Астана, 2018 жылғы 3 шілде: Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен (ҚР) 2018 жылғы  27 маусымдағы №318 қаулысымен жаңа ЕҚТА – «Іле-Балқаш» Мемлекеттік  табиғи резерваты құрылды. Резерваттың жалпы алаңы 415 164,2 гектарды құрайды және Алматы облысының Балқаш ауданында орналасқан.

Резерват БҰҰДБ биоалуантүрлілік пен экожүйелерді сақтау жөніндегі жобасының қолдауымен құрылып отыр. Жаңа ерекше қорғалатын табиңи аумақтарды кеңейту және құру Қазақстанның биоалуантүрлілікті сақтау саласындағы маңызды жетістігі болып табылады. Бұл процестер Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін Қазақстан қолданған жерүсті экожүйесін қорғау және қалпына келтіру шараларына, сондай-ақ климаттың өзгеруімен күрес бойынша шұғыл шаралар қабылдауына  сәйкес келеді.

Резерватты құру үшін БҰҰДБ мен Ауылшаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті бірлесіп  8 жылдан астам  жұмыс істеуі қажет болды. Бұл жұмыстар «Іле-Балқаш» резерватын құру жолында кешенді ғылыми зерттеулер жүргізуді, табиғи-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздеме жасауды талап етті.

Резерват өзіне Іле өзенінің қазіргі сағасын, жайылма, сексеуілді ормандарды және Балқаш өзенінің оңтүстік шығыс жағалауындағы сазды-батпақты жерлерді қамтиды.  Іле өзенінің қазіргі сағасы Орталық Азияда сақталған, суда жүзетін және су жағасындағы, соның ішінде ғаламдық құрып кету алдында тұрған жапай ұя салатын құстар мекендейтін жер ретіндегі халықаралық мәні бар, сазды-батпақты жерлері мол соңғы ірі атырау болып табылады.  «Іле-Балқаш» резерватының экожүйелері өсімдіктер мен жануарлар әлемінің жоғары биоалуантүрлілігімен айырықшаланады және қызыл кітаптағы, реликтік және эндемиктік түрлердің маңызды бөлігін қамтиды.

Өңір, жаңа реверваттың айналасында тұратын халықтың тығыз орналасуымен ерекшеленеді , бұл жергілікті экожүйеге белгілі бір жүктеме салады. Үйлестіру кеңесіне жергілікті тұрғындардың өкілдерін тарту бірлесіп шешім қабылдауға, резерваттың үйлесімді өмір сүруіне көмектеседі, сондай-ақ оның биоалуантүрлілігі мен экожүйесін сақтауға мүмкіндік береді.

Жануарлар әлемі

Іленің сағасын мекендейтін сүрқоректі   жануарлардың 39 түрі бар, соның ішінде үш түрі Қазақстанның қызыл кітабына енгізілген. 56 түрі Қазақстанның қызыл кітабында бар құстарға  қатысты, осы жерді мекендейтін сирек кездесетін және құрып бара жатқан 33 түрі енгізілгенін, соның ішінде 19 түрі ұя салатын, 11түрі – қоныс аударатын  және 3 түрі – ұшып келетін құстар екенін айтсақ та жеткілікті. Осы аймақ бұйра және қызғылт бірқазандар,  кольпицалар, савкалар, ақ көз торғайлар, ақ құйрық  бүркіт, сексеуіл торғайы, қарабауыр шілдер үшін ерекше маңызды. Сулы-батпақты алқаптар, сондай-ақ түлеу және аялдау орны ретінде қоныс аударатын құстар үшін маңызды.

Өсімдіктер әлемі

Резерват аймағында жоғары өсімдіктер флорасы  241 түрлер және 68 тұқымдастардың  427 түрі берілген. Кез келген өңірдің  немесе нақты бір учаскенің сирек кездесетін өсімдіктері аса маңызды рөлге ие болады. Зерттеліп отырған аймақта сирек кездесетін түрлі санаттардың 37 түрі белгіленген, бұл флораның жалпы санының шамамен 9% құрайды.

 

Қосымша ақпарат алу үшін БҰҰДБ Жұртшылықпен байланыс жөніндегі ассистенті Анар Қасымовамен және  Сұлтан Худайбергеновпен  anar.kassymova@undp.org, sultanbek.khudaibergenov@undp.org электрондық пошталары немесе +7 7172 696 544 (ішкі 2629) және +7701 943 0690 телефондары арқылы байланысуларыңызды сұраймыз.

##  ###  ###

БҰҰДБ  елдердің мемлекеттік құрылысына, олар дағдарысқа қарсы тұра алуы үшін, көмек көрсете отырып және әрбір адамның өмірінің сапасын жақсартуға әкелетін өсуді қолдай отырып, қоғамның барлық топтарының өкілдерімен ынтымақтасады. 170 тен астам елдер мен аумақтардағы жергілікті жерлерде жұмыс істей отырып, біз адамдардың толық құқылы өміріне көмектесетін және мемлекеттің өміршеңдігін көтеретін жергілікті шешімдер мен ғаламдық болжаулар ұсынамыз.

UNDP Әлемде

R

Re

А

Азербайджан Албания Алжир Ангола Аргентина Армения Ауғанстан

Б

Бангладеш Барбадос Бахрейн Белиз Белорусь Бенин Боливия Босния және Герцеговина Ботсвана Бразилия Буркина-Фасо Бурунди Бутан Біріккен Араб Әмірліктері

В

Венесуэла Вьетнам

Г

Габон Гаити Гамбия Гана Гаяна Гватемала Гвинея Гвинея-Бисау Гондурас Грузия

Д

Джибути Доминкан Республикасы

З

Замбия Зимбабве

И

Индонезия Иордания Иран

Й

Йемен

К

Кабо-Верде Камбоджа Камерун Кения Кипр Колумбия Комор аралдары Конго Демократиялық Республикасы Конго Республикасы Косово Коста-Рика Кот-д'Ивуар Куба Кувейт

Л

ЛаосХДР Лесото Либерия Ливан Ливия

М

Маврикий және Сейшел аралдары Мавритания Мадагаскар Малави Малайзия Мали Мальдивы Марокко Мексика Мозамбик Молдова Моңғолия Мысыр Мьянма

Н

Намибия Непал Нигер Нигерия Никарагуа

О

Орталық Африка Республикасы Оңтүстік Африка Оңтүстік Судан

П

Пакистан Палестина Халқына көмек бағдарламасы Панама Папуа-Жаңа Гвинея Парагвай Перу

Р

Ресей Федерациясы Руанда

С

Сальвадор Самоа (бiрнешеелдіктердi кеңсе) Сан-Томе и Принципия Сауд Арабиясы Сенегал Сербия Сирия Солтүстік Македония Сомали Судан Суринам Сьерра-Леоне

Т

Таджикистан Тайланд Танзания Токио Тринидад және Тобаго Тунис Тынық мұхит Түркия Түркменстан

У

Уганда Украина Уругвай

Ф

Филиппины

Х

Халықтық Демократиялық Республикасы Корея Хорватия

Ч

Чад Черногория Чили

Ш

Шри-Ланка Шығыс Тимор

Э

Эвсатати Эквадор Экваторлық Гвинея Эритрея Эфиопия

Я

Ямайка

Қ

Қазақстан Қырғызстан Қытай

Ү

Үндістан

Ө

Өзбекстан