Сарапшылар тұрақты даму мақсаттары туралы баяндап берді

2021 ж. 12 January

Халықтың тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) туралы хабардарлығын арттыру мақсатында біз әрбір ТДМ туралы бейнероликтер әзірледік. Онда әр түрлі саланың мамандары әлемдік және елдік мәселелерді тиісті статистиканы, фактілерді және мәліметтерді қосып, қол жетімді тілде баяндайды. Сонымен қатар елдің алдында тұрған проблемаларды шешудің нақты жолдары ұсынылады.

Сарапшылардың пікірлері көпшілікке пайдалы болып, азаматтардың 2030 жылға дейін тұрақты даму саласындағы күн тәртібіне қол жеткізуге қатысуын арттырады деп сенеміз.