БҰҰ Даму бағдарламасы Қазақстандағы климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі анықтамалық дайындады

2022 ж. 28 April

БҰҰДБ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі жобалар портфелінің командасы тұрақты даму жөніндегі халықаралық сарапшы Болат Есекинмен бірлесіп, Қазақстандағы климаттың өзгеруіне бейімделу бойынша қалта анықтамалығын дайындады. Бұл мазмұнды оқу құралы климаттың өзгеру себебін және оның қазақстандықтардың өмірлік тіршілігіне әсерін түсіндіру мақсатында кең аудиторияға арналған.

Анықтамалықта Қазақстан Орталық Азияның басқа елдері сияқты климаттың өзгеруінен барынша осал елдер тобына жататыны атап өтілген. Бұл қуаң табиғи жағдайларға, сондай-ақ жаһандық температура реттегіші – мұхитқа шығудың болмауына байланысты. Соңғы жылдары климаттың өзгеруі өңірде неғұрлым айқын байқалады: температураның ауытқуы, суық және жылу толқындарыңың өсуі, қуаңшылықтың көбеюі, су тапшылығы мен ол үшін қақтығыстардың артуы.

«Қазақстандағы су экожүйелері ерекше осалдығымен ерекшеленеді, сондықтан егер уақтылы шаралар қолданылмаса, Арал теңізінің қасіреті онда тұратын көптеген адамдардың әл-ауқаты олардың жай-күйіне байланысты Балқаш аралында, Орал өзенінің атырауында, басқа да экожүйелерде қайталануы мүмкін», - деп атап өтті анықтамалық авторы Болат Есекин.

Оқу құралына сондай-ақ еліміздің осы бағыттағы стратегиялық іс-шаралары туралы ақпарат, ауыл шаруашылығында, орман секторында климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі ұсыныстар енгізілді. Анықтамалық авторлар жеке деңгейде ұстануға болатын кеңестерге ерекше назар аударады.

«Біздің әрқайсымыз өз қажеттіліктеріміз бен әдеттерімізді өзгертуден бастап өз үлесімізді қоса аламыз. Климаттың өзгеруіне  бейімделу үшін әрқайсымыз немесе біздің қауымдастықтар жасай алатын көптеген практикалық кеңестер бар. Мысалы, суды ұтымды пайдалану, суды аз тұтынатын техниканы пайдалану, экологиялық таза энергияны таңдау. Анықтамалықта осы және басқа да көптеген практикалық кеңестер көрсетілген, олар іс жүзінде қолдануда қиындық тудырмайды», - БҰҰДБ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі жобалар портфелінің сарапшысы Сабыр Асылбеков.

Климаттық анықтамалық қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде дайындалған. Электрондық нұсқа мына жерде қолжетімді.