Көміртегі ізін азайту: БҰҰДБ өзінің қоршаған ортаға әсерін қалай азайтады?

2021 ж. 20 October

Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ, қыркүйек 2021 жыл.

Бүгінгі таңда әлем жаһандық жылынуды 1,5 градус Цельсий шегінде ұстай алмайтын кезде өрт, экстремалды жылу, қуаңшылық және жойқын су тасқыны түріндегі климаттық өзгерістер біздің планетамыздың жеке бұрыштарын өмір сүруге жарамсыз жерлерге айналдыруға қауіп төндіруде. Ағымдағы жылғы тамызда Климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық сарапшылар тобы (КӨҮСТ) әлемдік көшбасшыларға неғұрлым қауіпті болашақты болдырмау үшін барынша батыл шаралар қолдану қажеттігі туралы қатаң ескерту жасады.

Қазақстанда көміртегі қостотығы шығарындыларының негізгі секторларының бірі қалалық инфрақұрылым және көрсетілетін қызметтер болып табылады: жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру жүйесі, тұрмыстық қалдықтарды жинау, ғимараттар салу және т.б. Қазіргі уақытта әлемде қалаларға жаһандық көміртегі шығарындыларының шамамен 70%-ы және ресурстарды пайдаланудың 60%-дан астамы тиесілі.

Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ, қыркүйек 2021 жыл.

БҰҰ-ның Климаттың өзгеруіне қарсы күрес жөніндегі негізгі агенттіктерінің бірі бола отырып, БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) бүкіл әлем бойынша өзінің операциялық қызметінде көміртегі ізін азайтуға бейілділігін көрсетеді. Осылайша, 2019 жылы БҰҰДБ штаб-пәтерінде операциялық қызметке байланысты, оның ішінде ғимараттарға қызмет көрсетуді қоса алғанда, парниктік газдар шығарындыларын БҰҰДБ-ның барлық кеңселерінде  2025 жылға қарай 25 пайызға және 2030 жылға қарай 50 пайызға қысқарту міндеті қойылды.

Осылайша, БҰҰДБ бүкіл әлем бойынша отын, электр, үй-жайларды жылытуға және салқындатуға байланысты парниктік газдар шығарындыларын азайтуға тырысады. Бұл бағытта айтарлықтай прогреске бүкіл әлем бойынша қол жеткізілді.

Бүгінгі таңда БҰҰДБ-ның 167 елдік кеңсесінің 20-дан астамы өз кеңселерін «жасыл» энергиямен қамтамасыз ету үшін технологиялық шешімдерді қолдануда. Кеңселерде жиынтықта жылына 2,7 ГВтч таза, қолжетімді және сенімді электр энергиясын өндіретін 1,4 МВт күн панелі орнатылды, бұл парниктік газдардың жыл сайынғы шығарындыларын СО2-экв 1000 тоннадан астамға қысқартуға және электр энергиясынан 600,000 АҚШ долларын үнемдуге мүмкіндік берді. БҰҰДБ-ның көміртегі ізін азайтуға бағытталған Moonshot мамандандырылған бастамасы шеңберінде тек қана  2020 жылы жалпы сомасы 1,92 млн. АҚШ долларына 34 жоба қаржыландырылды.  2021 жылы қаржыландыру үшін тағы 21 жоба іріктелді.

Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ, қыркүйек 2021 жыл.

Ағымдағы жылы осы бастамаға қосылып, БҰҰДБ-ның Қазақстандағы кеңсесі де тыс қалмады. Нұр-Сұлтан қаласындағы БҰҰ ғимаратында орналасқан БҰҰДБ штаб-пәтерінің, сондай-ақ БҰҰ бірқатар агенттіктерінің, Қазақстандағы БҰҰ Тұрақты үйлестірушісінің, Халықаралық көші-қон жөніндегі  ұйымның және БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы коммисары Басқармасының кеңселерін қоса алғанда бірқатар агенттіктердің қаржылық қолдауымен осы жылғы қыркүйекте Қазақстандағы БҰҰ ғимаратының төбесінде қуаты 25 кВт күн электр станциясы (КЭС) орнатылды, ол ғимараттың электр энергиясын тұтынуының жалпы көлемінен «жасыл» электр энергиясының 20 пайызына дейін өндіретін болады және СО2 жыл сайынғы шығарындыларын 11,5 тоннаға қысқартуға мүмкіндік береді.  

БҰҰДБ бұл бастама жергілікті ұйымдар үшін үлгі болады және олардың көміртегі ізін азайту жөнінде шаралар қабылдауға шабыттандырады деп үміттенеді.

Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ, қыркүйек 2021 жыл.

«Қазақстанда және бүкіл әлемде БҰҰДБ елдерді климаттық және экологиялық саясатты жетілдіру және іске асыру мәселелерінде қолдайды, тұрақты даму саласындағы жобаларды іске асырады. Бұдан басқа, «Greening Moonshot» сияқты интервенциялар корпоративтері шеңберінде біз адамдар мен табиғаттың теңгерімі үшін төмен көміртекті дамуға деген өз бейілділігімізді растаймыз. Біздің күш-жігеріміз бүкіл елдегі басқа ұйымдар үшін үлгі болады деп үміттенеміз», - деді БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілі Якуп Бериш.

Қазақстандағы БҰҰДБ көміртек ізін азайтуға жаңартылатын энергия көздерін орнату есебінен ғана емес, сондай-ақ ұйымның неғұрлым экологиялық корпоративтік мәдениетін қалыптастыру: іс-шараларды онлайн және гибридтік форматтарда өткізу, жылжудың неғұрлым экологиялық форматтарын таңдау, қоқысты сұрыптау, электр энергиясы мен жылуды үнемдеу, ағаш отырғызу және т.б. есебінен қол жеткізіледі.

Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ, қыркүйек 2021 жыл.

Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ, қыркүйек 2021 жыл.

Елдің 2060 жылға қарай көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу жөніндегі өршіл мақсатына орай бұл бастама БҰҰ жүйесінің ұйымдар мен жеке үй шаруашылықтарының шағын ЖЭК-ті пайдалануын кеңінен танымал етуге қосқан үлесі болады.