31 қазан 2018 жылы Астана қаласында «Қазақстанның жасыл экономикаға көшу моделін қолдау» ЕО/БҰҰДБ/БҰҰ ЕЭК біріккен жобасының Қорытынды конференциясының   және «Қазақстан Республикасының суық аймақтары (Астана қаласы) жағдайында жоғары технологиялық жылыжай  құрылысы» пилоттық жобасының салтанатты ашылуы ұйымдастырылды. Іс-шараны БҰҰ Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен  Дамыту Бағдарламасы өткізеді.

          Аталған іс-шара Қазақстанда табиғи шикізаттарды пайдалану мен су ресурстары секторын дамытудың жаңа үлгісіне көшуді қолдау жобасын қорытындылауға арналды. Жоба аясында су секторын басқару мен заңнамалық құжаттарды жетілдірудің тиімділігі негізінде жетісіктерге қол жеткізу мүмкіндіктеріне қорытынды жасалды.

          Негізгі үш бағытта жүргізілген Жоба – шекаралық су ресурстарын басқару, су байлығын қорғау тұрғысынан Ресей Федерациясы тарапынан қолдау тауып, Урал өзені суын пайдаланудың бірлескен жобасы жүзеге асты. Қоршаған ортаны қорғау және тұрғындардың денсаулықтарын сақтау мәселелерін мемлекеттік бағдарлама, саясат тұрғысынан қарастыру  мәселесі қарастырылды. Қазақстанның 8 облысында  15 технологиялық жоба жүзеге асырылды.

          «Жоба -  аймақтарда су ресурстарын тиімді пайдалану мен оңтайлы басқаруда жасыл технология әдістерінің практикалық пайдалы жақтарын көрсетті. Пилоттық жобаның тәжірибелері Қазақстанның аграрлық-индустриялық дамуына қажетті  дайын шешімдер болып табылады», - деді Ислам Әлмаханұлы Әбішев– Су ресурстары комитеті  төрағасы.

          Қорытынды конференция аясында, «Қазақстан Республикасының суық аймақтары (Астана қаласы) жағдайында жоғары технологиялық жылыжай  құрылысы» пилоттық жобасының салтанатты ашылуы ұйымдастырылды.  Суаратын суды қайталап пайдалану жүйесі бағалы ресурсты 40 пайызға үнемдеуге, ал  энергия сақтайтын экран жылытуға жұмсалатын шығын мөлшерін азайтуға мүмкіндік беретінін көрсетті.

          «Мен демонстрацияланған жобаларда көрсетілген техникалық шешімдердің  Қазақстанда кеңінен қолданылатынына сенімдімін, - деді Қазақстан Республикасындағы БҰҰДБ тұрақты өкілі Норимаса Шимомура – Ел аумағының басым бөлігі суық климаттық жағдайда орналасқандықтан, тұрғын халықты көкөніс, жеміс-жидектермен қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды.Халықтың әл-ауқатын жақсартып, өндірістік үдерістер жүзеге асырылады».

          Осылайша,  астана тұрғындарын экологиялық таза ауылшаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ететін 6 жасыл технология қолданылып, өнім бағасы 15 пайызға арзандады.

          «Біз Қазақстанды өзіміздің  стратегиялық басты және маңызды әріптесіміз деп санаймыз. ЕуроОдақтың қаржылай қолдауымен жүзеге асырылған жасыл экономика технологиялары осыны жарқын мысалы бола алады. Біз алдағы уақыттарда да  жаңашыл жобаларды жоспарлаймыз және қолдау көрсетеміз. Біздің жоспарымыз-  жаңа аймақтармен жаңа форматта жұмыс жасау» - деді Свен-Олов Карлссон, Еуропалық Одақтың  Қазақстан Республикасындағы Елші.

 

    Жобаның кезеңдері: 2015-2018ж.

    Бюджет: 7,1млн евро.

    Әріптестер: ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті

            Қосымша ақпараттар алу үшін БҰҰДБ жоба менеджері Гүлжамал Исаеваға 8 7272 696 544  /2601/gulzhamal.issayeva@undp.org телефонына хабарласуға болады.

 

UNDP Әлемде

R

Re

А

Азербайджан Албания Алжир Ангола Аргентина Армения Ауғанстан

Б

Бангладеш Барбадос Бахрейн Белиз Белорусь Бенин Боливия Босния және Герцеговина Ботсвана Бразилия Буркина-Фасо Бурунди Бутан Біріккен Араб Әмірліктері

В

Венесуэла Вьетнам

Г

Габон Гаити Гамбия Гана Гаяна Гватемала Гвинея Гвинея-Бисау Гондурас Грузия

Д

Джибути Доминкан Республикасы

З

Замбия Зимбабве

И

Индонезия Иордания Иран

Й

Йемен

К

Кабо-Верде Камбоджа Камерун Кения Кипр Колумбия Комор аралдары Конго Демократиялық Республикасы Конго Республикасы Косово Коста-Рика Кот-д'Ивуар Куба Кувейт

Л

ЛаосХДР Лесото Либерия Ливан Ливия

М

Маврикий және Сейшел аралдары Мавритания Мадагаскар Малави Малайзия Мали Мальдивы Марокко Мексика Мозамбик Молдова Моңғолия Мысыр Мьянма

Н

Намибия Непал Нигер Нигерия Никарагуа

О

Орталық Африка Республикасы Оңтүстік Африка Оңтүстік Судан

П

Пакистан Палестина Халқына көмек бағдарламасы Панама Папуа-Жаңа Гвинея Парагвай Перу

Р

Ресей Федерациясы Руанда

С

Сальвадор Самоа (бiрнешеелдіктердi кеңсе) Сан-Томе и Принципия Сауд Арабиясы Сенегал Сербия Сирия Солтүстік Македония Сомали Судан Суринам Сьерра-Леоне

Т

Таджикистан Тайланд Танзания Токио Тринидад және Тобаго Тунис Тынық мұхит Түркия Түркменстан

У

Уганда Украина Уругвай

Ф

Филиппины

Х

Халықтық Демократиялық Республикасы Корея Хорватия

Ч

Чад Черногория Чили

Ш

Шри-Ланка Шығыс Тимор

Э

Эвсатати Эквадор Экваторлық Гвинея Эритрея Эфиопия

Я

Ямайка

Қ

Қазақстан Қырғызстан Қытай

Ү

Үндістан

Ө

Өзбекстан