Еуропалық Одақ (ЕО) пен Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) ауған әйелдеріне арналған білім гранттарын алуға өтінім қабылдау басталғаны туралы жариялады. Стипендия Ауғанстан әйелдеріне Қазақстанда, Өзбекстанда және Қырғызстанда жоғары әрі қосымша кәсіби білім алуға мүмкіндік береді.

Бағдарлама ауған әйелдерінің экономикалық құқықтары мен  мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған, ол әйелдердің кейіннен жұмысқа орналасуы әрі елдің әлеуметтік және экономикалық өміріне белсенді қатысуы үшін кәсіби дағдылары мен білімін арттыруға жәрдемдеседі. Игі бастаманы Еуропалық Одақ қаржыландырады

Өтінішті ауғандық азаматтығы мен орта білімі туралы аттестаты бар қыздар мен әйелдер бере алады. Стипендия Орталық Азияның алдыңғы қатарлы университеттерінде түрлі бағыттар бойынша бакалавриат, магистратура және қосымша кәсіби оқу (TVET) сияқты бірқатар бағдарламаларды ұсынады.

Кандидаттарды іріктеу: өтінім беру және қабылдау комиссиясымен әңгімелесу сияқты бірнеше кезеңнен өтетін болады. Гранттар конкурстың барлық кезеңінен сүрінбей өткен кандидаттарға беріледі. Білім алуға қызығушылық білдірген кандидаттар өтінімді 11 тамыз 2021ж. дейін бере алады. Аfghanwomenscholarship.com сайтында грант бағдарламалары туралы егжей-тегжейлі ақпарат, құжаттар тізбесі, өтініші нысаны, сондай-ақ, бағдарламаның қазіргі кездегі қатысушылары болып табылатын қыздардың пікірлері қамтылған.

«Бүгінгі күні ауған әйелдерінің игілігі жолында іске асырылып жатқан ауған әйелдеріне академиялық стипендия беру идеясының біртіндеп өңіраралық, еларалық ірі бастамаға айналғанының куәсі болу – біз үшін үлкен мәртебе. Экономикалық өсу мен тұрақты дамуда әйелдер маңызды рөл атқарады, яғни елдің алға басуы үшін олардың экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтудің мәні зор», - деді Қазақстандағы ЕО Өкілдігінің Елшісі Свен-Олов Карлссон.

Стипендиялық бағдарлама 2019 жылы пилоттық жоба ретінде басталған болатын және оны сол уақыттан бері БҰҰДБ іске асырып келеді. «Әйелдерді оқытуға арналған бағдарламалар бейбітшілікті нығайтуға салмақты үлес қосуда, ұзақ мерзімді болашақта әлемді одан әрі гүлдендіруге және дамытуға жәрдемдеседі. БҰҰДБ өзі  миссиясының шеңберінде  мұндай бастамаларға ерекше назар аударады. Жоба білім және тәжірибе алмасуда халықаралық көпір іспетті, мәдени алмасуға да ықпалы мол, өйткені оған Орталық Азияның бірнеше елі тартылып отыр », - деді Қазақстандағы БҰҰДБ Тұрақты өкілі Якуп Бериш.

Мужған Хуссайни 2019 жылғы қазан айында Қазақстанға алғашқы болып келген студенттердің бірі болды. Оның жасы 27-де, ол Ауғанстандағы Бамиан провинциясынан шыққан. Қазіргі кезде ол Қазақстанда, Алматыдағы Satbayev University оқу орнында тау-кен мамандығына оқуда. 2021 жылдың жазында Мужған магистр дипломын алатын болады. Ол өз мамандығы бойынша факультетке түскенге дейін академиялық ағылшын тілін интенсивті игеру курсынан өтті.

 Я также хочу поблагодарить казахстанский народ за гостеприимство и теплый прием. Это было прекрасное время для меня», - делится своими впечатлениями Мужган.

«Осы екі жылда Қазақстан менің үйіме айналды. Мен мұнда көп білім алдым, кәсіби маман ретінде қалыптастым. Өзімнің таңдаған мамандығым бойынша жоғары білім алуыма осындай баға жетпес мүмкіндік бергені үшін Еуропалық Одақ пен БҰҰ Даму бағдарламасына алғыс айтқым келеді. Сондай-ақ, қонақжай ықыласы мен жылы қабылдағаны үшін қазақ халқына алғысым шексіз. Мен үшін бұл керемет кезең болды », - деді өз әсерімен бөліскен Мужған.

Icon of SDG 04 Icon of SDG 05 Icon of SDG 08

UNDP Әлемде

R

Re

А

Азербайджан Албания Алжир Ангола Аргентина Армения Ауғанстан

Б

Бангладеш Барбадос Бахрейн Белиз Белорусь Бенин Боливия Босния және Герцеговина Ботсвана Бразилия Буркина-Фасо Бурунди Бутан Біріккен Араб Әмірліктері

В

Венесуэла Вьетнам

Г

Габон Гаити Гамбия Гана Гаяна Гватемала Гвинея Гвинея-Бисау Гондурас Грузия

Д

Джибути Доминкан Республикасы

З

Замбия Зимбабве

И

Индонезия Иордания Иран

Й

Йемен

К

Кабо-Верде Камбоджа Камерун Кения Кипр Колумбия Комор аралдары Конго Демократиялық Республикасы Конго Республикасы Косово Коста-Рика Кот-д'Ивуар Куба Кувейт

Л

ЛаосХДР Лесото Либерия Ливан Ливия

М

Маврикий және Сейшел аралдары Мавритания Мадагаскар Малави Малайзия Мали Мальдивы Марокко Мексика Мозамбик Молдова Моңғолия Мысыр Мьянма

Н

Намибия Непал Нигер Нигерия Никарагуа

О

Орталық Африка Республикасы Оңтүстік Африка Оңтүстік Судан

П

Пакистан Палестина Халқына көмек бағдарламасы Панама Папуа-Жаңа Гвинея Парагвай Перу

Р

Ресей Федерациясы Руанда

С

Сальвадор Самоа (бiрнешеелдіктердi кеңсе) Сан-Томе и Принципия Сауд Арабиясы Сенегал Сербия Сирия Солтүстік Македония Сомали Судан Суринам Сьерра-Леоне

Т

Таджикистан Тайланд Танзания Токио Тринидад және Тобаго Тунис Тынық мұхит Түркия Түркменстан

У

Уганда Украина Уругвай

Ф

Филиппины

Х

Халықтық Демократиялық Республикасы Корея Хорватия

Ч

Чад Черногория Чили

Ш

Шри-Ланка Шығыс Тимор

Э

Эвсатати Эквадор Экваторлық Гвинея Эритрея Эфиопия

Я

Ямайка

Қ

Қазақстан Қырғызстан Қытай

Ү

Үндістан

Ө

Өзбекстан