Астана, 2018 жылғы 2 шілде -   Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының БҰҰ (БҰҰДБ), Азия Даму банкінің (АДБ), Еуропа Қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ), Дүниежүзілік банктің, «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясының өкілдері мен  жергілікті экологтардың құрамында бар халықаралық  экспедицияның Таулы Алтайдың  Белуха тауының шыңына  (4509 метр) көтерілуде жолы болды. Таулы Алтайдың  ең биік нүктесін бағындыру үшін жиналған экспедиция Шығыс Қазақстан облысында    2018 жылғы 23 маусымнан бастап  1 шілдеге дейін болды. Экспедицияға сондай-ақ, әлемдегі биіктігі сегіз мың метрден асатын барлық шыңдарды бағындырған қазақстанның атақты  альпинисті Василий Певцов және жас Өскемен қаласының алпинисттері қатысты.

Экспедицияның негізгі мақсаты  экологиялық мәселелерге, биоалуантүрлілікті сақтауға және  экотуризмді дамытуға ерекше көңіл бөле отырып, Тұрақты даму мақсаттары (Біріккен Ұлттар Ұйымы қабылдаған ТДМ)  туралы жергілікті халықтың хабардарлық деңгейін көтеру болған еді.

30 сарапшыдан тұратын команда үш шағын топтарға бөлінді:  бірінші топ Тұрақты Даму Мақсаттарының туын оның шыңына тігу үшін, Белуха тауына шығумен айналысты, екіншісі – тауда жаңа туристік маршруттар салды, ал үшінші топ қазіргі бар маршруттарды зерттеді және оны жақсарту үшін ұсыныстар берді, сондай-ақ   жергілікті тұрғындардың МДМ туралы және аймақта экотуризмді дамытудың беретін  мүмкіндіктері жөніндегі хабардарлығын көтерді. Бірлескен жұмыс Шығыс Қазақстан -Қазақстан облысы, Өскемен қаласы және Катон-Қарағай ауданы әкімдігінің тығыз ынтымақтастығы мен қолдауымен жүзеге асырылды.

«Мен Белуха тауына көтерілген кезде «Тау бізді кіргізді» деп біздің гидіміз айтқандай керемет әсерде болдым деді – Қазақстандағы Азия Банкінің (АДБ) басшысы  Джованни Капаннелли.

«Мені Катон-Қарағай ұлттық паркінің тамаша табиғаты мен оның  биоалуантүрлілігі таң қалдырды. Тау шыңына шығудың өзі оңай болған жоқ, бірақ біз өзіміздің бірлігіміздің арқасында шыңға қол жеткізе алдық, өйткені тау  адамның төзімділігін тексереді, артық қабыршықтардан тазартады, сондықтан әр бір адам өзінің нақты мәнін көрсетеді. Қиындықтарға қарамастан команда болып тіл табысудың арқасында біз барлығын жеңе білдік, алға қойған мақсатымызға қол жеткіздік», - деп  Қазақстандағы Еуропа Қайта құру және Даму банкінің (ЕҚДБ) директорының орынбасары Асқар Намазбаев бізбен өзінің пікірін бөлісті.

«Бүгін альпинизм туралы өте көп айтылды, дегенмен БҰҰДБ шеңберінде біз Катон-Қарағай ұлттық паркінің аумағында экотуризмді дамыту мақсатын көздеген едік. Бүгінде паркке жылына шамамен 3500 адам келеді екен – бұл өте аз. Алтайдың Қазақстандық бөлігі экотуризмді дамыту жөнінде стратегия жасауға  мәжбүр болып отыр. Өйткені баз альпинизмді,  атты, жаяу және  автокөлік маршруттарын қатар қолдануымыз қажет және ең бастысы біз, олар табыс табуы үшін жергілікті қоғамдастықтарға негізделген туризмге бағдарлануымыз керек» - деді БҰҰДБ биоалуантүрлілік жөніндегі менеджері Талғат Кертешев.

«Бұдан басқа, біз Алтайдың табиғатын тамашаладық, біз сондай-ақ осы жерде тұратын адамдарға таң қалдық. Атап айтқанда нақ осы адамдар, Алтай қорғаушылары, қазір бизнесті дамытуға әрекет жасап жатыр. Біз ара шаруашылығы мен жылқы тұқымын өсіру туралы, қымыз жасау мен пантокринмен емдеу және өңірдегі қонақ үйлерінің жұмысы туралы көп естіп білдік. Осы адамдардың бәрі жаппай туризмді дамытудың керегі жоқ, табиғатты сүйетін, аялайтын туристерді тарту керек дегенді айтады. Жергілікті тұрғындармен қоян-қолтық араласып, олардың мәселелерін іштен түсіне отырып  біз оларға қалай көмек беру керектігін шешеміз» - деді   Тұрақты Өкілдің көмекшісі/БҰҰДБ бағдарлама бөлімінің басшысы Ирина Горюнова.

«Үстіміздегі жылдың шілде айынан бастап «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы өзінің Қазақстанның бүкіл аймақтары бойынша астананың 20 жылдығы мен 20 табиғи объектілерге арналған экспедициясын бастайды. Тамыз айының өзінде-ақ «Алтай – өркениеттің бесігі» экспедициясының шеңберінде біз қазақстанның әйгілі жиһангерлері және блогерлерімен, БАҚ өкілдерімен және басқаларымен бірге Шығыс Қазақстанға оралатын боламыз» - деп қосты  Kazakh Tourism ҰК  PR және маркетинг департаментінің директоры Дулат Иман.

Экпедицияның бетке алып отырған негізгі мақсаттарынан басқа, команда сондай-ақ Астана қаласының жалуын Алтайдың ең биік нүктесіне қадай отырып Қазақстан Астанасының 20 жылдық мерей тойына  құттықтау жолдады.

 «Уақыт бойынша Белуха тауына көтерілетін ең тиімді шақ – бұл шілденің 15-нен бастап тамыздың 15-не дейінгі кез болатын. Бірақ біз шыңға көтерілетін осы аптаны  Астана қаласының жалуын Алтайдың ең биік нүктесіне қадап біздің астанамызды жиырма жылдық мерей тойымен құттықтау үшін таңдап алдық», - деді Джованни Капаннелли.

Жоба шеңберінде экспедиция туралы құжаттық фильм жасалады, сондай-ақ жергілікті туристік маршруттарды көбейту мен жақсарту бойынша және    еліміздегі халықаралық туризмді белсендіру жөнінде материалдар дайындалатын  болады. Экспедиция  Қарағай ұлттық паркі туралы қолда бар туристік анықтамаларды жақсарту мен кеңейту бойынша  ақпараттық материалдар жинауға көмектеседі.

 

Қосымша ақпарат алу үшін БҰҰДБ Жұртшылықпен байланыс жөніндегі ассистенті Анар Қасымовамен және  Сұлтан Худайбергеновпен  anar.kassymova@undp.org, sultanbek.khudaibergenov@undp.org электрондық пошталары немесе +7 7172 696 544 (ішкі 2629) және +7701 943 0690 телефондары арқылы байланысуларыңызды сұраймыз.

##  ###  ###

БҰҰДБ  елдердің мемлекеттік құрылысына, олар дағдарысқа қарсы тұра алуы үшін, көмек көрсете отырып және әрбір адамның өмірінің сапасын жақсартуға әкелетін өсуді қолдай отырып, қоғамның барлық топтарының өкілдерімен ынтымақтасады. 170 тен астам елдер мен аумақтардағы жергілікті жерлерде жұмыс істей отырып, біз адамдардың толық құқылы өміріне көмектесетін және мемлекеттің өміршеңдігін көтеретін жергілікті шешімдер мен ғаламдық болжаулар ұсынамыз.

UNDP Әлемде

R

Re

А

Азербайджан Албания Алжир Ангола Аргентина Армения Ауғанстан

Б

Бангладеш Барбадос Бахрейн Белиз Белорусь Бенин Боливия Босния және Герцеговина Ботсвана Бразилия Буркина-Фасо Бурунди Бутан Біріккен Араб Әмірліктері

В

Венесуэла Вьетнам

Г

Габон Гаити Гамбия Гана Гаяна Гватемала Гвинея Гвинея-Бисау Гондурас Грузия

Д

Джибути Доминкан Республикасы

З

Замбия Зимбабве

И

Индонезия Иордания Иран

Й

Йемен

К

Кабо-Верде Камбоджа Камерун Кения Кипр Колумбия Комор аралдары Конго Демократиялық Республикасы Конго Республикасы Косово Коста-Рика Кот-д'Ивуар Куба Кувейт

Л

ЛаосХДР Лесото Либерия Ливан Ливия

М

Маврикий және Сейшел аралдары Мавритания Мадагаскар Малави Малайзия Мали Мальдивы Марокко Мексика Мозамбик Молдова Моңғолия Мысыр Мьянма

Н

Намибия Непал Нигер Нигерия Никарагуа

О

Орталық Африка Республикасы Оңтүстік Африка Оңтүстік Судан

П

Пакистан Палестина Халқына көмек бағдарламасы Панама Папуа-Жаңа Гвинея Парагвай Перу

Р

Ресей Федерациясы Руанда

С

Сальвадор Самоа (бiрнешеелдіктердi кеңсе) Сан-Томе и Принципия Сауд Арабиясы Сенегал Сербия Сирия Солтүстік Македония Сомали Судан Суринам Сьерра-Леоне

Т

Таджикистан Тайланд Танзания Токио Тринидад және Тобаго Тунис Тынық мұхит Түркия Түркменстан

У

Уганда Украина Уругвай

Ф

Филиппины

Х

Халықтық Демократиялық Республикасы Корея Хорватия

Ч

Чад Черногория Чили

Ш

Шри-Ланка Шығыс Тимор

Э

Эвсатати Эквадор Экваторлық Гвинея Эритрея Эфиопия

Я

Ямайка

Қ

Қазақстан Қырғызстан Қытай

Ү

Үндістан

Ө

Өзбекстан