Астана, 21 ақпан 2019 - Бүгін Астанада БИОФИН - Қазақстандағы биоалуантүрлілікті қаржыландырудың жаһандық бастамасының екінші фазасының кіріспе семинары өтті. Семинарды Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) ұйымдастырды.

Биоалуантүрлілікті қаржыландыру — бұл биоалуантүрлілікті тұрақты басқару үшін капиталды тарту және басқару және қаржылық ынталандыруды пайдалану практикасы. Ол биоалуантүрлілікті сақтау үшін пайдаланылатын жеке меншік және мемлекеттік қаржы ресурстарын, биоалуантүрлілік саласындағы оң нәтижелерге әкелетін коммерциялық қызметке инвестицияларды қамтиды.

"Тұрақты даму тұтыну тәсілінен экожүйелер мен биоалуантүрлілікті сақтауға бағытталған тәсілге қайта бағдарламай мүмкін емес. Бұл қағидаттар Биоалуантүрлілік туралы конвенция, Шөлейттену бойынша конвенция, Қазақстан қатысушысы болып табылатын Климат бойынша париждік келісім сияқты халықаралық конвенцияларда, келісімдер мен бағдарламаларда салынған," деді семинарда Қазақстандағы БҰҰДБ Тұрақты Өкілінің міндетін атқарушы Виталий Времиш.

БИОФИННІҢ бірінші фазасын іске асыру аясында жүргізілген зерттеулер биоалуантүрлілікті сақтау үшін жыл сайынғы қаржы ресурстарының тапшылығы 50%-дан асатындығын көрсетті. Осы тапшылықты жабу мақсатында БИОФИННІҢ екінші фазасы аясында аң-құс өсіруді субсидиялау, экотуризмді дамыту үшін салықтық ынталандыру, биоәртүрліліктің жоғалуына өтемақы (biodiversity offset), орман экожүйелері есебінен көміртегі шығарындыларын өтеу және мүдделі мемлекеттік органдармен әріптестікте қаржыландыруды жақсарту үшін ерекше қорғалатын аумақтардың әлеуетін арттыру сияқты қаржылық тетіктерді байқаудан өткізу жоспарлануда.

БИОФИН әлемде 2012 жылы басталды. Қазақстан бұл бастамаға 2013 жылы қосылды. Қазақстанда БИОФИН Швейцария Үкіметінің, Германия Үкіметінің және Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен жүзеге асырылады.

Бүгінгі семинар аясында Қазақстанның бірегей табиғатының фотокөрмесі өтті, қатысушыларға Қазақстанның қаржылық механизмдері, биоәртүрлілігі және экожүйелері туралы материалдар ұсынылды.

 

Қосымша ақпарат алу үшін биоалуантүрлілікті сақтау жөніндегі БҰҰДБ Жобасының қоғаммен байланыс жөніндегі үйлестірушісі Султан Худайбергеновпен sultanbek.khudaibergenov@undp.org электрондық поштасы арқылы немесе + 7701 943 0690 телефоны бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз.

###  ###  ###

БҰҰДБ әр адамның өмір сүру сапасын жақсартуға алып келетін өсуді көтермелеп, қолдай отырып, дағдарысқа қарсы тұру үшін елдердің мемлекеттік құрылысында көмек көрсете отырып, қоғамның барлық жіктерінің өкілдерімен ынтымақтасады. Жергілікті жерлерде 170-тен астам ел мен аумақтарда жұмыс істей отырып, біз адамдардың толыққанды өміріне жәрдемдесетін және мемлекеттердің өміршеңдігін арттыратын жаһандық пайым мен жергілікті шешімдерді ұсынамыз.

UNDP Әлемде

R

Re

А

Азербайджан Албания Алжир Ангола Аргентина Армения Ауғанстан

Б

Бангладеш Барбадос Бахрейн Белиз Белорусь Бенин Боливия Босния және Герцеговина Ботсвана Бразилия Буркина-Фасо Бурунди Бутан Біріккен Араб Әмірліктері

В

Венесуэла Вьетнам

Г

Габон Гаити Гамбия Гана Гаяна Гватемала Гвинея Гвинея-Бисау Гондурас Грузия

Д

Джибути Доминкан Республикасы

З

Замбия Зимбабве

И

Индонезия Иордания Иран

Й

Йемен

К

Кабо-Верде Камбоджа Камерун Кения Кипр Колумбия Комор аралдары Конго Демократиялық Республикасы Конго Республикасы Косово Коста-Рика Кот-д'Ивуар Куба Кувейт

Л

ЛаосХДР Лесото Либерия Ливан Ливия

М

Маврикий және Сейшел аралдары Мавритания Мадагаскар Малави Малайзия Мали Мальдивы Марокко Мексика Мозамбик Молдова Моңғолия Мысыр Мьянма

Н

Намибия Непал Нигер Нигерия Никарагуа

О

Орталық Африка Республикасы Оңтүстік Африка Оңтүстік Судан

П

Пакистан Палестина Халқына көмек бағдарламасы Панама Папуа-Жаңа Гвинея Парагвай Перу

Р

Ресей Федерациясы Руанда

С

Сальвадор Самоа (бiрнешеелдіктердi кеңсе) Сан-Томе и Принципия Сауд Арабиясы Сенегал Сербия Сирия Солтүстік Македония Сомали Судан Суринам Сьерра-Леоне

Т

Таджикистан Тайланд Танзания Токио Тринидад және Тобаго Тунис Тынық мұхит Түркия Түркменстан

У

Уганда Украина Уругвай

Ф

Филиппины

Х

Халықтық Демократиялық Республикасы Корея Хорватия

Ч

Чад Черногория Чили

Ш

Шри-Ланка Шығыс Тимор

Э

Эвсатати Эквадор Экваторлық Гвинея Эритрея Эфиопия

Я

Ямайка

Қ

Қазақстан Қырғызстан Қытай

Ү

Үндістан

Ө

Өзбекстан