22 қазан Халықаралық қар барысы күні Астанадағы «Барыс Арена» стадионында «Барыс» (Астана) және «Динамо» (Минск) хоккей клубтары (ХК) арасындағы Континенталды хоккей лигасы ойыны аясында «Қар барысына сақта!» промо-акциясы өтті.

Шара ұйымдастырушылар – Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мен «Барыс» ХК.

 Акция өткен күні «Барыс Арена» сарайы фойесінде жанкүйерлерді ауқымды ойын-сауық бағдарламасымен қуантты. Оларға арнайы фотозона  ұйымдастырылып, викторина мен сыйлықтардың ұтыс ойыны өткізіліп, имидждік өнім таратылып, бұған қоса, үл өлшемді кескін аймағы ұйымдастырылды. Соңғысында толықтырылған шындық арнайы мобильдік қосымшасы арқылы анимацияланған қар барысымен фото және бейнетүсірілім жасауға мүмкіндік берілді.

Матч басталмас бұрын «Барыс Аренаның» теледидарлық кубында қар барысын сақтап қалу тақырыбы бойынша бейнеролик көрсетілді. Ал, бұдан кейін жас «барысшылар»  #QarBarysynSaqta ұраны жазылған символикалық жалауды шығарды. Қазақстандағы БҰҰ Тұрақты Үйлестірушісі/БҰҰДБ Тұрақты Өкілі Норимаса Шимомураға «Барыс» және «Динамо» командалары капитандарының қатысуымен шайба лақтырудан құрметті миссиясы бұйырды. Қазақстандағы БҰҰДБ Тұрақты өкілінің орынбасары Виталий Времиш үздік ойыншыларға естелік сыйлықтар табыстады.   

 Ал, матч қорытындысы қазақстандық жанкүйерлері қуантты: «Барыс» ХК Минскінің «Динамо» клубын 3-1 есебімен жеңді.

БҰҰДБ жобасының менеджері Талғат Кертешевтің сөзінше, бұл акция «Барыс» ХК жанкүйерлері және хоккейді жақсы көретін адамдардың назарын Қазақстандағы қар барысын сақтауға аударуға мүмкіндік берді. Жанкүйерлер мен көрермендерге түсінікті түрде Қазақстанның тау шыңдарын мекен ететін аң туралы мәлімет берілді.  

Шараға хоккей жанкүйерлерінен бөлек қар барысы тіршілік ететін елдердің (Үндістан, Тәжікстан, Өзбекстан) елшіліктерінің, сонымен бірге Швейцария, Беларусь Республикасы мен Еуропалық Одақ делегациясының өкілдері қатысты.

2018 жылғы 23 қыркүйектен 27 қазанға дейін Қазақстанда «Қар барысын сақта!» республикалық фестивалі өтіп жатқанын естеріңізге саламыз. Оның мақсаты – Қазақстан қоғамын қар барысы популяциясын сақтау бойынша шаралар қабылдау қажеттігі туралы хабарландыру. Фестиваль аясында 23 қыркүйектен 20 қазанға дейін «Бірге қар барысын сақтайық!» атты балалардың сурет салу бойынша конкурсы өтті. 27 қазанда Шымкент қаласында оның нәтижесі шығарылып, сонымен бірге көркемөнер көрмесін ұйымдастыру, конкурс жеңіпаздарын марапаттау рәсімін өткізу жоспарланып отыр.   

 

****

Қар барысы – сұлу, маңғаз аң. Еліміздегі мысық тұқымдастардың ең ірі өкілі. Сирек кездесетін түр ретінде, қар барысы Табиғатты қорғау халықаралық одағы IUCN қызыл тізіміне, CITES конвенциясының (Жойылу алында тұрған жабайы фауна мен флора түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенция) қосымшаларына, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

 

2013 жылы ілбісті сақтау бойынша Бішкекте өткен Бүкіләлемдік форумда аумағында осы сирек кездесетін жануар мекен ететін Ауғанстан, Бутан, Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия, Непал, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан тәрізді 12 ел 23 қазанды Қар барысы күні деп жариялауды шешті.  

 

****

Қосымша мәлімет үшін Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасы Жобасымен байланысуыңызды сұраймыз. Байланысушы тұлға: Белгібаева Арай – жобаның бас сарапшысы ұялы тел.: +7 777 749 4407

Байланыс үшін қосымша телефон нөмірі: + 7 777 999 1777.

UNDP Әлемде

R

Re

А

Азербайджан Албания Алжир Ангола Аргентина Армения Ауғанстан

Б

Бангладеш Барбадос Бахрейн Белиз Белорусь Бенин Боливия Босния және Герцеговина Ботсвана Бразилия Буркина-Фасо Бурунди Бутан Біріккен Араб Әмірліктері

В

Венесуэла Вьетнам

Г

Габон Гаити Гамбия Гана Гаяна Гватемала Гвинея Гвинея-Бисау Гондурас Грузия

Д

Джибути Доминкан Республикасы

З

Замбия Зимбабве

И

Индонезия Иордания Иран

Й

Йемен

К

Кабо-Верде Камбоджа Камерун Кения Кипр Колумбия Комор аралдары Конго Демократиялық Республикасы Конго Республикасы Косово Коста-Рика Кот-д'Ивуар Куба Кувейт

Л

ЛаосХДР Лесото Либерия Ливан Ливия

М

Маврикий және Сейшел аралдары Мавритания Мадагаскар Малави Малайзия Мали Мальдивы Марокко Мексика Мозамбик Молдова Моңғолия Мысыр Мьянма

Н

Намибия Непал Нигер Нигерия Никарагуа

О

Орталық Африка Республикасы Оңтүстік Африка Оңтүстік Судан

П

Пакистан Палестина Халқына көмек бағдарламасы Панама Папуа-Жаңа Гвинея Парагвай Перу

Р

Ресей Федерациясы Руанда

С

Сальвадор Самоа (бiрнешеелдіктердi кеңсе) Сан-Томе и Принципия Сауд Арабиясы Сенегал Сербия Сирия Солтүстік Македония Сомали Судан Суринам Сьерра-Леоне

Т

Таджикистан Тайланд Танзания Токио Тринидад және Тобаго Тунис Тынық мұхит Түркия Түркменстан

У

Уганда Украина Уругвай

Ф

Филиппины

Х

Халықтық Демократиялық Республикасы Корея Хорватия

Ч

Чад Черногория Чили

Ш

Шри-Ланка Шығыс Тимор

Э

Эвсатати Эквадор Экваторлық Гвинея Эритрея Эфиопия

Я

Ямайка

Қ

Қазақстан Қырғызстан Қытай

Ү

Үндістан

Ө

Өзбекстан