Қазақстан 2020 жылғы 24-29 қыркүйекте өтетін елдің тыныс-тіршілігін қамтамасыз етудің негізгі аудандары (ELSA) бейнелегенген «Өмір үшін табиғат» (Nature for Life Hub) төрт күндік хабының шеңберінде өздерінің «Үміт карталары» нәтижелерін ұсынды. Виртуалды кеңістік аясында жаһандық жергілікті көшбасшылар орнықты даму үшін табиғаттың маңыздылығы туралы әңгімелерімен бөлісетін болады.

«Нақты уақытта жаңартылған динамикалық деректерді пайдалану біздің әрекеттеріміздің әсерін бақылауға көмектеседі. Біздің үміт картамыз осындай проблемаларға тап болған Орталық Азияның басқа елдері мен әлемнің басқа елдері үшін шамшырақ бола алады», - деп мәлімдеді іс-шарада БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілі Якуп Бериш.

«Өмір үшін табиғат» хабы виртуалды аудиторияны пікір алмасуға қатысуға шақырады. Сондай-ақ, үкімет, бизнес, қаржы институттары, жастар және жергілікті қауымдастықтарды қоса алғанда, көптеген салаларды осы іс шараға ат салысуға тартады.

«Өмір үшін табиғат» хабы аясында әрқайсысы 60-тан 90 минутқа дейін созылатын он сегіз сессия өтеді. Іс-шаралар барысында саясатта, қауымдастықта табиғат саласына негізделген, іс жүзінде орын алған, оның ішінде пәрменді шешімдер қамтылды. Олар әлеуметтік желілердегі тікелей эфирде және ресми виртуалды платформа арқылы көрсетілетін жаңа мазмұнда ұсынылады, сонымен қатар Хаб аяқталғаннан кейін Интернетте қол жетімді болады.

«Тұрақты даму мақсаттары үшін салауатты экожүйелердің маңызы зор. Олар экономикалық өсімге жағдай жасайды, миллиардтаған адамның өмір-тіршілігін қамтамасыз етеді, азық-түлік пен су қауіпсіздігі үшін негіз береді және климатымызды тұрақтандырады. Биоәртүрлілік және экожүйелік қызметтер жөніндегі үкіметаралық ғылыми-саяси платформаның (БЭҚҮҒСП (IPBES), Климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық топтың (IPCC) және Дүниежүзілік экономикалық форумның (ДЭФ (WEF) соңғы есептері биоәртүрлілік жоғалса, оның экономикаға және біздің өмірімізге әсері ауыр болатынын көрсетеді, ал COVID-19 табиғаттың бұзылуы адамдардың денсаулығы, әл - ауқаты мен экономика үшін қаншалықты қауіпті екенін дәлелдей отырып, бұл тұжырымды растай түседi. Қазіргі уақытта біздің тарапымыздан табиғатқа баса назар аударудың маңыздылығы бұрынғыдан да артты», - деді БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі және БҰҰДБ Саясат және қолдау мәселелері жөніндегі бюросының директоры Хаолян Сюй.

 «Өмір үшін табиғат» хабын  ұйымдастырудағы серіктестер қатарына: БҰҰДБ (UNDP), ЮНЕП (UNEP) және ЮНЕП Дүниежүзілік қоршаған ортаны мониторингтеу орталығы (UNEP-WCMC), Африка Даму Банкі тобы (African Development Bank Grouр), БӘК Хатшылығы (CBD Secretariat), Birdlife, Табиғатқа арналған бизнес (Business for Nature), Campaign for Nature, «Климат жөніндегі кеңесшілер» (Climate Advisers), Нью-Йорктегі климат апталығы (Climate Week NYC), Conservation International, Рим клубы (Club of Rome), Климат және жерді пайдалану альянсы (CLUA), Ecohealth Альянсы (Ecohealth Alliance), Қоршаған ортаны қорғау қоры (Environmental Defense Fund), ФАО (FAO), «Табиғат үшін қаржы» сериясы (Finance for nature Series), Форд қоры (Ford Foundation), «Бәрінен бұрын білім» жаһандық бастамасы (GEFI), «Жергілікті билік органдары тұрақтылықты қолдайды» қауымдастығы (ICLEI), Маржан рифтері жөніндегі халықаралық бастама форумы (ICRI Forum), «Біз болмасақ, онда кім» ұйымы (Іf Not Us Than Who), Next Green, The Nature Conservancy, Ұлттық географиялық қоғам (National Geographic Society), «Климат үшін табиғат»  коалициясы (The Nature For Climate Coalition), OP2B, Этикалық қаржыландыру жөніндегі жаһандық бастама (The Global Ethical Finance Initiative), Біріккен Ұлттар Ұйымының қоры (United Nations Foundation), ЮНЕСКО (UNESCO), БҰҰ Жаһандық шарты (UN Global Compact), UN-REDD, Жабайы табиғатты қорғау қоғамы (Wildlife Conservation Society), Тұрақты даму жөніндегі дүниежүзілік кәсіпкерлер кеңесі (World Business Council for Sustainable Development), Дүниежүзілік экономикалық форум (World Economic Forum), Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (World Wildlife Fund), Youth4Nature және басқалары кіреді.

UNDP Әлемде

R

Re

А

Азербайджан Албания Алжир Ангола Аргентина Армения Ауғанстан

Б

Бангладеш Барбадос Бахрейн Белиз Белорусь Бенин Боливия Босния және Герцеговина Ботсвана Бразилия Буркина-Фасо Бурунди Бутан Біріккен Араб Әмірліктері

В

Венесуэла Вьетнам

Г

Габон Гаити Гамбия Гана Гаяна Гватемала Гвинея Гвинея-Бисау Гондурас Грузия

Д

Джибути Доминкан Республикасы

З

Замбия Зимбабве

И

Индонезия Иордания Иран

Й

Йемен

К

Кабо-Верде Камбоджа Камерун Кения Кипр Колумбия Комор аралдары Конго Демократиялық Республикасы Конго Республикасы Косово Коста-Рика Кот-д'Ивуар Куба Кувейт

Л

ЛаосХДР Лесото Либерия Ливан Ливия

М

Маврикий және Сейшел аралдары Мавритания Мадагаскар Малави Малайзия Мали Мальдивы Марокко Мексика Мозамбик Молдова Моңғолия Мысыр Мьянма

Н

Намибия Непал Нигер Нигерия Никарагуа

О

Орталық Африка Республикасы Оңтүстік Африка Оңтүстік Судан

П

Пакистан Палестина Халқына көмек бағдарламасы Панама Папуа-Жаңа Гвинея Парагвай Перу

Р

Ресей Федерациясы Руанда

С

Сальвадор Самоа (бiрнешеелдіктердi кеңсе) Сан-Томе и Принципия Сауд Арабиясы Сенегал Сербия Сирия Солтүстік Македония Сомали Судан Суринам Сьерра-Леоне

Т

Таджикистан Тайланд Танзания Токио Тринидад және Тобаго Тунис Тынық мұхит Түркия Түркменстан

У

Уганда Украина Уругвай

Ф

Филиппины

Х

Халықтық Демократиялық Республикасы Корея Хорватия

Ч

Чад Черногория Чили

Ш

Шри-Ланка Шығыс Тимор

Э

Эвсатати Эквадор Экваторлық Гвинея Эритрея Эфиопия

Я

Ямайка

Қ

Қазақстан Қырғызстан Қытай

Ү

Үндістан

Ө

Өзбекстан