2013 жылғы 30 мамырда елімізде мемлекеттің инновациялық іскерлігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған «Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасы» бекітілді.

Осы орайда бүгін Елбасы кітапханасы Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен «Жасыл экономика бойынша іс-әрекеттер серіктестігі» (PAGE) атты БҰҰ бағдарламасымен бірлесіп «Жасыл экономика – Қазақстанның инновациялық және тұрақты дамуының парадигмасы» дөңгелек үстелін ұйымдастырды.

Іс-шараға Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы президиумының төрағасы Ә.Назарбаева, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М.Мырзағалиев, БҰҰ PAGE директорлар кеңесінің мүшесі, UNITAR Планета бөлімінің директоры А.Маккей, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Е.Абақанов, М.В. Ломоносов атындағы ММУ профессоры, Ресей экологиялық академиясының академигі С.Бобылев, БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі Я.Бериш және қоршаған ортаны қорғау мен сақтау саласындағы басқа да белгілі қайраткерлер мен сарапшылар қатысты.

 

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің аумақтық департаменттері мен «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарның өкілдері, еліміздегі ЖОО экология және биология кафедраларының профессорлық-оқытушылар құрамы, магистранттары мен докторанттары, Елбасы кітапханасының еріктілері бұл іс-шараға бейнеконференция арқылы қатысты.

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев экономиканың басты бағыттарының бірі ретінде көгалдандыру мен қоршаған ортаны қорғау деп белгілеп, 2021-2025 жылдарға арналған «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасын бастаған болатын. Көміртегінің жұтылуын арттырып, шөлейттенуді тежеу мақсатында бес жылдың ішінде ормандарға 2 миллиардтан астам ағаш және елді мекендерге 15 миллион ағаш егу жөніндегі ауқымды жұмыс жүзеге асырылып жатыр.

«Биыл қазақстандықтар тарихи мәні зор ел Егемендігінің 30 жылдығын атап өтпек. Бұл – үлкен мерейтой. Оның арқасында біз жүріп өткен жолымыздың қорытындысын жасау мүмкіндігіне қол жеткізіп отырмыз. Әлем табиғатты тіршіліктің қайнар көзі және біртұтас организм ретінде қабылдап үйренді. Сондықтан өмір сүру сапасын жақсартуда табиғат тепе-теңдігі мен экожүйелердің әлемдік тепе-теңдігін сақталуы тиіс», – деді Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Темірболат.

«Қазақстанды жаңғыртудың әр стратегиясында елдің «жасыл» жолға көшуіне негізделген экономиканың орнықты да тиімді моделін құруға нақты бағдарлар айқындалды. Бүгінде Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы Еуропа мен Азия елдерінің жетекші халықаралық ұйымдары мен зерттеу құрылымдарымен стратегиялық әріптестік қатынастарды орнатуда, сондай-ақ, жасыл технологияларды трансферттеу мен енгізуде, Қазақстан бизнесіне құйылған халықаралық жасыл инвестициялар ағынының тиімді тетіктерін ұйымдастыруда, қазақстандық көміртегі бірлігінің айналымын буланатын газдардың жалпы әлемдік нарығына белсенді интеграциялауда «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасының қолданбалы жобаларымен айналысады», – деп атап өтті «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы»  ЗТБ төралқа төрағасы Әлия Назарбаева.

 

«2020 жылғы желтоқсанда «Климаттық амбициялар саммитінде» Мемлекет басшысы Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуді көздейтінін мәлімдеді. Былтыр біз Төмен көміртекті даму тұжырымдамасын әзірлеуге кірістік. Бүгінде Жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасының екінші кезеңін іске асыру өзекті болып отыр. 2021-2030 жылдарға жоспарланған екінші кезең суды тиімді пайдалануға, жаңартылатын энергетика технологияларын дамытуға, оны кеңінен енгізуді ынталандыруға бағытталған ұлттық экономиканы қайта құру шараларын қамтиды», – деді Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев.

 

«Жасыл экономика жекелеген секторларды көгалдандыруға, жаңа дағдыларды дамытуға және технологияларды енгізуге прогрессивті тәсіл ұсына отырып, білімге негізделген экономикалық трансформацияны жеделдете алады. Бұл ауқымды пайымдауды қажет ететін өр мақсат. Осы өршіл күн тәртібін сәтті жүзеге асыру үшін елдер әлеуметтік-экономикалық даму саясатын кешенді қайта қарауды, салалық бағдарламаларды бейімдеуді, жаңа технологияларға инвестиция салуды, сондай-ақ индустрияны жасылдандыру үшін жаңа дағдыларды дамытуды қажет етеді», - деді Якуп Бериш, Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының тұрақты өкілі.

Бұл үндеуді қолдаған дөңгелек үстелдің қатысушылары Елбасы кітапханасы жанындағы саябаққа ағаш отырғызды.

Icon of SDG 07 Icon of SDG 11 Icon of SDG 13

UNDP Әлемде

R

Re

А

Азербайджан Албания Алжир Ангола Аргентина Армения Ауғанстан

Б

Бангладеш Барбадос Бахрейн Белиз Белорусь Бенин Боливия Босния және Герцеговина Ботсвана Бразилия Буркина-Фасо Бурунди Бутан Біріккен Араб Әмірліктері

В

Венесуэла Вьетнам

Г

Габон Гаити Гамбия Гана Гаяна Гватемала Гвинея Гвинея-Бисау Гондурас Грузия

Д

Джибути Доминкан Республикасы

З

Замбия Зимбабве

И

Индонезия Иордания Иран

Й

Йемен

К

Кабо-Верде Камбоджа Камерун Кения Кипр Колумбия Комор аралдары Конго Демократиялық Республикасы Конго Республикасы Косово Коста-Рика Кот-д'Ивуар Куба Кувейт

Л

ЛаосХДР Лесото Либерия Ливан Ливия

М

Маврикий және Сейшел аралдары Мавритания Мадагаскар Малави Малайзия Мали Мальдивы Марокко Мексика Мозамбик Молдова Моңғолия Мысыр Мьянма

Н

Намибия Непал Нигер Нигерия Никарагуа

О

Орталық Африка Республикасы Оңтүстік Африка Оңтүстік Судан

П

Пакистан Палестина Халқына көмек бағдарламасы Панама Папуа-Жаңа Гвинея Парагвай Перу

Р

Ресей Федерациясы Руанда

С

Сальвадор Самоа (бiрнешеелдіктердi кеңсе) Сан-Томе и Принципия Сауд Арабиясы Сенегал Сербия Сирия Солтүстік Македония Сомали Судан Суринам Сьерра-Леоне

Т

Таджикистан Тайланд Танзания Токио Тринидад және Тобаго Тунис Тынық мұхит Түркия Түркменстан

У

Уганда Украина Уругвай

Ф

Филиппины

Х

Халықтық Демократиялық Республикасы Корея Хорватия

Ч

Чад Черногория Чили

Ш

Шри-Ланка Шығыс Тимор

Э

Эвсатати Эквадор Экваторлық Гвинея Эритрея Эфиопия

Я

Ямайка

Қ

Қазақстан Қырғызстан Қытай

Ү

Үндістан

Ө

Өзбекстан