Экологиялық заңнаманы жетілдіруге қосқан БҰҰДБ-ның үлесі туралы ақпараттық мақала

2021 ж. 27 January

2015 жылдан бастап Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) БИОФИН жаһандық бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетімен, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетімен бірлесіп, табиғи ресурстарды басқаруда экожүйелік тәсілді және табиғатты пайдаланудың экономикалық тетіктерін енгізу саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша белсенді жұмыс жүргізді.

БҰҰДБ ұсыныстары 2017 жылғы ҚР Орман кодексінің, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» ҚР Заңында, одан кейін 2021 жылы 2 қаңтарда Қазақстан Президенті Қасым - Жомарт Тоқаев қол қойған ҚР жаңа Экологиялық кодексінде көрініс тапты. Бұл құжаттарға табиғи игіліктерді әділ бөлу және оларға қол жеткізу қағидаты бойынша биологиялық алуантүрлілікті сақтауға және орнықты пайдалануға бағытталған құқықтық нормалар енгізілген. Осы нормалардың ішіне биоалуантүрліліктің жоғалуының өтемақылары, экожүйелік қызметтер үшін ерікті төлемдер, тұрақты экологиялық туризмнің принциптері және орман секторын қоса алғанда, парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу әдістемесін әзірлеу және бекіту бойынша уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің құзыреті (бұдан әрі – Министрлік) кіреді.

Биоәртүрліліктің жоғалуының өтемақылары

Биоәртүрліліктің жоғалуының өтемақылары - бұл инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру нәтижесінде алдын алуға, азайтуға немесе жеңілдетуге болмайтын биоалуантүрлілікке келтірілген қалдық зиянның орнын толтыру мақсатында орындалатын іс-шаралардың өлшенетін нәтижелері ретінде танылады. Осыған байланысты,  биологиялық алуантүрлілік пен табиғи экожүйелерге теріс әсерді жоспарлауға және алдын алуға мүмкіндік беретін төрт сатылы дәйекті шаралар өтемақы механизмі болып табылады.

Қазақстан Республикасының жаңа Экологиялық кодексіне сәйкес стратегиялық экологиялық бағалауды және қоршаған ортаға әсерді бағалауды жүргізу кезінде

1.      Зерттеулер жүргізу арқылы жобалардың биоалуантүрлілікке теріс әсерін анықталуы керек.

2.      Биоалуантүрлілікке теріс әсерлердің алдын алу, оларды азайту, осындай әсерлердің салдарын жеңілдету шаралары көзделуі қажет.

3.      Биоалуантүрлілікті жоғалту қаупі анықталған жағдайда биоалуантүрлілікті жоғалтуды бағалауды жүргізу қажет және оларды өтеу бойынша іс-шаралар көзделген, сонымен қатар, биоәртүрліліктің жоғалуын өтеу жөніндегі іс-шаралар міндетті түрде орындалуы тиіс.Осылайша, өтемақы механизмін тәжірибе жүзінде пайдалану инфрақұрылымдық жобаларды іске асыратын компаниялардың экологиялық жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Экожүйелік қызметтер

Қазіргі уақытта әлемде экожүйелік қызметтерді бағалауды, жеткізушілер мен тұтынушыларды анықтауды қоса алғанда, олармен тығыз байланысты мәселелер тізбесін белсенді әзірлеу жүргізілуде. Экожүйелік қызметтер - бұл адамдардың экожүйелерден тікелей пайдалану кезінде де, экожүйелердің болуы кезінде де алатын пайдасы (мысалы, ормандар арқылы қамтамасыз етілген таза ауа). 100 негізгі ауылшаруашылық дақылдары үшін жабайы тозаңдандырғыш жәндіктердің экожүйелік қызметтерінің жалпы құны жылына 153 миллиард еуроға бағаланады, бұл бүкіл әлемдік ауылшаруашылық өндірісінің 9,4% құрайды. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің жаңа редакциясына қаржыландырылуы мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге асырылатын ғылыми экологиялық зерттеулер бағыттарының бірі ретінде экожүйелік қызметтер мен биоалуантүрлілікті экономикалық бағалау саласындағы зерттеулер бойынша нормалар енгізілген. Бұдан бұрын БҰҰДБ Қарқаралы ұлттық паркінің (2012) және "Іле-Балқаш" табиғи резерватының (2016) экожүйелік қызметтерінің құндылығын анықтау мақсатында осындай зерттеулер жүргізген болатын. Экожүйелік қызметтердің құндылығын бағалау нәтижелері олардың сапасын көптеген жылдарға алдын ала болжауға және болашақта экожүйелерді қалпына келтіру бойынша болжанатын мемлекеттік шығындарды ескере отырып, оңтайлы шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, экожүйелік қызметтердің сапасы экожүйелерді пайдаланатын және нәтижесінде экожүйелердің, мысалы, көлдердің, өзендердің, ормандардың болуынан экономикалық пайда алатын барлық адамдарға байланысты. Қазақстан Республикасының жаңа Экологиялық кодексінде бекітілген экожүйелік қызметтер үшін төлемдер механизмі ерікті сипатқа ие. Бұл экожүйелік қызметтерді жеткізушілер мен тұтынушыларды анықтауға, экожүйелік қызметтер нарығын құруға және биоалуантүрлілік пен экожүйелерді қорғау шараларын қаржыландыруды едәуір кеңейтуге мүмкіндік береді.

Экологиялық туризм

Көптеген жылдар бойы БҰҰДБ жобалары шеңберінде Қазақстанға экологиялық туризмді дамытуға қолдау көрсетіліп келеді. Бұл - өңірлерде көптеген жұмыс орындарын ашқан пилоттық жобалар, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда туризмді дамытуды реттеуге мүмкіндік беретін  әдіснамалық база, туристерді тарту үшін инфрақұрылым құруға мүмкіндік беретін жасыл технологиялар және тағы басқалар.

Соңғы екі жылда БҰҰДБ ұлттық деңгейде экологиялық туризмді дамытуға арналған ынталандырмаларды жасау жұмыстарын жүргізуде. Осы мақсаттар үшін Қазақстан Республикасының жаңа Экологиялық кодексі шеңберінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен сауықтыру мақсатындағы жерлерін пайдалану кезіндегі экологиялық талаптарға негізделген, орындалуға міндетті экотуризмнің қағидаттары бекітілді.

Бұл принциптерге келесі мыналар кіреді: (1) туристер санының рекреациялық жүктемелерге сәйкес келуі, (2) қоршаған ортаға зиян келтіруге жол бермеу, (3) туристерді тасымалдау үшін экологиялық таза көлік түрлерін таңдау, (4) қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, (5) туристерді қауіпсіздік техникасы және табиғаттағы тәртіп ережелері туралы ақпараттандыру, (6) турларды ұйымдастыруға және өткізуге, және экономикалық пайда табуға жергілікті халықты тарту.

Парниктік газдарды сіңіру бойынша орман секторының әлеуеті

2016 жылдан бастап БҰҰДБ парниктік газдарды сіңірудегі ормандардың әлеуеті мәселелеріне ерекше назар аударуды. Мамандардың Қазақстан ормандарының СО2 сіңіру әлеуетін бағалау жұмысы республиканың халықаралық климаттық міндеттемелерді орындауында ормандардың рөлінің өзектілігін көрсетті. Сонымен қатар, Bitfury жеке халықаралық бизнес-компаниясының қатысуымен есепке алынбаған ормандармен СО2 шығарындыларын өтеу бойынша пилоттық жоба жүргізіле басталды.

Дегенмен, ағымдағы құқықтық нормалар мен әдіснамалық база орман көміртегі жобаларын жүзеге асыру үшін жеткіліксіз болып отыр. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі БҰҰДБ-ның парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін (ормандармен қоса) есептеу әдістемесін қабылдау жөніндегі ұсынысын қолдап, ҚР жаңа Экологиялық кодексінде Министрліктің құзыретіне аталған құжатты әзірлеу және бекіту міндеті бекітілді. 2020 жылы БҰҰДБ бұл әдістемені орман секторы үшін әзірлеп,  министрлік оны мақұлдады.

Табиғатты қорғауға жауапкершілікті күшейту және биоалуантүрлілікті сақтау мен орнықты пайдаланудың жаңа механизмдерін жасау үшін Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексін өзгерту – бұл табиғи капиталдың сарқылуын және оны пайдалануға ұқыпты қарау қажеттілігін айқын түсініп, оны растау.