БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілі Якуп Бериш Еуразиялық Медиа форумның спикері болды

2021 ж. 16 September

Фотографии: Евразийский Экономический Форум

16 қыркүйекте БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілі Якуп Бериш Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Еуразиялық Медиа форумның сессиясында сөз сөйледі. Сессия спикерлері ретінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев, Ресей Федерациясы Кеңесінің Төрағасы Валентина Матвиенко, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Қорының Атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов және басқа да көрнекті қоғам қайраткерлері сөз сөйледі.

Сессия тәуелсіз Қазақстанның 30 жылдағы нәтижелерін талдауға, тұрақсыз әлемде тұрақтылықты сақтауға, сондай-ақ жасампаз өсуге ұмтылуға арналды.

Якуп Бериш өз сөзінде Қазақстанның тәуелсіздік алған сәттен бастап адами даму бойынша жоғары көрсеткіштерге қол жеткізудегі прогресін атап өтті. «1990 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі кезеңде Қазақстанның адами даму индексінің көрсеткіші 19,6 пайызға өсуді және адами дамудың негізгі үш бағыты – өмір сүру ұзақтығы, денсаулық, білім және лайықты өмір сүру деңгейі бойынша үздіксіз жақсартуды көрсете отырып, 0,690-нан 0,825-ке дейін өсті. Бүгінде Қазақстан адами даму деңгейі өте жоғары елдер тобына кіреді», - деп атап өтті ол.

Қазақстан тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсімге қарамастан, әлемнің көптеген басқа елдері сияқты, бүгінде даму саласындағы бұрынғы жетістіктерді кері қайтаруға қауіп төндіретін пандемия мен климаттың өзгеруі сын-тегеуріндеріне негізделген нәзік және болжап болмайтын контексте бетбұрыс кезеңіне жақындап қалды.

Спикерлер атап өткендей, Қазақстанда дамудың келесі кезеңінде өркендеу үшін ілгерілеу қарқынын сақтау және қайта құруларды енгізу үшін негізгі құрылымдық элементтер бар. Мұндай қайта құрулардың сәттілігі көбінесе қажетті өзгерістерді құру және қолдау үшін үлкен маңызы бар серіктестік пен ынтымақтастыққа байланысты екені анық. «БҰҰДБ тәуелсіздік алған сәттен бастап Қазақстандағы негізгі реформаларды қолдайды және біз Қазақстан мен оның халқы үшін бұрыннан келе жатқан ынтымақтастығымызды жалғастыруға дайынбыз», - деп қорытты Беріш мырза.

Еуразиялық Медиа Форум – ашық диалог құру және БАҚ-тың дамуына қолдау көрсету мақсатында түрлі елдер мен кәсіптердің өкілдерін, пікірлерді біріктіретін жетекші алаң. 2021 жылғы Форумның  тақырыптары геосаясат, пандемиядан кейін қалпына келтіру, технологиялар, электронды БАҚ, әдеп стандарттары және басқа да салалардағы соңғы жылдардағы жаһандық өзгерістер мен тенденцияларды қамтиды.