Нарықты қауіпті химиялық өнімдерден қалай қорғауға болады?

2021 ж. 8 April

Соңғы онжылдықтарда қоршаған ортада табиғат ресурстарын үнемсіз тұтынумен, өнеркәсіптік және тұрмыстық тауарларда қауіпті химиялық заттарды пайдалануға байланысты қайтарымсыз салдарлар орын ала бастады.

2017 жылғы 3 наурызда Еуразия экономикалық одағының (ЕАЭО) «Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті әзірленді. Оның мақсаты – адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны қорғау, сондай-ақ нарықтағы химиялық өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін арттыру. Техникалық регламентті әзірлеу ЕАЭО аумағында химиялық өнімдерге бірыңғай талаптарды белгілеу, елдер арасындағы техникалық кедергілерді жою және, ең бастысы, химиялық өнімдермен қауіпсіз жұмыс істеу қажеттілігінен туындаған.

Техникалық регламенттің күшіне енуі қажетті құжаттарды келісіп, бекіту шарты кезінде 2021 жылғы 2 маусымда жоспарлануда. Осы мерзімге дейін әрбір елде химиялық заттар мен қоспалардың ұлттық тізілімдерін құруды аяқтау қажет.

Тізілімді қалыптастырудың бірінші кезеңі түгендеу – химиялық өнімдердің құрамында бар химиялық заттар туралы мәліметтерді өндірушілер мен импорттаушылардан жинау болып табылады. Түгендеу еркін процесс болып табылады, ол осы кезеңде жеткілікті түрде қарапайым жүзеге асырылады: біріншіден, түгендеу кезеңінде барынша аз ақпарат сұралады; екіншіден, мәліметтерді беру көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуді талап етпейді; үшіншіден, Қазақстан Республикасының немесе ЕАЭО аумағында химиялық заттар айналымының фактісін растайтын қосымша құжаттар талап етілмейді. Ең басты дәлел құжаттардың көп санын және биоаккумуляциялану, канцерогендік, мутагендік және уыттылық сияқты әртүрлі қасиеттерін айқындау бойынша біртұтас зерттеулер кешенінің нәтижелерін талап ететін күрделі нотификациялау рәсімінен өту қажеттілігінің болмауы болып табылады.

Осылайша, Техникалық регламенттің күшіне ену сәтіне химиялық өнімдерді жеткізу легінің бұзылуына жол бермеу үшін өндірушілер мен импорттаушылар өнімдер туралы деректерді Тізілімге алдын-ала қосулары тиіс.

Химиялық өнімдердің кейбір түрлері үшін Техникалық регламенттің ережелері қолданылмайтынын атап өткен жөн. Оларға ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған химиялық өнімдер, дәрілік заттар, парфюмерия-косметика өнімдері, тамақ өнімдері мен басқа да тауарлар жатқызылады.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Химиялық және фармацевтикалық өнеркәсіп басқармасының бас сарапшысы Дүйсенбаев Қанағаттың айтуы бойынша Қазақстанда бүгінгі күні химиялық өнімдердің айналымымен байланысты 2000 кәсіпорынның ішінен тек 43-і тізілімге енгізу үшін химиялық өнімдер бойынша ақпарат ұсынған. Бұдан басқа, түгендеу бойынша жұмыстар барысында әртүрлі қиындықтар туындады, олардың негізгісі кәспорындардың әртүрлі дайындық деңгейлері, химиялық заттардың ауқымды спектрі, құпиялы заттарға қатысты мәліметтерді тексеру қиындықтары болып табылады.

Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы серіктестерінің химиялық қауіпсіздік мәселелері бойынгша әлеуетін арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізеді. Осылайша,
2021 жылғы наурыз бен сәуірде мемлекеттік органдардың, қауымдастықтардың, ҮЕҰ, өнеркәсіптік кәсіпорындардың, химиялық өнімдерді импорттаушылар мен жеткізушілердің, сондай-ақ академиялық жұртшылықтың өкілдері үшін Техникалық регламенттің және нормативтік құқықтық актілердің орнықты органикалық ластағыштармен жұмыс істеу бөлігіндегі негізгі ережелері мен мерзімдері және Химиялық заттарды басқару жөніндегі Ұлттық бейін бойынша онлайн семинарлары өткізілді.

Химиялық заттарды реттеу Орнықты даму саласындағы мақсаттарды (ОДМ) іске асырудың шешуші аспектілерінің бірі болып табылады. БҰҰДБ, БҰҰ даму бойынша көшбасшы агенттігі бола отырып, осы бағыттағы, соның ішінде ОДМ қол жеткізуде Қазақстан Үкіметіне қолдау көрсету үшін белсенді жұмыс жүргізуде.