Қытай Астана хабының мемлекеттік қызметті дамыту орталығы ретіндегі маңызын атап өтті

Mon Sep 25 00:00:00 UTC 2017

БРИКС ауқымында Қытайдың Цюаньчжоу қаласында мемлекеттік басқару бойынша «Тағдыры ортақ ғаламдық қауымдастықты құру: ашықтық пен ортақтық, өзара тиімді нәтижелер» атты семинар өтті.  Онда әлемнің әлемнің 13 елінен келген 100 астам үкімет өкілдері мен сарапшылар бас қосты. Шара барысында Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хаб пен Қытайдың мемлекеттік басқару академиясы меморандумға қол қойды.

Семинар елдердің жалпы дамуы мен ынтымақтастық аясын кеңейтуге зияткерлік қолдау көрсету мақсатында өткізілді. Оның ашылу салтанатында Өңірлік хабтың басқарушы комитет төрағасы Алихан Байменов сөз сөйледі.

«Өзара ықпалдасу және өзара тәуелділікпен сипатталатын өркениеттің қазіргі даму кезеңі адамзаттың болашағы үшін ортақ жауапкершілік мәселесін жаңа деңгейге көтереді, жаһандық және аймақтық ынтымақтастықты жандандыру жалпы дамуды қамтамасыз етуде маңызға ие», - деп атап өтті Алихан Байменов. «Кез-келген инновация, әлемнің қай түкпірінде шықса да, ол - адамзатқа ортақ игілік, даму мен бейбітшілікке қызмет етуі тиіс. Барлық елдердің ашық, инновациялық және жан-жақты дамуы идеясы БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарында да көрініс тапқан», - деді басқару комитет Төрағасы. Оның айтуынша, тағдыры ортақ жаһандық қауымдастық құру тұжырымдамасы мен даму мақсаттарын жүзеге асыруда прогресс көбіне басқару институттары тиімділігіне тәуелді.

«Тең теңімен» қағидаты бойынша тәжірибе алмасу, ортақ зерттеулер жасау, сондай-ақ, әріптестікті дамыту үкіметтің мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру бойынша үкіметтердің ұмтылыстарына серпін береді. Сондықтан, Қазақстан үкіметі мен БҰҰ Даму бағдарламасы Астанадағы Өңірлік хабты құру бастамасын көтерді», - деді Алихан Байменов. Қазіргі таңда Хабта Америка, ЕО, ТМД, Кавказ және АСЕАН елдерін қоса алғанда 38 қатысушы мемлекет бар. Қытай – Хабтың құрылтайшыларының әрі белсенді қатысушыларының бірі.

Семинар ауқымында Хаб пен әлемдегі мемлекеттік басқару саласындағы ірі білім және ғылыми зерттеу институттарының бірі – Қытайдың мемлекеттік басқару академиясы арасында меморандумға қол қойылды. Бұл - екі ұйым ынтымақтастығының жаңа кезеңге шығуының бастауы.   

Академияның атқарушы вице-президенті (вице-министр) Ма Дзентан  Академияның мемлекеттік қызмет саласындағы тәжірибе және білім алмасудың маңызды халықаралық орталығы саналатын Астана Хабымен әріптестікті тереңдету және кеңейту бойынша ықыласын жеткізді. Алихан Байменов өз кезегінде Академияға Хабтың мерзімді басылымы – Мемлекеттік қызмет реформасы мен практикасы халықаралық журналының Қытайдағы әкімшілік реформаларға арналған арнайы шығарылымын  тарту етті. Тараптар бірлескен шаралардың тиімділігін атап өтіп, олардың алдағы перспективаларын, оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер әлеуетін көтеру, ғылыми зерттеулер жасау, ғылыми еңбектер мен зерттеулер нәтижелерімен алмасу мәселелерін талқылады.

Мемлекеттік басқару бойынша бұл семинар БРИКС (Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай, ОАР) елдері басшыларының биыл қыркүйекте Сямэньде өтетін кездесуі қарсаңында өткізілді.

 

Қосымша ақпаратты Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хабтың баспасөз қызметінен алуға болады:+77172 69-65-44 (ішкі нөмір - 2509), +7701 343 6376.

UNDP Әлемде

R

Re

А

Азербайджан Албания Алжир Ангола Аргентина Армения Ауғанстан

Б

Бангладеш Барбадос Бахрейн Белиз Белорусь Бенин Боливия Босния және Герцеговина Ботсвана Бразилия Буркина-Фасо Бурунди Бутан Біріккен Араб Әмірліктері

В

Венесуэла Вьетнам

Г

Габон Гаити Гамбия Гана Гаяна Гватемала Гвинея Гвинея-Бисау Гондурас Грузия

Д

Джибути Доминкан Республикасы

З

Замбия Зимбабве

И

Индонезия Иордания Иран

Й

Йемен

К

Кабо-Верде Камбоджа Камерун Кения Кипр Колумбия Комор аралдары Конго Демократиялық Республикасы Конго Республикасы Косово Коста-Рика Кот-д'Ивуар Куба Кувейт

Л

ЛаосХДР Лесото Либерия Ливан Ливия

М

Маврикий және Сейшел аралдары Мавритания Мадагаскар Малави Малайзия Мали Мальдивы Марокко Мексика Мозамбик Молдова Моңғолия Мысыр Мьянма

Н

Намибия Непал Нигер Нигерия Никарагуа

О

Орталық Африка Республикасы Оңтүстік Африка Оңтүстік Судан

П

Пакистан Палестина Халқына көмек бағдарламасы Панама Папуа-Жаңа Гвинея Парагвай Перу

Р

Ресей Федерациясы Руанда

С

Сальвадор Самоа (бiрнешеелдіктердi кеңсе) Сан-Томе и Принципия Сауд Арабиясы Сенегал Сербия Сирия Солтүстік Македония Сомали Судан Суринам Сьерра-Леоне

Т

Таджикистан Тайланд Танзания Токио Тринидад және Тобаго Тунис Тынық мұхит Түркия Түркменстан

У

Уганда Украина Уругвай

Ф

Филиппины

Х

Халықтық Демократиялық Республикасы Корея Хорватия

Ч

Чад Черногория Чили

Ш

Шри-Ланка Шығыс Тимор

Э

Эвсатати Эквадор Экваторлық Гвинея Эритрея Эфиопия

Я

Ямайка

Қ

Қазақстан Қырғызстан Қытай

Ү

Үндістан

Ө

Өзбекстан