Қазақстанның мемлекеттік қызмет саласындағы тәжірибесі Астана хабы семинарында таныстырылды

Fri Oct 20 00:00:00 UTC 2017

18 қазан 2017, Стамбул. Стамбулда әлемнің 30-дан астам елінің өкілдері мемлекеттік қызметті бағалау бойынша тәжірибе мен білім алмасты. Астана мемлекеттік қызмет хабы ҚР Үкіметі және БҰҰ Даму Бағдарламасымен бірге ұйымдастырған «Бағалаудың ұлттық жүйесін құру: Қазақстан тәжірибесі» атты семинар «Бағалау саласындағы ұлттық әлеует» V ғаламдық конференция аясында өтті.

Қатысушыларға Астана хабы басқарушы комитет Төрағасы Алихан Байменов, ҚР Ұлттық экономика Вице-министрі Айбатыр Жұмағұлов, Стамбулдағы БҰҰ ДБ Өңірлік хабы Менеджері Герд Трогманн және Қазақстанның БҰҰ ДБ Қазақстандағы Тұрақты өкілінің  орынбасары Мунхтуя Алтангерел жылы лебізін білдірді.

Алихан Байменов «өзара тәуелділік пен өзара ықпалдастық артып отырған заманауи әлемде мемлекеттік басқарудың сапасы шешуші рөл атқарады. Ал мемлекеттік басқару сапасын арттыру үшін аудит пен бағалаудың тиімді жүйесінің болғаны маңызды», - деді.

Семинар вице-министр Айбатыр Жұмағұловтың Қазақстанның мемелкеттік басқару саласын реформалау тәжірибесіне жасаған шолуы мен қазақстандық сарапшылардың бағалаудың ұлттық жүйесінің дамуы жайлы презентациялармен басталды. Қатысушылар Қазақстанның бағалау жүйесінің тарихи және әкімшілік алғышарттарымен, негізгі механизмдері және әдістемелерімен танысты.  

Вице-министр «бағалаудың қазақстандық жүйесі 7 жылдан астам уақыт жұмыс істейді. Бұл жүйе мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мен министрліктер, жергілікті органдардың жұмысын жандандырудың тиімді құралы ретінде танылды» деп атап өтті.  

Сонымен бірге Астана хабына қатысушы елдер - Эстония, Грузия және Әзірбайжан құзырлы органдар өкілдері өз елдеріндегі бағалау жүйесі жайлы баяндады.

Семинар практикалық тәжірибе, инновация және бағалаудың ұлттық жүйесін әзірлеу перспективалары бойынша пікір алмасатын сұхбат алаңына айналып, қатысушылар арасындағы байланысты нығайтты. Қатысушылар мемлекеттік қызмет көрсету және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жүйелерді жетілдірудің әрі қарайғы жолдарын қарастырды.

Астана хабы мемлекеттік органдарды бағалау жүйесін дамыту саласында тығыз ынтымақтастасу және тәжірибе алмасу мақсатында практиктерге аймақтық семинар өткізуді ұсынды.  

Астанадағы мемлекеттік қызмет хабы - аймақтағы мемлекеттік қызмет саласындағы тәжірибе мен білім алмасудың институционалды алаңы. Қазіргі таңда Хабтың қатысушы-елдері қатарында 38 мемлекет, оның ішінде Америка, ЕО, ТМД, Кавказ және AСEAН елдері бар. 

Қосымша ақпаратты Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хабтың баспасөз қызметінен алуға болады:+77172 69-65-44 (ішкі нөмір - 2509), +7701 343 6376.

Contact information

Click / tap here to add contact info

UNDP Әлемде

R

Re

А

Азербайджан Албания Алжир Ангола Аргентина Армения Ауғанстан

Б

Бангладеш Барбадос Бахрейн Белиз Белорусь Бенин Боливия Босния және Герцеговина Ботсвана Бразилия Буркина-Фасо Бурунди Бутан Біріккен Араб Әмірліктері

В

Венесуэла Вьетнам

Г

Габон Гаити Гамбия Гана Гаяна Гватемала Гвинея Гвинея-Бисау Гондурас Грузия

Д

Джибути Доминкан Республикасы

З

Замбия Зимбабве

И

Индонезия Иордания Иран

Й

Йемен

К

Кабо-Верде Камбоджа Камерун Кения Кипр Колумбия Комор аралдары Конго Демократиялық Республикасы Конго Республикасы Косово Коста-Рика Кот-д'Ивуар Куба Кувейт

Л

ЛаосХДР Лесото Либерия Ливан Ливия

М

Маврикий және Сейшел аралдары Мавритания Мадагаскар Малави Малайзия Мали Мальдивы Марокко Мексика Мозамбик Молдова Моңғолия Мысыр Мьянма

Н

Намибия Непал Нигер Нигерия Никарагуа

О

Орталық Африка Республикасы Оңтүстік Африка Оңтүстік Судан

П

Пакистан Палестина Халқына көмек бағдарламасы Панама Папуа-Жаңа Гвинея Парагвай Перу

Р

Ресей Федерациясы Руанда

С

Сальвадор Самоа (бiрнешеелдіктердi кеңсе) Сан-Томе и Принципия Сауд Арабиясы Сенегал Сербия Сирия Солтүстік Македония Сомали Судан Суринам Сьерра-Леоне

Т

Таджикистан Тайланд Танзания Токио Тринидад және Тобаго Тунис Тынық мұхит Түркия Түркменстан

У

Уганда Украина Уругвай

Ф

Филиппины

Х

Халықтық Демократиялық Республикасы Корея Хорватия

Ч

Чад Черногория Чили

Ш

Шри-Ланка Шығыс Тимор

Э

Эвсатати Эквадор Экваторлық Гвинея Эритрея Эфиопия

Я

Ямайка

Қ

Қазақстан Қырғызстан Қытай

Ү

Үндістан

Ө

Өзбекстан