Қазақстандағы алғашқы Тадамон Краудфандинг Академиямыз даңғаза табысқа жетті

2021 ж. 8 August

Жаһандық краудфандингтің танымалдылығының өсіуінің себептерінің бірі - әлемнің Covid-19-дан кейінгі жаңа заманға бейімделуі. Бұл қуатты құрал ауыр және көп уақытты қажет ететін әртүрлі қаржы институттарының қатысуынсыз икемді, жылдам және сенімді қаржыландыруды қамтамасыз етеді. Тарихи тұрғыдан алғанда, әлеуметтік жобалар краудфандинг арқылы демеушілер табуда өте табысты болды. Алайда, бұл үшін краудфандинг принциптері туралы түбегейлі түсінік қажет. Дәл осы жерде Краудфандинг Академиялары азаматтық қоғам ұйымдары (АҚҰ) үшін шешуші рөл атқарады, оларға қаржылау науқанын сәтті өткізуге керек дағдыларды дамыту үшін қажетті білім мен дайындықты береді.

Тадамон Краудфандинг Академиясына Қазақстандағы азаматтық қоғам ұйымдарынан 70-тен астам өтініш келіп түсті

Соңғы бірнеше онжылдықтар ішінде Қазақстандағы АҚҰ қаржылық жағынан мемлекеттік қаржыландыруға, сондай-ақ жеке компаниялардың қолдауына тәуелді бола бастады. Бірақ Covid-19 жағдайды түбегейлі өзгертті, қазіргі уақытта мемлекеттік бюджет пен жеке сектордың қаражаты пандемиядан кейінгі түзетулер мен басқа қажеттіліктерге бағытталуда. Нәтижесінде, АҚҰ-да оларға бейімделу керектігін түсінді және пайда болған қызығушылық толқыны - бұл өзгеруге деген үміт тұқымы.

Tadamon платформасына жүзден астам азаматтық қоғам ұйымдары тіркеліп, 70-тен астам өтініш тапсырылды - бұл жергілікті азаматтық қоғам қауымдастығының Қазақстандағы алғашқы Tadamon Краудфандинг Академиясының бөлігі болуға деген қызығушылығын көрсетті. ИДБ, ИЫДҚ және БҰҰДБ агенттіктері жергілікті экожүйе өкілдерімен серіктестікте жобаны онлайн форматта іске асырды.

Қатаң іріктеу үдерісінен кейін ИДБ, БҰҰДБ және Start-time.kz жергілікті краудфандинг платформасының сарапшыларынан құралған Бағалау комитеті жалпы ұмтылыс деңгейі мен идеялараның мықтылығына сүйене отырып, академияға қабылданған 29 АҚҰ-ын анықтады.

Бұл академия ғана емес, бұл отбасы болды

Қазақстанда краудфандингтің әлеуеті зор. Біз Tadamon Краундфаинг Академиясының түлектерінің үлкен табандылығы мен қоғамды өзгертуге бағытталған нық қадамдарына куә болдық. Сондықтан, олардың табысқа жететіне сенімдіміз. Академия аяқталмай тұрып, кейбір түлектеріміз өз науқандарын бастап кетті, және қиындықтарға қарамастан, іске қосылғаннан бір айдан кейін керемет нәтижелерді көре аламыз:

●     Табысты науқандар өмірді өзгерте алады: «Береке» АҚҰ-ы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға тұрғын үй беру арқылы қолдау көрсетеді. Бір айдың ішінде олар мекемелерінің біреуінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған спорттық ойын алаңын салу мен жабдықтауға қажетті қаражаттың толық көлемін жинады.

●     Таныстыру күші: Питчинг пен қаражат жинау бойынша оқу процесі кезінде «Бақытты шаңырақ» АҚҰ да жеке компаниямен науқан алдындағы кезеңінде серіктестік орнатып, жобаға қажетті соманы толық жинады.

●        Өз өмір жолыңмен бөлісу есіктерді ашады: Байланыс бойынша тренингтен кейін «Жақсылық көздері» АҚҰ-ы әлеуметтік желілердегі танымалдылығы мен белсенділігін арттыру, өз жобаларын ілгерілету және мақсатты аудиториямен көбірек қарым-қатынас жасау бойынша жұмыс бастады. Нәтижесінде, жобалары республикалық БАҚ-ның көзіне түсіп, мемлекеттік экологиялық байқауға қатысуға таңдалды. Енді АҚҰ қоғамдық эко-телешоулардың арасында жайғасты.

●        Шұғыл шараларға арналған краудфандинг: «‘Тараз’ қалалық мүгедектер қоғамы» АҚҰ жылқылардың қатысуы бар емдеу процедураларымен және әдістерімен қамтамасыз етеді, яғни иппотерапиямен. Иппотерапия - бұл физикалық, кәсіптік және логопедиялық терапия, ол жылқының табиғи жүрісін және қозғалысын мотор мен сенсорлық кірісті қамтамасыз ету үшін қолданады. Сал ауруына шалдыққан адамдар үшін иппотерапия физикалық сауықтыру бағдарламаларын толықтырады. АҚҰ жақында емдік шараларға қосымша жылқы сатып алуға бағытталған науқанды бастады: https://start-time.kz/project/details/2190/description

Жоғарыдағының барлығы Tadamon Краудфандинг Академиясының қатысушыларының ерен еңбегі, оқуға деген құштарлығы және табысқа деген ұмтылысың арқасында мүмкін болды. Біз Академия түлектерінің ынтымақтастық арқылы алған білімдерін, байланыстары мен тәжірибелерін пайдаланудың жаңа әдістерін қалай табатынын қызығушылықпен күтеміз. Жақын арада көп жақсы жаңалықтар еститіндігімізге сенімдіміз!

Tadamon веб-сайтын және әлеуметтік медиа арналарын қадағалап, Қазақстанның белсенді азаматтық қоғамының алдағы науқандарына тікелей үлес қосыңыз немесе әлеуметтік медиа желілерінде және достарыңыз арасында науқанмен бөлісіңіз.