Қазақстанда ТДМ бюджетін құру бойынша алғашқы практикалық тренинг өтті

2021 ж. 28 April

22-23 сәуірде Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп, мемлекеттік лауазымды тұлғалар үшін Ұлттық бюджет пен Тұрақты Даму Мақсаттарымен (ТДМ) стратегиялық жоспарлардың сәйкестігін бағалау және 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған ТДМ күн тәртібі бойынша 2 күндік практикалық онлайн-тренинг ұйымдастырды. Тренинг БҰҰДБ Стамбулдағы Өңірлік хабтың сарапшыларының қолдауымен өтті.

Тренингтің негізгі мақсаты - ТДМ салыстыру бойынша алдын ала дайындалған жаттығулар негізінде ТДМ міндеттеріне сәйкес Қазақстанның Бірыңғай бюджеттік жіктемелерін құрудың әлеуетті тәсілін ұсыну. Әйелдер мен балаларға, сондай-ақ зейнеткерлер, мүгедектер және кедей үй шаруашылықтары сияқты басым осал топтарға арналған ТДМ міндеттеріне ерекше назар аударылды.

Тренингке Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттіктің, Қаржы министрлігінің, Білім және ғылым министрлігінің, Денсаулық сақтау министрлігінің және басқа да негізгі министрліктердің бюджеттік және стратегиялық жоспарлау жөніндегі мамандары қатысты.

Тренинг барысында БҰҰДБ Стамбулдағы Өңірлік хабтың сарапшылары Сурен Погосян мен Елена Данилова-Кросс ТДМ бюджетті жоспарлау мен құрастырудың халықаралық тәжірибесімен бөлісіп, бюджеттік кодтаудың жіктелуін ТДМ мақсаттарымен салыстыру бойынша мамандарға арналған техникалық тренинг өткізді.

Іс-шара салалық министрліктердің өкілдері үшін ТДМ бюджетін құрудың жаңа тәсілдерін зерделеу және стратегиялық және бюджеттік процестерді ТДМ-мен елдік деңгейде одан әрі келісу тұрғысынан өте пайдалы өтті.

Тренинг БҰҰ-ның Бірлескен Бағдарламасы аясында "Қазақстанда ұлттық кешенді қаржыландыру құрылымын құру мақсатында саясат шаралары мен қаржыландыру жүйесін ТДМ-ға сәйкес келістіру" тақырыбында ұйымдастырылды".