21 қыркүйек, Астана – Астанада Әлеуметтік жақсылық жыл сайынғы форумы (Social Good Summit) өтті. Әлеуметтік жақсылық форумы – бұл БҰҰ Даму Бағдарламасы жыл сайын өткізетін және әлемдік көшбасшыларды, кәсіпкерлерді және белсенділерді БҰҰ Орнықты даму мақсаттарын ілгерілету мақсатымен біріктіретін жаһандық іс-шара. Дәстүрлі түрде, Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясының жыл сайынғы отырысы барысында бастау алып, форум БҰҰ Даму бағдарламасы бар барлық дерлік мемлекеттерде өткізіледі – ал бұл 170 астам ел және аймақ. Қазақстанда бұл Форум да дәстүрлі шараға айналды. Ол бұнда алтыншы рет өткізіліп жатыр және жекеменшік, мемлекеттік және үкіметтік емес секторлардың өкілдерін, сондай-ақ кәсіпкерлерді және біздің әлемімізді өзгертетін, озық идеялары бар ғалымдарды жинайды. Әлеуметтік жақсылық Форумы 2018 жылы БҰҰ Даму Бағдарламасымен Тұңғыш Президенттің Қорымен, БҰҰ-ның Орталық Азияда алғашқы халықаралық моделімен және БҰҰ Еріктілер Бағдарламасымен серіктестікте ұйымдастырылды.

Биылғы форумның тақырыбы – «#2030ҚАЗІР: Даму үшін серіктестік». Жалпы тақырып шеңберінде форум қатысушылары адамдардың өмірін жақсартатын жоғары технологиялық шешімдерді ұсынды. Nazarbayev University Research and Innovations System, Мониторинг және жедел жауап беру қалалық орталығы, Солтүстік Қазақстан облысы Әкімдігінің Кардиологиялық орталығы, «University Medical Center» корпоративтік қорының Ұлттық балаларды оңалту орталығы, «Қазпошта» АҚ, «NEP» ІТ компаниялары, БҰҰ Еріктілер Бағдарламасы және Ұлттық еріктілер желісінің өкілдері, сондай-ақ жас ғалымдар, жасампаздар және өзекті әлеуметтік, медициналық және экологиялық мәселелерді шешуде жұмыс істейтін құштар жандар іс-шараға қатысты. Форум спикерлері өз қызметтері туралы баяндады және қоғамды оңтайлы өзгерістерге ынталадырып, жеке оқиғаларымен бөлісті. Тыңдармандар Назарбаев Университетінің ашық қолжетімділікпен заманауи зертханалары, БҰҰ Даму Бағдарламасымен іске қосылған қуаңшылықты мониторингтейтін ғарыштық геопортал, қатерлі ісік ауруларын ерте кезеңде анытауға көмектесетін заманауи қосымшалар, сондай-ақ ғаламтор арқылы еріктіліктің мүмкіндіктері туралы білді.

«Соңғы жылдары Әлеуметтік жақсылық Форумы Орнықты даму мақсаттарын және 2030 жылғы дейінгі Күн тәртібін ілгерілету аясында өткізіліп келеді. 3 жыл бұрын БҰҰ Бас Ассамблеясы 17 жаңа мақсатты ресми қабылдады. Олар жыныстық теңдікті ілгерілетуден бастап климаттың өзгеруімен күреске дейін мәселелердің бірқатар спектрін қамтиды және, ең бастысы, олар әрбір адамға тиісті тұрмысты қамтамасыз етуге бағытталады. Бірақ жеке алынған ұйымға немесе адамдар тобына барлық мақсаттарға қол жеткізу өте қиын. Бұнда ұжымдық күш-жігер қажет. Дәл сол себеппен биылғы Форумның тақырыбы «Даму үшін серіктестік» болды. Біздің алаңда халықаралық ұйымдар, жекеменшік және мемлекеттік сектор, ҮеҰ және академиялық ортаның өкілдері жиналды. Ал ең бастысы – бұнда даму және технологиялық ілгеріліс мәселелеріне шын ниетпен мүдделі адамдар жиналды. Біз жаңа технологиялардың миллиондаған адамның өмірін өзгертуімен қатар, даму процестеріне үлкен әсер ететініне куә болып отырмыз. Бұл жақсы ма әлде жаман ба? Бұл енді өзімізге байланысты», - деді БҰҰДБ Қазақстандағы Тұрақты Өкілінің орынбасары Виталий Времиш.

 

Қосымша ақпаратты алу үшін Қоғаммен байланыс жөніндегі ассистент Анар Қасымовамен эл. пошта anar.kassymova@undp.org немесе тел. +77172 69 65 44 (2629) арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.

 

###  ###  ###

БҰҰДБ қоғамның барлық топ өкілдерімен ынтымақтастық жасасады, елдердің дағдарысқа қарсы тұра алуы үшін олардың мемлекеттік құрылысына көмек көрсетеді, әрбір адамның тұрмыс сапасын жақсартуға жетелейтін дамуды ынталандырады және қолдайды. 170 астам елдердегі және аймақтардағы жерлерде жұмыс істеп, біз жаһандық көріністі және адамдардың анағұрлым тең құқылы тұрмысына жәрдемдесетін және мемлекеттің өмірге төзімілігін арттыратын жергілікті шешімдерді ұсынамыз.

UNDP Әлемде

R

Re

А

Азербайджан Албания Алжир Ангола Аргентина Армения Ауғанстан

Б

Бангладеш Барбадос Бахрейн Белиз Белорусь Бенин Боливия Босния және Герцеговина Ботсвана Бразилия Буркина-Фасо Бурунди Бутан Біріккен Араб Әмірліктері

В

Венесуэла Вьетнам

Г

Габон Гаити Гамбия Гана Гаяна Гватемала Гвинея Гвинея-Бисау Гондурас Грузия

Д

Джибути Доминкан Республикасы

З

Замбия Зимбабве

И

Индонезия Иордания Иран

Й

Йемен

К

Кабо-Верде Камбоджа Камерун Кения Кипр Колумбия Комор аралдары Конго Демократиялық Республикасы Конго Республикасы Косово Коста-Рика Кот-д'Ивуар Куба Кувейт

Л

ЛаосХДР Лесото Либерия Ливан Ливия

М

Маврикий және Сейшел аралдары Мавритания Мадагаскар Малави Малайзия Мали Мальдивы Марокко Мексика Мозамбик Молдова Моңғолия Мысыр Мьянма

Н

Намибия Непал Нигер Нигерия Никарагуа

О

Орталық Африка Республикасы Оңтүстік Африка Оңтүстік Судан

П

Пакистан Палестина Халқына көмек бағдарламасы Панама Папуа-Жаңа Гвинея Парагвай Перу

Р

Ресей Федерациясы Руанда

С

Сальвадор Самоа (бiрнешеелдіктердi кеңсе) Сан-Томе и Принципия Сауд Арабиясы Сенегал Сербия Сирия Солтүстік Македония Сомали Судан Суринам Сьерра-Леоне

Т

Таджикистан Тайланд Танзания Токио Тринидад және Тобаго Тунис Тынық мұхит Түркия Түркменстан

У

Уганда Украина Уругвай

Ф

Филиппины

Х

Халықтық Демократиялық Республикасы Корея Хорватия

Ч

Чад Черногория Чили

Ш

Шри-Ланка Шығыс Тимор

Э

Эвсатати Эквадор Экваторлық Гвинея Эритрея Эфиопия

Я

Ямайка

Қ

Қазақстан Қырғызстан Қытай

Ү

Үндістан

Ө

Өзбекстан