Тадамон краудфандинг академиясы краудфандинг дағдыларын үйрету үшін 30 қазақстандық ҮЕҰ-ды таңдады

2021 ж. 22 April

Тадамон краудфандинг академиясы әлеуметтік-экономикалық теңсіздікті төмендету үшін ҮЕҰ-ның мүмкіндіктерін нығайту мақсатына бағытталған Ислам Даму Банкі (IsDB) мен Ислам Ынтымақтастық Даму Қоры (ISFD) бағдарламасының бөлігі болып табылады. Ол Ислам Даму Қорымен қаржыландырылып, Ислам Даму Банкімен басқарылады және БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) және басқа стратегиялық серіктестердің көмегімен жүзеге асырылады. Бағдарламаның миссиясы - азаматтық қоғам ұйымдарының (ҮЕҰ, даму стартаптары, әлеуметтік кәсіпкерлер) қаржыландырудың баламалы көздеріне қол жеткізулеріне және оларды әлеуетті серіктестермен, донорлармен және пікірлестермен байланыстыруға көмектесу.

2021 жылдың 10 сәуірі мен 8 мамыры аралығында Академия алғаш рет қазақстандық ұйымдар үшін краудфандинг құралдары бойынша тренинг өткізеді. Тренинг барысында краудфандинг, копирайтинг, дизайн және коммуникация саласындағы ұлттық және халықаралық сарапшылар ұйымдарға қаржыландыруға қол жеткізу, жобаларының танымалдылығын арттыру және донорлар, серіктестер және бенефициарлармен қарым-қатынас орнатуды үйретіп, көмектеседі.

«Тадамон академиясының бағдарламасы заманауи білімді ыңғайлы және қолдаушы атмосферасында алуға мүмкіндік береді. Біз осы білімге қол жеткізуге мүмкіндік алған алғашқы ҮЕҰ-дың қатарында болғанымызға ризамыз», - дейді Сабира Күлчимбаева, бағдарламаға қатысушылардың бірі, «Сәтті Еркемай» жеке қорының директоры.

Әр түрлі салаларда, соның ішінде экологиялық мәселелер, кедейлікті жою, гендерлік теңдік, адам құқықтары және басқа да көптеген бағыттарда жұмыс істейтін 74 қазақстандық ҮЕҰ оқуға өтініш білдірді. Олардың ішінен келесі бағыттар бойынша ұсынылған 30 жоба таңдалды:

«Біз жобалық ұсыныстар ашық байқауына өте көп өтініш білдірушілерден жауап алып, бүкіл Қазақстаннан келген үлкенді-кішілі жобалар ұсынған идеялардың кең диапазонына таң қалдық. Олардың көпшілігіне Тадамон краудфандинг академиясының оқу бағдарламасына қатысуға мүмкіндік берілді. Краудфандинг сарапшыларымен серіктестікте жұмыс істей отырып, ұйымдар краудфандинг механизмдерін тереңірек түсінеді және осы білімді өздерінің краудфандингтік кампанияларын бастау үшін қолдана алады», - деді БҰҰ Даму Бағдарламасы, әлеуметтік-экономикалық теңсіздік ауқымын төмендету үшін ҮЕҰ-дың әлеуетін арттыру IsDB-ISFD бағдарламасының үйлестірушісі Роберт Пасико.

Қазақстандық краудфандингтік starttime.kz платформасының негізін қалаушы және бас директоры, сондай-ақ, жоба спикері Азиза Өтегенованың айтуынша, «Тадамон - бұл ежелгі қазақтың Асар атты дәстүрін еске түсіруге және оны әлеуметтік жобалар мүддесінде пайдаланып, азаматтық қоғамның дамуына мүмкіндік беретін бірегей бағдарлама», - деп атап өтті.

Оқу бағдарламасын сәтті аяқтағаннан кейін барлық қатысушылар краудфандингтік кампанияны жергілікті және халықаралық платформаларда бастай алады.