Алматыда  2018ж. 11-12 қыркүйекте «ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІНДЕГІ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫН БАСҚАРУ, БАБЫНДА ҰСТАУ ЖӘНЕ ЖАҢҒЫРТУ» халықаралық конференциясы өткізіледі. Іс-шараны ұйымдастырушылар – Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ),  БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясымен (БҰҰ ЕЭК) ынтымақтаса отырып Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі, Елді мекендердің орнықты дамуына жәрдем беру жөніндегі БҰҰ бағдарламасы (БҰҰ–Хабитат), сонымен қатар, «Шығыс Еуропаның тұрғын үй шаруашылығы» бастамасы  (ИВО).

Соңғы жылдар ішінде Орталық Азияда ТКШ секторын реформалау жолында алға ілгерілеушілік болды, мұның нәтижелері ең алдымен бірқатар жаңа заң жобаларын әзірлеу мен қолданыстағы заңдарға енгізілген түзетулерден білінеді. Тұрғын үй қорын жаңғырту мен энергияны үнемдеу іс-шараларын іс жүзіне асырудың жаңа қаржылық құралдары пайда болуда. Алайда, бұл әрекеттердің барлығына қарамастан, тұрғын үйді жаңғырту барысында тұрғын үй жылжымайтын мүлкін басқару, үйлерді күрделі жөндеуден өткізу,  терможаңғырту, энергияны үнемдеу іс-шараларын енгізу салаларында әлі шешілмеген көптеген мәселе баршылық! Мұндай мәселелер Шығыс Еуропа, Балтық теңізі маңы елдері, Ресей және Германияда (бұрынғы ГДР) қалай шешімін табуда?  Беларусь, Литва, Латвия, Эстония, Молдова, Армения, Ресей, Украина, Германиядан келген мамандар ТКШ – ын реформалау барысында жинақталған өз елдерінің тәжірибесімен таныстырып, Орталық Азия елдерінен келген өз әріптестерімен көкейкесті мәселелерді және оларды шешудің мүмкін жолдарын талқылайды. Сондай-ақ, олар аймақтың бес елінен келген өздерінің әріптестерінің жетістіктерімен танысатын болады.

Конференция мақсаты – тұрғын үй заңнамасы, тұрғын үйді басқару әрі бабында ұстау, тұрғын үй қорын энергиялық тұрғыдан тиімді түрде жаңғырту, пәтер иелерін тұрғын үйді басқару және бабында ұстау процестеріне тарту, көппәтерлі үйлерді кәсіби басқаруды дамыту саласында тәжірибе алмасу үшін – Шығыс Еуропа мен Орталық Азия арасындағы серіктестік торабын жолға қою болып табылады.  

Бұл шара тұрғын үй қорын пайдалану жөніндегі қолжетімді әрі экономикалық тұрғыдан өз–өзін ақтайтын іс-шаралар туралы шешім қабылдайтын тұлғалар, сарапшы – мамандар мен жұртшылықтың хабардарлығын арттыруға дем беруі тиіс. 

Алғашқы күні, қыркүйектің 11–нде (сейсенбі) – олардың барысында әр түрлі елдердегі тұрғын үйді басқару іс-тәжірибелері және де тұрғын үй ғимараттарының кешенді жаңғыртылуының әдістері жөніндегі баяндамалар назарға ұсынылатын халықаралық мамандардың қатысуымен жоғары деңгейлі пленарлық сессия, сонымен бірге тақырыптық секциялар өткізілмекші.

Екінші күні, қыркүйектің 12–нде (сәрсенбі) тұрғын үй жылжымайтын мүлкін басқару, бабында ұстау және пайдалану, сонымен бірге жөндеу барысында пайда болатын ең күрделі мәселелерді талқылау жөніндегі тақырыптық дөңгелек үстелдер өткізіледі. Түскі астан соң Алматы қаласындағы сынамалық – пилоттық тұрғын үй жобаларына бару ұйымдастырылады, оның барысында тұрғын үйдің терможаңғыртылуының нәтижелері мен кәсіби  басқару үлгілері таныстырылады.  

 

БАҚ өкілдерін іс-шараға  қатысуға  шақырамыз.

Өткізілу уақыты мен ай-күні: 11-12 қыркүйек,  2018ж., сағат “INTERCONTINENTAL ALMATY”  ҚОНАҚ ҮЙІ,   АЛМАТЫ Қ., ҚАЗАҚСТАН, сағат 10.00 – нан 18.00 – ге дейін.

Қосымша мәлімет алу үшін +7 7172 696 544 телефоны не dinara.abdrakhmanova@undp.org электрондық поштасы арқылы Қазақстандағы БҰҰДБ/ҒЭҚ–ың жұртшылықпен байланыс жөніндегі сарапшы – маманы Динара Абдрахмановамен хабарласуларыңыз сұралады.

 

Іс-шара екі жоба шеңберінде ұйымдастырылып отыр:

 ҚР Үкіметі мен БҰҰДБ–ның

 «ТКШ саласындағы инвестициялық тартымдылықты арттыру әрі шағын және орта бизнесті дамыту үшін тұрғын үй қатынастары жүйесін жетілдіру» жобасы

 Жоба мақсаты – тұрғын үй қорын басқару және бабында ұстауға шағын және орта бизнесті (ШОБ) тарту арқылы  ТКШ саласы инвестициялық тартымдылығын арттыру.

БҰҰДБ елдердің дағдарысқа қарсы төтеп беруін арттыру мақсатымен олардың мемлекеттік құрылысында көмек көрсете отырып және әрбір адамның өмір сүру сапасын жақсартуға әкелетін дамуды ынталандыра және қолдай отырып, қоғамның барлық топтарының өкілдерімен ынтымақтасады. Біз 177 ел мен жер аумақтарында тікелей  жұмыс  істейміз және адамдардың анағұрлым толыққанды өмір сүруіне ықпал ететін, мемлекеттердің өміршеңдігін жоғарылататын ғаламдық пайымдаулар мен жергілікті шешімдер ұсынамыз.

 

Еуропа Одағы жобасы

«PROHOUSE– Қазақстан мен Өзбекстандағы тұрғын үйді кәсіби басқару»

 

Басты мақсат – Қазақстан мен Өзбекстан Республикаларында тұрғын үй қорын басқару секторында шағын және орта бизнес компаниялары үшін мүмкіндіктерді кеңейту. Сонымен қатар, кәсіби шеберлікті шыңдау, еуропалық, қазақстандық әрі өзбекстандық ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты жолға қою, тұрғын үй мәселелерімен айналысатын жекеменшік компаниялардың ұйымдастырушылық әрі институционалдық әлеуетін іс жүзіне асыру.

Еуропа Одағы 28 мүше – мемлекет пен олардың халықтарынан құралады. Бұл адам қадыр-қасиетін құрметтеу, бостандық, теңдік, құқық пен адам құқықтарының үстемдігі құндылықтарына негізделген бірегей саяси әрі экономикалық серіктестік. Біздің құрылықта бейбітшілік, демократия, тұрақтылық және гүлдену аумағын құру үшін біздерге елу жылдан астам уақыт қажет болды. Және де осымен бір мезетте, бізге мәдени алуандық, төзімділік пен тұлға бостандығын сақтап қалудың сәті түсті. ЕО көршілес елдермен, олардың халықтарымен әрі олардың шекараларынан тыс жердегі халықтармен өзінің құндылықтары және жетістіктерімен бөлісуге даяр.

 

 

UNDP Әлемде

R

Re

А

Азербайджан Албания Алжир Ангола Аргентина Армения Ауғанстан

Б

Бангладеш Барбадос Бахрейн Белиз Белорусь Бенин Боливия Босния және Герцеговина Ботсвана Бразилия Буркина-Фасо Бурунди Бутан Біріккен Араб Әмірліктері

В

Венесуэла Вьетнам

Г

Габон Гаити Гамбия Гана Гаяна Гватемала Гвинея Гвинея-Бисау Гондурас Грузия

Д

Джибути Доминкан Республикасы

З

Замбия Зимбабве

И

Индонезия Иордания Иран

Й

Йемен

К

Кабо-Верде Камбоджа Камерун Кения Кипр Колумбия Комор аралдары Конго Демократиялық Республикасы Конго Республикасы Косово Коста-Рика Кот-д'Ивуар Куба Кувейт

Л

ЛаосХДР Лесото Либерия Ливан Ливия

М

Маврикий және Сейшел аралдары Мавритания Мадагаскар Малави Малайзия Мали Мальдивы Марокко Мексика Мозамбик Молдова Моңғолия Мысыр Мьянма

Н

Намибия Непал Нигер Нигерия Никарагуа

О

Орталық Африка Республикасы Оңтүстік Африка Оңтүстік Судан

П

Пакистан Палестина Халқына көмек бағдарламасы Панама Папуа-Жаңа Гвинея Парагвай Перу

Р

Ресей Федерациясы Руанда

С

Сальвадор Самоа (бiрнешеелдіктердi кеңсе) Сан-Томе и Принципия Сауд Арабиясы Сенегал Сербия Сирия Солтүстік Македония Сомали Судан Суринам Сьерра-Леоне

Т

Таджикистан Тайланд Танзания Токио Тринидад және Тобаго Тунис Тынық мұхит Түркия Түркменстан

У

Уганда Украина Уругвай

Ф

Филиппины

Х

Халықтық Демократиялық Республикасы Корея Хорватия

Ч

Чад Черногория Чили

Ш

Шри-Ланка Шығыс Тимор

Э

Эвсатати Эквадор Экваторлық Гвинея Эритрея Эфиопия

Я

Ямайка

Қ

Қазақстан Қырғызстан Қытай

Ү

Үндістан

Ө

Өзбекстан