Халықаралық әйелдер күніне орай Қазақстандағы БҰҰ агенттіктерінің бірлескен мәлімдемесі

2021 ж. 6 March

НҰР-СҰЛТАН – Халықаралық әйелдер күнін Қазақстан халқымен бірге атап өту барысында біз әйелдер мен еркектердің әйел құқықтары, қадір-қасиеті мен теңдігін құрметтеуді қамтамасыз етудегі жетістіктерін атап өтудеміз. 2021 жылы Халықаралық әйелдер күні тақырыбы – «Көшбасшылықтағы әйелдер: COVID-19 әлемінде тең болашаққа қол жеткізу», бұл әлемдегі және Қазақстандағы әйелдер мен қыздардың әділ болашақты қалыптастыру және COVID-19 індетінен шығу жолындағы орасан зор күш-жігерін мадақтайды.

Әйелдер COVID-19 дағдарысы барысына медициналық қызметкерлер, қамқоршылар, жаңашылдар, қоғамдастық ұйымдастырушылар және пандемиямен күрестегі ең үлгілі және тиімді көшбасшылар ретінде танымал. Дағдарыс олардың қосқан үлесінің маңыздылығын да, әйелдер көтеретін пропорционалды емес ауыр жүктемені де айқындады.

Сонымен бірге COVID-19 қарсы күрес те әйелдер көшбасшылығының азаматтық қоғам шеңберінде күші мен тиімділігін көрсетті. Әйелдер ұйымдары, әсіресе қоғамдастық деңгейінде, маңызды қызметтер мен ақпарат ұсынудағы маңызды рөл атқаруда.

Биылғы Халықаралық әйелдер күні біз COVID-19 індетінен кейін әйелдер құқықтары мен көшбасшылығын нығайтуға үлкен мүмкіндік беретін «Теңдік буыны 2021» форумының шұғыл қажеттілігін атап өтеміз.

Пандемиядан кейінгі қалпына келтіру – бұл тең өкілдікті қамтамасыз ету, қамқорлық пен әлеуметтік қорғау экономикасына үлкен қаражат салу, әйелдердің экономикалық тұрғыдан толық қамтылуындағы кедергілерді жою, барша салалардағы барлық дискриминациялық заңдардың күшін жою, төтенше жағдай жоспарын құру арқылы тең мүмкіндіктер ашу, әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы отбасылық саясатты насихаттау және ең бастысы, ой-өрісті өзгерту.

Біз компанияларды басқаруда әйелдер өкілдіктерін арттыру және Мәжіліс пен мәслихаттарда гендерлік және жастар квоталарын енгізу секілді Тұрақты даму мақсаттарына сәйкес гендерлік теңдікке қол жеткізу, әйелдер құқықтарын кеңейту бойынша Қазақстан Республикасының күш-жігерін құптаймыз. Қазақстан «Гендерлік зорлық-зомбылық» және «Экономикалық әділеттілік және құқықтар» атты екі іс-қимыл коалициясының мүшесі болуды жоспарлап, «Теңдік буыны» форумы үрдісіне белсенді қатысуда.

Алайда әйелдер жолында әлі де кедергілер кездесуде. Әйелдер құқықтарын насихаттау және пандемияға дайындық пен әрекет етудегі әйел көшбасшыларының әлеуетін толық пайдалану, барлық салалардағы және барлық кезеңдердегі саясат пен бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыру кезінде әйелдер мен қыздардың алуан түрлі көзқарастары ескерілуі тиіс.

Біз Қазақстандағы әйелдердің күрделі бағыттарда сындарлы әлеуметтік өзгерістерді қолдайтын тамаша мысалдарын көрдік. Ғылым, бизнес, білім, өнер және басқа да көптеген маңызды салаларда қаншама әйелдер мен қыздардың көшбасшылық ететініне куә болдық. Қазақстанның өз тәжірибесі бар, сондықтан қазақстандық қоғамның және білімнің барша қабілеті жұмылдырылса, гендерлік теңдікке қатысты жоспар одан да табысты жүзеге асуы мүмкін.

Саяси, әлеуметтік және экономикалық өмірдің барлық салаларында әйелдердің тең қатысуын қамтамасыз ететін саясатты нығайту маңызды болғанымен, гендерлік мәселелерге қатысты әлеуметтік нормалар әлі де әйелдер әлеуетінің толыққанды жүзеге асуына кедергі болып отырғанын мойындау маңызды. Әйелдер мен ерлер арасындағы үй шаруасын, оның ішінде бала күтімі және қарттарға күтім жасау сияқты жұмыстарды тең дәрежеде бөлу әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерін пайдалана алатын әділетті қоғам құруға үлкен жол ашуы мүмкін.

Әйелдер көшбасшылығы мен тең құқылы қатысуын дамыту үшін әлемге жаңа серпін қажет. Осыны жүзеге асыру баршамызға пайдалы болатыны анық. Біз осы маңызды кезең өзегіндегі жас әйелдер мен еркектерді, қыздар мен ұлдарды әділетті әлемде өмір сүруге шақырамыз. БҰҰ-ның Қазақстандағы жүйесі ешкімді артта қалдырмау ұранымен аталған бағытта Қазақстанға барынша қолдау көрсетуге дайын.