерді қолдау үшін трансұлттық корпорациямен жұмыс істеудеміз.

Біз Жаһандық экологиялық қордан гранттық қаржыландыруды тартуды жалғастырудамыз (15 миллион доллар портфелі әзірлену сатысында тұр). Алдағы уақытта Жасыл климаттық қормен және Еуропалық инвестициялық банкпен жаңа әріптестік жоспарланған. Біз жеке секторды ынталандыру және қолдау үшін қажетті мұндай инвестициялар экономикалық өсудің қозғаушы күші болып табылады деп есептейміз және бұл Қазақстанның жасыл экономикаға көшуі кезінде айтарлықтай үлесін қамтамасыз ете алар еді. Мұндай жобаларды іске қосу үшін біз үкіметпен бүгінгі күнге дейін мемлекет үшін өзінің тиімділігі мен пәрменділігін дәлелдеген жобаларды бірлесіп қаржыландырудың болжамды тетігі бойынша жұмыс істейміз.

Назарларыңызға алғысымды білдіремін және өнімді, әрі табысты талқылауларды тілеймін.