Қазақстан «Табиғат өмір үшін» хаб іс-шарасында өзінің «Үміт карталарын» таныстырды

2020 ж. 29 September

Қазақстан 2020 жылғы 24-29 қыркүйекте өтетін елдің тыныс-тіршілігін қамтамасыз етудің негізгі аудандары (ELSA) бейнеленген «Табиғат өмір үшін» (Nature for Life Hub) төрт күндік хабының шеңберінде өзінің «Үміт карталары» нәтижелерін ұсынды. Виртуалды кеңістік аясында жаһандық жергілікті көшбасшылар орнықты даму үшін табиғаттың маңыздылығы туралы әңгімелерімен бөлісетін болады.

«Нақты уақытта жаңартылған динамикалық деректерді пайдалану біздің әрекеттеріміздің әсерін бақылауға көмектеседі. Біздің үміт картамыз осындай проблемаларға тап болған Орталық Азия мен әлемнің басқа елдері үшін бағыттаушы жол бола алады», - деп мәлімдеді іс-шарада БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілі Якуп Бериш.

«Табиғат өмір үшін» хабы виртуалды аудиторияны пікір алмасу сессияларына қатысуға шақырады. Сондай-ақ, үкімет, бизнес, қаржы институттары, жастар және жергілікті қауымдастықтарды қоса алғанда, көптеген салаларды осы іс-шараға ат салысуға тартады. Іс-шара әр күнінің өзекті хабарламаларын серіктестер коалициясы 2020 жылдан кейінгі кезеңдегі Биоалуантүрлілік конвенциясы аясындағы Тараптар конференциясы 15 (CBD COP 15) және климат бойынша Тараптар конференциясы 26 (Climate COP 26) Биоалуантүрлілікті сақтаудың жаһандық бағдарламасы келіссөздер процесінде пайдалану үшін таратады.

«Табиғат өмір үшін» хабы аясында әрқайсысы 60-тан 90 минутқа дейін созылатын он сегіз сессия өтеді. Іс-шаралар саясат, қауымдастықтарда, практикада, бірақ көбінесе әрекет барысындағы табиғат саласына негізделген шешімдер легін көрсетеді. Олар әлеуметтік желілерде және ресми виртуалды платформа арқылы тікелей эфирде көрсетілетін, сонымен қатар, іс-шара аяқталғаннан кейін интернетте, онлайн режимінде қол жетімді болатын жаңа контент ұсынады.

«Тұрақты даму мақсаттары үшін салауатты экожүйелердің маңызы зор. Олар экономикалық өсімге жағдай жасайды, миллиардтаған адамның өмір-тіршілігін қамтамасыз етеді, азық-түлік пен су қауіпсіздігі үшін негіз береді және климатымызды тұрақтандырады. Биоәртүрлілік және экожүйелік қызметтер жөніндегі үкіметаралық ғылыми-саяси платформаның (БЭҚҮҒСП (IPBES), Климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық топтың (КӨҮТ (IPCC) және Дүниежүзілік экономикалық форумның (ДЭФ (WEF) соңғы есептері биоәртүрлілік жоғалса, оның экономикаға және біздің өмірімізге әсері ауыр болатынын көрсетеді, ал COVID-19 табиғаттың бұзылуы адамдардың денсаулығы, әл - ауқаты мен экономика үшін қаншалықты қауіпті екенін дәлелдей отырып, бұл тұжырымды растай түседi. Қазіргі уақытта біздің тарапымыздан табиғатқа баса назар аударудың маңыздылығы бұрынғыдан да арта түсті», - деді БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі және БҰҰДБ Саясат және қолдау мәселелері жөніндегі бюросының директоры Хаолян Сюй.

 «Табиғат өмір үшін» хабын  ұйымдастырудағы серіктестер қатарына: БҰҰДБ (UNDP), ЮНЕП БҰҰ Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы (UNEP) және Дүниежүзілік қоршаған ортаны мониторингтеу орталығы (UNEP-WCMC), Африка Даму Банкі тобы (African Development Bank Group), БӘК Хатшылығы (CBD Secretariat), Birdlife,Табиғатқа арналған бизнес (Business for Nature), Campaign for Nature, «Климат жөніндегі кеңесшілер» (Climate Advisers), Нью-Йорктегі климат апталығы (Climate Week NYC), Conservation International, Рим клубы (Club of Rome), Климат және жерді пайдалану альянсы (CLUA), Ecohealth Альянсы (EcoHealth Alliance), Қоршаған ортаны қорғау қоры (Environmental Defense Fund), ФАО (FAO), «Табиғат үшін қаржы» сериясы (Finance for Nature Series), Форд қоры (Ford Foundation), «Бәрінен бұрын білім» жаһандық бастамасы» (GEFI), «Жергілікті билік органдары тұрақтылықты қолдайды» қауымдастығы (ICLEI), Маржан рифтері жөніндегі халықаралық бастама форумы (ICRI Forum), «Біз болмасақ, онда кім» ұйымы (If Not Us Than Who), Next GreenThe Nature Conservancy, Ұлттық географиялық қоғам (National Geographic Society), «Табиғат климат үшін»  коалициясы (the Nature for Climate Coalition), OP2B,Этикалық қаржыландыру жөніндегі жаһандық бастама (The Global Ethical Finance Initiative), Біріккен Ұлттар Ұйымының қоры (United Nations Foundation), ЮНЕСКО (UNESCO), БҰҰ Жаһандық шарты (UN Global Compact), UN-REDD, Жабайы табиғатты қорғау қоғамы (Wildlife Conservation Society),Тұрақты даму жөніндегі дүниежүзілік кәсіпкерлер кеңесі (World Business Council for Sustainable Development), Дүниежүзілік экономикалық форум ( (World Economic Forum), Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (World Wildlife Fund), Youth4Nature және басқалары кіреді.